GP E411 Manuel D'instructions page 18

Masquer les pouces Voir aussi pour E411:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 11
Құрылғыны пайдаланбас бұрын пайдалану бойынша нұсқаулықты мұқият оқып
шығыңыз. Нұсқаулықты болашақта пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
1. 2 немесе 4 дана NiMH батареясын зарядтағыш құрылғыға батарея полярлығына сəйкес салыңыз. (1-сурет).
2. Кабельдің микро USB ұшын зарядтағыш құрылғының микро USB портына (2a суреті) жалғаңыз.
3. USB кабелінің басқа ұшын қабырғалық зарядтағыш құрылғыға (2b суреті) немесе компьютердегі, тасымалы
зарядтағыш құрылғыдағы немесе автомобильдік зарядтағыш құрылғыдағы бірдей USB портына жалғаңыз.
4. Зарядтау басталады жəне жарық диодты индикатор батареяның күйін көрсетеді (3-сурет). Батарея
зарядталып жатқанда жарық диодты индикаторда жасыл түспен жыпылықтайды. Нашар немесе бастапқы
батарея үшін зарядтау кезінде жарық диодты индикаторда жылдам жыпылықтайтын жасыл түс көрсетіледі.
5. Батарея толық зарядталған соң (жарық диоды жасыл түспен жанып тұр), батареяны шығарып, зарядтағыш
құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз.
* Зарядтау уақыты батареяның қуаттылығына байланысты өзгешеленеді.
Үздік өнімділікке жəне оңтайлы қауіпсіздікке қол жеткізу үшін əрдайым
GP NiMH батареяларын GP ReCyko+ зарядтағыш құрылғысымен зарядтаңыз.
Функциялары
• 2 жарық диодты индикациясымен 4 слот
• USB қуат кірісі (5 В/1 А)
• Үздіксіз зарядтау режимі
• Шамамен зарядтау уақыты (AA, 2100mAh / AAA, 850mAh): 8/3 сағ.
Пайдалану бойынша кеңестер
• Батареялардың зарядтау кезінде қызып кетуі қалыпты құбылыс болып табылады жəне олар толық
зарядталғаннан кейін бөлме температурасына дейін біртіндеп суып қалады.
• Электрлік құрылғыны ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, батареяларды құрылғыдан шығарып алыңыз.
• Батареяның сақтау температурасы: -20 ~ 60°C
• Зарядтағыш құрылғының жұмыс температурасы: 0 ~ 33°C
Қауіпсіздік туралы ақпарат
• Бұл зарядтағыш құрылғы тек NiMH батареясын зарядтауға жобаланған. Басқа батареяларды зарядтау
нəтижесінде жарылыс, батареяның жарылуы немесе жылыстауы, жарақат алу немесе мүліктік залал пайда
болуы мүмкін.
• Бұл зарядтағыш құрылғы тек бөлме ішінде пайдалануға арналған. Зарядтағыш құрылғыны жаңбыр, қар
немесе тікелей күн сəулесінің астына қоймаңыз.
• Зарядтағыш құрылғы 0–33°C аралығында пайдаланылғанына көз жеткізіңіз.
• Жарақат алу қаупін азайту үшін GP NiMH батареяларын пайдалануға кеңес беріледі.
• Қайта зарядтауға келмейтін, LiFePO4, NiCD немесе литий-иондық батареяларды пайдаланбаңыз.
• Зарядтағыш құрылғыны ылғалды шарттарда пайдаланбаңыз.
• Ашасы зақымдалған зарядтағыш құрылғыны пайдаланбаңыз.
• Зарядтағыш құрылғыны жерге түсірген немесе зақымдаған соң пайдаланбаңыз.
• Зарядтағыш құрылғыны ашпаңыз/бөлшектемеңіз.
• Бұл зарядтағыш құрылғы техникалық қызмет көрсетуді қажет етпейді, бірақ оны жүйелі түрде құрғақ əрі
жұмсақ шүберекпен сүртіп тұру керек. Абразивтерді немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз. Зарядтағыш
құрылғыны тазаламас бұрын розеткадан суырып алыңыз.
• 8 жасқа толған балалар жəне дене, сезім жəне ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тəжірибесі мен білімі
жеткіліксіз адамдар бақыланған немесе бұл құрылғыны қауіпсіз жолмен пайдалану жөнінде нұсқау алған жəне
оған қатысты тəуекелдерді түсінген жағдайда бұл құрылғыны пайдалана алады.
• Балалар құрылғымен ойнамауы тиіс
• Балалар тазалау жəне техникалық қызмет көрсету жұмыстарын бақылаусыз өткізбеуі тиіс
Бұл құрылғы FCC ережелерінің 15-бөліміне сəйкес келеді. Пайдалану мына екі шартқа бағынады: (1) бұл құрылғы зиянды кедергі тудырмауы
тиіс жəне (2) бұл құрылғы алынған ешқандай кедергілерді, соның ішінде қалаусыз іске қосылуға əкелуі мүмкін кедергіні қабылдауы тиіс.
Электрлік құрылғыларды сұрыпталмаған қалалық қоқысқа тастамаңыз, бөлек қоқыс жинау мекемелеріне жіберіңіз. Қолжетімді қоқыс жинау
жүйелері туралы ақпарат алу үшін жергілікті үкіметке хабарласыңыз. Электрлік құрылғылар қоқыс тастайтын жерлерге немесе қоқыс орындарына
тасталса, зиянды заттектер жер асты суларға жылыстап, қоректік тізбекке түсуі жəне денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін.
• Автоматты түрде өшіру
- теріс дельта кернеуі жəне қауіпсіздік таймері
KZ

Publicité

Table des Matières
loading

Produits Connexes pour GP E411

Table des Matières