Redmond RHB-2915-E Mode D'emploi page 134

Masquer les pouces Voir aussi pour RHB-2915-E:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 10
• Етті тураудың алдында жібітіңіз, сүйегінен бөліп, сіңірін алып тастаңыз және
1–1,5 см кесектерге тураңыз.
• Жеміс пен жидекті өңдегенде оларды кесіп, сүйектерін шығарыңыз.
• Ыстық азықты араластырудың алдында ыдысты плитадан алыңыз. Азықты
суытыңыз, азық немесе сұйықтықтың температурасы 80°C жоғары болса, олар-
ды араластырмаңыз. Өңдеуді ең аз жылдамдықтан бастаңыз.
Шашырандылардан сақтаныңыз, азықты өңдеуді аз жылдамдықта бастаңыз.
• Аспапты кофе, мұз, қант, жарма, бұршақ және басқа аса қатты азықты ұсату
үшін пайдаланбаңыз.
• Саптама-блендер мен саптама-тәжбен жұмыс істегенде ыдыс ретінде ұсатқыш
тостағанын пайдаланбаңыз. Тостаған түбіндегі металдық өзек саптаманы
зақымдауы мүмкін. Араластыру стақанын пайдаланыңыз.
Блендерді пайдалану
1.
Ингредиенттерді араластыру стақанына немесе басқа ыдысқа салыңыз.
2.
Саптама-блендерді электр қозғалтқыш блогына қосыңыз (бұл кезде сыртыл
естілуі керек).
3.
Аспапты электр желіге қосыңыз. Жылдамдық реттегішін қажетті күйге орна-
тыңыз. Реттегіш сағат тілімен бұралғанда жылдамдық өседі.
4.
Азық өңделіп жатқан ыдысты бос қолмен ұстаңыз, ішіне блендер пышағын
батырыңыз, одан кейін қосу түймешігін басып ұстаңыз. Шикі көкөніс, жеміс
немесе басқа қатты ингредиенттерді өңдегенде жылдамдық реттегішін сағат
тілімен бұрап, жылдамдықты көбейтіңіз немесе «ТУРБО» режимін қосу түй-
мешігін басып ұстаңыз.
5.
Өңдеу барысында блендерді ыдыстың ішінде жылжытып, азық-түлікті арала-
стырыңыз.
6.
Жұмыс аяқталысымен аспапты электр желісінен ажыратыңыз. Саптама бекіт-
кіштері түймешіктерін бірге басып, саптама-блендерді электр қозғалтқыш
блогынан ажыратыңыз.
Миксерді пайдалану
1.
Ингредиенттерді араластыру стақанына немесе басқа ыдысқа салыңыз.
2.
Саптама-тәжді жалғастырғыш тетікке сыртыл естілгенше салыңыз.
3.
Жалғастырғыш тетікті электр қозғалтқыш блогына қосыңыз (бұл кезде сыртыл
естіледі).
4.
Аспапты электр желісіне қосыңыз. Жылдамдық реттегішін сағат тіліне қарсы
тірелгенше бұраңыз (ең аз жылдамдық).
134
5.
Азық өңделіп жатқан ыдысты бос қолмен ұстаңыз, ішіне тәжді батырыңыз,
одан кейін қосу түймешігін басып ұстаңыз. Шайқау жылдамдығын көбейту
керек болса, жылдамдық реттегішін сағат тілімен бұраңыз. Ең үлкен айналу
жылдамдығы үшін «ТУРБО» режимін қосу түймешігін басып ұстаңыз.
6.
Жұмыс істеу барысында тәжді шеңберлеп жылжытыңыз (сағат тілімен).
7.
Жұмыс аяқталысымен аспапты электр желісінен ажыратыңыз. Саптама бекіт-
кіштері түймешіктерін бірге басып, саптама-тәждің жалғастырғыш тетігін электр
қозғалтқыш блогынан ажыратыңыз.
Ұсатқышты пайдалану
1.
Ұсатқыш тостағанын тегіс қатты көлденең бетке орнатыңыз.
2.
Ұсатқыштың пышақ жүздерінен қорғаныс пластик қапшықты шешіп алыңыз.
Ұсатқыш пышағын тостаған түбіндегі өзекке киіңіз. Абай болыңыз, жүздер өте
өткір! Пышақты пластик төлкесінен ұстаңыз.
3.
Азықты тостағанға салыңыз. Азықтың жалпы көлемі корпустағы ең үлкен
белгісінен аспауы керек.
4.
Қақпақты ұстақыш тостағанына қақпақ бүйіріндегі шығыңқы жерлер тостаған
корпусындағы қуыстарға кіретіндей келтіріңіз. Қақпақты тостағанға күш сал-
май қысыңыз және сағат тілімен тірелгенше бұраңыз.
5.
Электр қозғалтқыш блогын блокты бекіту ұяшығына қосыңыз (бұл кезде сыр-
тыл естіледі).
6.
Аспапты электр желіге қосыңыз. Жылдамдық реттегішін қажетті күйге орна-
тыңыз: азық қатты болғанымен оларды өңдеу жылдамдығы жоғары болады.
Реттегіш сағат тілімен бұралғанда жылдамдық көбейеді.
7.
Тостағанды бір қолмен ұстап, қосу түймешігін немесе «ТУРБО» режимін қосу
түймешігін басып ұстаңыз. Ет пен қатты азықты ұсату үшін жылдамдығы жоға-
ры «ТУРБО» режимін пайдаланыңыз. Күш салып үздіксіз жұмыс істеу уақыты
3 минуттан аспауы керек.
8.
Жұмыс аяқталысымен аспапты электр желісінен ажыратыңыз. Электр қозғал-
тқыш блогындағы саптама бекіткіштерінің түймешігін басыңыз және оны
ажыратыңыз. Қақпақты сағат тіліне қарсы бұрып, шешіңіз. Ұсатқыш пышағын
пластик төлкесінен ұстап, шығарыңыз.
9.
Пышақты тазалаңыз («Аспапты күту» тарауын қараңыз) және жүздеріне қорға-
ныс пластик қапшықы киіңіз.

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières