Белдікке ілуге арналған ілгектің көмегімен арнайы электр құралды
белдікке денеге жабыстырып бекітуге болады. Оны оң және сол жақтан
ұстау үшін орнатуға болады.
1. Аккумуляторды электр құралынан шығарыңыз.
2. Белдікке ілуге арналған ілгекті 2 бұрандамен электр құралының
тірегіне бекітіңіз.
3. Белдікке ілуге арналған ілгек пен электр құралдың берік ұсталғанын
қадағалаңыз.
5.6 Алмалы-салмалы аспапты енгізу
1. Оңға/солға айналу ауыстырып-қосқышын ортаңғы күйге ортатыңыз
немесе аккумуляторды аспаптан ажыратыңыз.
2. Алмалы-салмалы аспаптың енгізу шеті таза екендігіне көз жеткізіңіз.
Қажет болса, оны тазалаңыз.
3. Жылдам қысқыш бұрғы патронын ашыңыз.
4. Алмалы-салмалы аспапты жылдам тартылатын патронға салыңыз да,
бірнеше механикалық шырт еткен дыбысты естігенше оны тығыз
бекемдеңіз.
5. Алмалы-салмалы аспаптың берік бекітілгенін тексеріңіз.
6
Қызмет көрсету
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі қысқа тұйықталудан немесе аккумулятордың
құлауынан!
▶ Аккумуляторды орнату алдында аккумулятор контактілерінде және
өнімдегі контактілерде бөгде заттардың жоқтығына көз жеткізіңіз.
▶ Аккумулятордың әркез дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Осы құжаттамадағы және өнімдегі қауіпсіздік және ескерту нұсқауларын
орындаңыз.
6.1 Берілісті таңдау
▶ Екі берілісті таңдау ауыстырып-қосқышын реттеу арқылы қалаулы
берілісті таңдаңыз.
6.2 Айналу бағытын орнату
Бұғаттау электр қозғалтқышы жұмыс істеп тұрғанда бағытты
ауыстырудан қорғайды.
Ауыстырып-қосқыш ортаңғы күйде болғанда, негізгі сөндіргіш
бұғатталған болады (қосуды құлыптау).
▶ Оңға/солға айналу ауыстырып-қосқышын қалаулы айналу бағытына
ортатыңыз.
204 Қазақ
5
5
2041323
*2041323*