Hilti TE 3000-AVR Mode D'emploi page 133

Masquer les pouces Voir aussi pour TE 3000-AVR:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 18
6.3
Алмалы-салмалы аспапты шығару
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі Құрал қолдану кезінде қызып кетеді және өткір жиектер көрсетуі мүмкін.
▶ Құралды алмастырған кезде қорғауыш қолғаптарды киіңіз.
1. Кабель ашасын желілік розеткадан шығарыңыз.
2. Құрал құлпын тірелгенше артқа тартыңыз.
3. Алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз.
4.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ыстық құралды жеңіл жанғыш материалдардың үстіне қоймаңыз.
6.4
Алмалы-салмалы желілік кабельді электрлік аспаптан ажырату
1. Кабель ашасын желілік розеткадан шығарыңыз.
2. Тежегіш түймені басып,
ажыратыңыз.
3. Желілік кабельді аспаптан тартып шығарыңыз.
Hilti компаниясы алмалы-салмалы желілік кабельді әрдайым құралда қалдыруға кеңес береді.
Алмалы-салмалы желілік кабельді тек жарылған / зақымдалған жағдайда суырып алуға
болады.
7
Күтім және техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі бар! Желілік аша енгізіліп тұрған кезде күтім және техникалық қызмет көрсету ауыр
жарақаттарға және өртке апарып соғуы мүмкін.
▶ Кез келген күтім және техникалық қызмет көрсету жұмысын орындамас бұрын желілік ашаны
әрдайым суырып алыңыз!
Аспапты күту
Қатты жабысқан кірді мұқият кетіріңіз.
Желдету ойықтарын құрғақ қылшақпен жайлап тазалаңыз.
Корпусты тек сәл суланған шүберекпен тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, өйткені олар пластмасса бөлшектерін зақымдауы мүмкін.
Техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі! Электрлік құрамдас бөлшектерді қате жөндеу ауыр жарақаттану мен өртке апарып
соғуы мүмкін.
▶ Аспаптың электр бөлігін жөндеуді тек маман-электрикке тапсырыңыз.
Барлық көзге көрінетін бөлшектерде зақымдардың бар-жоғын және басқару элементтерінің ақаусыз
жұмысын жиі тексеріп тұрыңыз.
Өнім зақымдалған және/немесе ақаулы болған жағдайда оны пайдаланушы болмаңыз. Бірден Hilti
қызмет көрсету орталығына жөндетіңіз.
Күтім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін барлық қорғауыш құрылғыларды
орнатып, жұмысын тексеріңіз.
Қауіпсіз қолдану үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен жұмсалатын материалдарды
қолданыңыз. Біз рұқсат еткен қосалқы бөлшектер, шығын материалдары мен өнімге арналған
керек-жарақтар Hilti Store дүкенінде немесе келесі веб-сайтта қолжетімді: www.hilti.group.
8
Тасымалдау және сақтау
Тасымалдау
▶ Аталмыш өнімді енгізілген құралмен бірге тасымалдамаңыз.
▶ Тасымалдау кезінде өнімнің берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
*2228669*
8
кодталған,
алмалы-салмалы электрлік штепсельдік жалғағышты
2228669
Қазақ
127

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières