2.2
Перфораторлармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
Барлық жұмыстарға арналған қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
▶ Қорғауыш құлаққапты киіңіз. Шу әсерінің нәтижесінде есту қабілеті жоғалуы мүмкін.
▶ Аспап жинағына кіретін қосымша тұтқыштарды қолданыңыз. Аспапты басқаруды жоғалту
жарақаттарға әкелуі мүмкін.
▶ Аспаптың жасырын электр сымдарын немесе желілік кабельді зақымдау қаупі болғанда
аспапты оқшауланған беттерінен ұстаңыз. Электр сымдарына тигенде аспаптың қорғалмаған
металл бөліктері кернеу астында болады. Бұл электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
2.3
Қауіпсіздік бойынша қосымша нұсқаулар
Адамдардың қауіпсіздігі
▶ Өнімді тек техникалық мінсіз күйінде қолданыңыз.
▶ Өнімде ешқандай манипуляциялар не өзгерістер орындамаңыз.
▶ Тесіп өтетін бұрғылау кезінде қауіпті аймақты қабырғаның қарама-қарсы жағынан қоршаңыз.
Сыртқа шығатын және/немесе төмен түсетін сынықтар адамдарға жарақат тигізуі мүмкін.
▶ Бүйірлік тұтқыш дұрыс орнатылғанын және берік бекітілгенін тексеріңіз. Өнімді әрқашан екі қолмен
тұтқыштарынан берік ұстаңыз. Майланған тұтқыштарды дереу тазалаңыз, олар құрғақ және таза
болуы керек.
▶ Аталмыш өнім үшін тек TE-H жалғағыш ұштығы бар Hilti қашауын қолданыңыз.
▶ Қашауды құралдың тік күйінде емес, тек көлденең күйінде алмастырыңыз.
▶ Қашауды құрал бекіткішіне шерту дыбысымен тірелгенше және сары түсті ескерту сақинасы ары
қарай көрінбегенше енгізіңіз.
▶ Қашаудың тиісінше бекітілгенін тексеріп шығыңыз. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Бекітілмеген қашау
күтілмеген қауіпті жағдайларды тудыруы мүмкін!
▶ Бұл өнімді тасымалдау күйінде емес, жұмыс күйінде ғана іске қосыңыз!
▶ Саусақтарыңыздың қандандыруын жақсарту үшін үзіліс жасап, жаттығулар жасаңыз. Ұзақ уақыт
жұмыс істеген кезде, дірілдердің салдарынан саусақ, қол не буындардың қантамыры не жүйкесіне
кері әсер тиюі мүмкін.
▶ Өнім балалардың, денесі әлсіреген тұлғалардың немесе тиісті нұсқау алмаған тұлғалардың
тарапынан пайдалануға арналмаған.
▶ Аспапты балалардан алшақ ұстаңыз.
▶ Жұмысты бастау алдында дайындама материалы бойынша пайда болатын шаңның қауіп класын
анықтаңыз.
Аспаппен жұмыс істеу үшін қорғаныс дәрежесі қолданыстағы шаңнан қорғау
нормаларына сай құрылыс шаңсорғышын қолданыңыз.
▶ Мүмкіндігінше шаңсорғыш пен арнайы жылжымалы шаң жинағышты қолданыңыз. Құрамында
қорғасын бар бояулар, ағаштың кейбір түрлері, бетон/кірпіш қалауы/кварц қамтитын жыныстар
және минералдар мен металл сияқты материалдардан пайда болатын шаң денсаулық үшін зиянды
болуы мүмкін.
▶ Жұмыс орнындағы ауа алмасуды жақсарту үшін әрекет етіңіз және қажетінше тиісті шаңға
арналған респираторды тағыңыз.
пайдаланушыларда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакциялардың және/немесе дем
алу жолдары ауруларының пайда болуына әкелуі мүмкін. Кейбір шаң түрлері (мысалы, еменді
немесе шамшатты өңдеу кезінде пайда болатын шаң) канцерогенді деп есептеледі, әсіресе ағашты
өңдеу үшін қолданылатын қосымша материалдармен (хром қышқылының тұзы, ағашты қорғау
заттары) тіркесімде. Құрамында асбест бар материалдарды тек мамандар өңдеуі керек.
Электр қауіпсіздігі
▶ Жұмысты бастамас бұрын, жұмыс аймағындағы электрлік сымдар, газ бен су құбырлары жабық
екендігіне көз жеткізіңіз. Ток сымына байқамастан зақым келтірген жағдайда, аспаптағы сыртта
орналасқан металл бөлшектер ток соғу қаупін тудыруы мүмкін.
▶ Бұл өнімнің желілік кабелін тұрақты түрде тексеріп тұрыңыз және зақымдалған кабельді ауыстыру
үшін тәжірибелі электрші маманды шақырыңыз. Электрлік құралдың байланыс кабелі зақымдалған
жағдайда оны арнайы дайындалған және рұқсат етілген кабельге ауыстыру керек. Оған клиенттерге
қызмет көрсету бөлімі арқылы тапсырыс беруге болады. Ұзартқыш кабельдерді тұрақты түрде
тексеріңіз және зақымдар бар болғанда оларды ауыстырыңыз. Жұмыс кезінде желілік немесе
ұзартқыш кабель зақымдалған жағдайда оған тиюге тыйым салынады. Кабель ашасын желілік
розеткадан шығарыңыз. Ақаулы электр қуаты кабельдері және ұзартқыш кабельдер электр тогының
соғу қаупін тудырады.
122
Қазақ
Мұндай шаңның бөлшектерімен дем алу немесе оған тию
2228669
*2228669*