Аккумуляторлық аспапты пайдалану және оған қарау
▶ Аккумуляторды тек өндіруші ұсынған зарядтағыш құрылғылардың көмегімен зарядтаңыз.
Зарядтағыш құрылғыны тиісті емес аккумулятор түрлерін зарядтау үшін қолданғанда өрт туындауы
мүмкін.
▶ Аспаппен жұмыс істеу үшін тек тиісті аккумуляторларды қолданыңыз. Басқа аккумуляторларды
пайдалану жарақаттарға әкелуі және өрт тудыруы мүмкін.
▶ Пайдаланылмайтын аккумуляторларды контакттардың тұйықталуының себебі болуы мүмкін
скрепкалардан, тиындардан, кілттерден, инелерден, винттерден және басқа металл
заттардан ары сақтаңыз. Аккумулятор контакттарының тұйықталуы күйіктерге немесе тұтануға
әкелуі мүмкін.
▶ Аккумулятормен тиісті емес түрде жұмыс істегенде одан электролит ағып шығуы мүмкін. Оған
тиюді болдырмаңыз. Аккумулятордан ағып шыққан электролит тері тітіркенуін немесе күйіктерді
тудыруы мүмкін. Кездейсоқ тигенде сумен шайыңыз. Электролит көзге тигенде дәрігер көмегіне
жүгініңіз.
Қызмет
▶ Электр құралды жөндеуді тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолданатын білікті
қызметкерлерге сеніп тапсырыңыз. Бұл электр құралды қауіпсіз күйде сақтауды қамтамасыз
етеді.
2.2
Қағып кіргізетін құрылғыларға арналған қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
▶ Электр құралда қапсырмалардың бар екендігіне әрдайым сенімді болыңыз. Қағып кіргізетін
құрылғыны ұқыпсыз басқару қапсырмалардың күтпеген шығып кетуіне және жарақаттануға апарып
соғуы мүмкін.
▶ Өзіңіз бен басқаларды электр құралдың айналасынан алшақ ұстаңыз. Күтпеген босатылу
қапсырманың шығып кетуіне, ал нәтижесінде жарақат тигізуіне апарып соғуы мүмкін.
▶ Электр құрал өңделетін материалға берік бекітілмегенше оны іске қоспаңыз. Электр құрал
өңделетін материалға тимеген жағдайда, қапсырма бекіту орнынан тайқып кетуі мүмкін.
▶ Қапсырма электр құралда қысылған кезде, электр құралды желіден не аккумулятордан
ажыратыңыз. Қағып кіргізетін құрылғы қосылған кезде, берік орнатылған қапсырма шығарылған
жағдайда, құрылғы қате іске қосылуы мүмкін.
▶ Берік орнатылған қапсырманы шығарған кезде мұқият болыңыз.
босатуға тырысқан кезде, жүйе кернеу астында болып, қапсырма қарқынды түрде шығып кетуі
мүмкін.
▶ Электрлік сымдарды бекіту кезінде электрлік кернеудің өткізбегеніне көз жеткізіңіз. Қағып
кіргізетін құрылғыны тек оқшауланған беттерінен ұстап жүріңіз. Тек электрлік сымдарды
орнатуға арналған қапсырмаларды пайдаланыңыз. Қапсырма электрлік сым оқшаулануын
зақымдамағанына көз жеткізіңіз. Электрлік сымның оқшаулануын зақымдаған қапсырма ток соғу
не өрт қаупін тудыруы мүмкін.
2.3
Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
Негізгі сақтық шаралары
ЕСКЕРТУ!
Сақтық шаралары бойынша барлық нұсқауларды және нұсқауларды оқып
шығыңыз. Төменде берілген нұсқауларды орындамау электр тогының соғуына, өртке әкелуі мүмкін
және/немесе ауыр жарақаттарды тудыруы мүмкін.
Қауіпсіздік техникасы бойынша барлық нұсқауларды және нұсқауларды келесі пайдаланушы үшін
сақтаңыз.
Пайдаланушыға қойылатын талаптар
▶ Бұл құрылғыны тек өкілетті және оқытылған тұлғалар пайдалануы немесе оған техникалық қызмет
көрсетуі мүмкін.
Жеке ану ұралдары
▶ Жұмыс барысында өзіңіз бен жақын маңда орналасқан адамдар арнайы қорғауыш көзілдірік пен
қорғауыш шлемді тағуы керек.
▶ Қорғауыш құлаққапты киіңіз.
▶ Шу әсерінің нәтижесінде есту қабілеті толығымен жоғалуы мүмкін.
Адамдардың қауіпсіздігі
▶ Пайдалануға, күтуге және техникалық қызмет көрсетуге қатысты Пайдалану бойынша нұсқаулықта
басып шығарылған ақпаратты орындаңыз.
326
Қазақ
Қысылған қапсырманы
2209576
*2209576*