• Бұйралау қысқашын пайдалану әдісін түсіну қажет әсерлерді жылдам алуға мүмкіндік
беретін шағын бастапқы сақтық шараларды қажет етеді. Пайдалану уақыты құрылғыны
пайдалану тәжірибесіне және қажет шаш мәнеріне сай өзгеріп отырады.
• Шашыңыз құрғақ, таза екендігіне және шашқа арналған лактың, көбіктің немесе
гельдің іздері жоқ екендігіне көз жеткізіңіз.
• Шашыңызды тараңыз, шашыңыз жақсылап таралғандығына және түйіншектер жоқ
екендігіне көз жеткізіңіз.
• Шашты реттеуді желкеңізден бастаңыз, біртіндеп бүйір жаққа және кекілге ауысыңыз.
• Бұйралау қысқашын пайдалану, қыздыру және салқындату кезінде тегіс және
қыздыруға төзімді бетке қойыңыз.
• Шашты ретке келтіру кезінде абай болыңыз, термоқылшақты беттің, құлақтардың,
мойынның немесе бастың сезімтал бөліктеріне қатты жақындатпаңыз.
• Пайдаланудан кейін алып қоймай тұрып қыздыру қысқашының толығымен
салқындауына мүмкіндік беріңіз.
ШАШЫҢЫЗДЫ ДАЙЫНДАҢЫЗ
• Шашыңызды әдеттегідей жуыңыз және түйіншіктерді шешіп, тараңыз.
• Шашыңызды кептіріңіз және тамырынан ұшына дейін тараңыз.
• Шашты бөлімдерге бөліңіз және түзулеуді мойынның артқы бөлігінен бастаңыз.
ҚОЛДАНУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚТАР
• Қуат кабелін (1) желіге қосыңыз және қолдау жүйесін (6) пайдаланып құрылғыны тегіс
және қыздыруға төзімді бетке қойыңыз.
• Құрылғыны қосу үшін Қосу/өшіру түймесін (5) сырғытыңыз.
• Қажет температураны таңдау үшін тетікті (4) бұрыңыз; пайдалану ЖШД (5) қажет
температураға жеткенше жыпылықтай береді.
• Тым кең немесе көлемді емес шаш бұрымын саусақтар арасына алыңыз (шамамен 2
см); анығырақ бұйралар кішірек шаш бұрымдарымен алынады.
• Қысқыш тұтқасын басып, сұқ саусақты пайдаланып шаш бұрымын қысқыш және
(8) және бұйралау қысқашы арасында бұраңыз. Шаш бұрымы соңының қысқаштың
дөңгелегіне толығымен сыйғаны маңызды.
• Қысқышты (8) жабыңыз.
• Қысқышты жіберу арқылы қысқаштан алу алдында бұрымның қажетінше кебуін күтіңіз
(8).
• Пайдаланудан кейін Өшіру түймесін (5) бірнеше секунд бойы басу арқылы құрылғыны
өшіріңіз.
• Қуат кабелін (1) розеткадан суырыңыз.
АВТОМАТТЫ ӨШІРУ
Бұйралау қысқашы қосылғаннан 1 сағаттан кейін автоматты түрде өшеді.
• Құрылғыны желіден ажыратыңыз (1).
• Құрылғы салқын екенін тексеріңіз.
• Қыздырылған бөліктердің (2) сыртқы және ішкі беттерін, әрі құрылғының тұтқасын
жұмсақ және дымқыл шүберекті пайдаланып тазалаңыз.
• Қайта іске қосу алдында оны толығымен кептіріңіз.
МАҢЫЗДЫ! Құрылғыны қайта пайдалану алдында барлық тазаланған
бөліктер толығымен кепкенін тексеріңіз.
ЕСКЕРТУ: Құрылғыны пайдалануды аяқтағаннан кейін алып қоймай
тұрып толығымен салқындауын күтіңіз. Ешқашан қуатпен қамту сымын
(1) құрылғыға орамаңыз.
ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР
ПАЙДАЛАНУ
ТАЗАРТУ
ӨНІМДІ САҚТАУ ЖӘНЕ КҮТУ
53