Télécharger Imprimer la page

Lux Tools A-RM-2x20/43 A Notice Originale page 141

Publicité

Тренинг
• Пайдалану бойынша нұсқаулықты
мұқият оқып шығыңыз. Тік элементтер-
мен жəне машинаны дұрыс пайдалану
ережелерімен жете танысып шығыңыз;
• балалардың немесе пайдалану бой-
ынша нұсқаулықпен таныспаған тұлға-
лардың көгалшапқышпен жұмыс істе-
уіне ешқашан жол бермеңіз. Пайдала-
нушының минималды жасын жергілікті
ұйғарымдар анықтай алады;
• егер жақын жерде жануарлар немесе
адамдар, əсіресе балалар болса, ешқа-
шан шөп ормаңыз;
• оператор немесе пайдаланушы басқа
тұлғалармен орын алған жазатайым
оқиғалар немесе олардың жеке меншű-
гінің зақымдалуы үшін жауапты бола-
тынын есіңізден шығармаңыз.
Дайындық іс-шаралары
• Пайдалану кезінде əрдайым мықты аяқ
киім мен ұзын шалбар киіңіз. Жалаң аяқ
немесе жеңіл сандал киіп машинаны
пайдаланбаңыз. Кең киім немесе сал-
быраған бауы немесе белбеулері бар
киім кимеңіз.
• Машина пайдаланылатын төңіректі
тексеріңіз жəне машинаға кіріп кетіп,
онымен лақтырылуы мүмкін барлық
заттарды алып тастаңыз.
• Пайдаланар алдында пышақтарда,
бекіту болттарында жəне бүкіл кескіш
механизмде тозудың немесе зақымда-
лудың бар-жоқтығын көзбен шолып тек-
серу қажет. Үйлесімсіздіктің алдын алу
мақсатында, тозған немесе
зақымдалған пышақтар мен бекіту
болттарын тек жиынтықтарымен ғана
алмастыруға рұқсат етіледі. Тозған
немесе зақымдалған сілтеуіш тақта-
ларды алмастыру қажет.
Жұмыс істеу
• Тек күндізгі жарықпен немесе жақсы
жасанды жарық кезінде орыңыз.
• Құрылғыны су шөпте пайдаланудан
мүмкіндігінше сақтаныңыз.
• Еңістердің жағдайы жақсы болуын
əрдайым қадағалаңыз.
• Машинаны тек қадамдық жылдам-
дықпен ғана жүргізіңіз.
• Еңіс жерді көлденең орыңыз, ешқашан
еңісте жоғарыға немесе төменге қарай
ормаңыз.
• Əсіресе еңісте қозғалыстың бағытын
өзгерту кезінде аса абай болыңыз.
• Тым құлама еңістерде ору жұмыстарын
жүргізбеңіз.
• Көгалшапқышты бұрған кезде немесе
оны өзіңізге қарай тартқанда аса абай
болыңыз.
• Егер көгалшапқышты шөптен өзге бет-
термен тасымалдау үшін жəне көгал-
шапқышты ору аумағынан əрі-бері
жылжыту үшін оны еңкейту қажет
болса, оның пышағын (пышақтарын)
көтеріп ұстап жүріңіз.
• Көгалшапқышты ешқашан
зақымдалған қорғаныс құрылғыла-
рымен жəне қорғаныс торымен бірге
немесе қорғаныс құралдары орнатыл-
маған күйінде, мысалы қалқалаушысы
жəне/немесе шөп жинайтын құрылғысы
жоқ кезде пайдаланбаңыз.
• Стартердің ажыратқышын өндірушінің
нұсқауларына сəйкес абайлық таныта
отырып іске қосыңыз. Аяқтан пышаққа
(пышақтарға) дейінгі жеткілікті
қашықтықтың болуын қадағалаңыз.
• Ору барысында көгалшапқышты
көтеру қажеттілігі орын алатын жағдай-
ларды қоспағанда, қозғалтқышты іске
енгізгенде немесе қосқанда көгалша-
пқышты қисайтуға тыйым салынады.
Мұндай жағдайда оны қажет етілетін
бұрышқа ғана еңкейтіңіз жəне пайдала-
нушыға қарама-қарсы жағынан ғана
көтеріңіз.
• Шығару арнасының алдында тұрсаңыз
қозғалтқышты іске қоспаңыз.
• Айналмалы бөлшектеріне немесе
олардың астына қолыңыз бен аяғыңы-
зды жақындатпаңыз. Шығаберіс саңы-
лауынан əрдайым алыста тұрыңыз.
• Қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған көгал-
шапқышты ешқашан көтермеңіз жəне
тасымалдамаңыз.
• Қозғалтқышты өшіріп, электр тізбегін
үзгішті суырып алыңыз. Айналмалы
бөлшектерінің барлығы толық тоқтаға-
нына көз жеткізіңіз:
– көгалшапқышты қалдырып кететін
əрбір кезде;
– бұғаттауларды жіберер алдында
немесе шығару арнасындағы біте-
луді жояр алдында;
– тексерудің, тазалаудың немесе
көгалшапқышта жұмыс жүргізудің
алдында;
– көгалшапқышқа бөтен бұйымдар
түскен кезде.
KAZ
141

Publicité

loading

Ce manuel est également adapté pour:

196001