META Smartact evo Instructions D'utilisation page 107

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 15
ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
KK
A1
(A) Басқы
(B) Жалғау кабелі
(C) Сығылған ауа кабелі
(D) Төменгі бұралмалы реттеу сақинасы
(E) Ортаңғы тұтқа корпусы
Қолдану мақсаты
SMARTACT evo дегеніміз жақ-бет хирургиясындағы сүйекті
қалпына келтіру кезінде мембрананы бекіту және тұрақтандыру
үшін мембрана батырмаларын орналастыруға мүмкіндік беретін
пневматикалық жүйе. Оны таралатын және таралмайтын
мембрананың екеуін де тұрақтандыру үшін қолдануға болады.
SMARTACT evo пневматикалық басқымен жабдықталған, ол
батырманы лезде енгізу арқылы мембрананы сүйекке мықтап
бекіту үшін күш қолдануға мүмкіндік береді (оны сүйек түріне
байланысты реттеуге болады). Тіпті ауыздың ең қиын жерлеріне
оңай қол жеткізуге мүмкіндік беретін оның өте ықшам ұшы конусты
және имек болып келеді. SMARTACT evo құрамында қауіпті заттар
жоқ және ол коррозияға төзімді.
• SMARTACT evo стерильденбеген күйінде жеткізіледі. Әрбір
қолданыс алдында оны жуу және залалсыздандыру қажет, ал
кейбір бөліктерін стерильдеу керек.
• SMARTACT evo құрылғысын тек білікті медицина қызметкері
ғана қолдануы тиіс.
• Хирург емделушінің сүйекті қалпына келтіру оталарына және
тиісті хирургиялық процедураларға жарайтынын анықтауға
міндетті.
• SMARTACT evo құрылғысының барлық бөлшектері дұрыс
құрастырылғанына
қолдануға болмайды (құрастыру нұсқауларын қараңыз).
• Алдымен тұтқа бөлігін құрастырып, одан кейін құралдың
абайсызда іске қосылуына жол бермеу үшін оны басқыға
жалғаңыз. Медицина қызметкері мен емделуші қорғану
көзілдіріктерін киюі керек. Құрастыруды тиісті ретімен мұқият
орындаңыз (құрастыру нұсқаулығын көріңіз).
• SMARTACT evo құралын бір рет қолданылатын батырма
енгізу құралын және батырманы салмайынша ешқашан
пайдаланбаңыз.
• Бір рет қолданылатын батырманы енгізу құралының және бір
рет қолданылатын тоқпақтың (4 және 5-фотосуретті қараңыз)
дұрыс енгізілгеніне көз жеткізіп, титан батырманы емделушінің
жұтып қоюына жол бермес үшін орналастыруды орындамай
тұрып батырма ұстағышынан шығармаңыз (19-сурет).
• Құрал қолданылмаған кезде, қауіпсіздікті сақтау үшін оны ең аз
күшке реттеңіз.
• Жұмысты орындаған соң құралды компрессорға жалғанған
күйі қалдырмаңыз (тіпті ең төменгі күште тұрса да).
• Қолдану алдында құралдың қаптамасы бүтін екеніне көз
жеткізіңіз.
• Қаптама зақымданған болса, құралды пайдаланбаңыз.
• SMARTACT evo құрылғысын қолданған кезде әрқашан
стерильді қолғаптарды киіңіз және стерильділікті қатаң сақтау
үшін процедураларды аса мұқияттылықпен орындаңыз.
• Қолданудан
соң
медициналық қоқыс контейнеріне салыңыз.
• Meta компаниясы бұл бұйымның дұрыс пайдаланылмауынан
туындайтын мәселелер үшін жауапты болмайды.
Құралды қолдану алдында құрастыру әдісі
Құрастыруды тиісті ретімен қатесіз орындаңыз; бөлшектерді ақаулы
күйінде, жартылай немесе қате құрастыру мыналарға алып келеді:
жұмыстың ақаулы немесе дұрыс емес болуы;
құралдың зақымдануы.
Құрастыру реті 1-сызбада көрсетілген.
Құралды құрастырған кезде, қолданудан кейінгі құралды жуу және
стерильдеу жұмыстарын оңайлату үшін кабель мен тұтқаны тиісті бір рет
қолданылатын қорғаныс үлдірімен қаптаңыз.
Құралға SMARTACT evo Pin батырмаларын салу әдісі
Құрылғыны жүктеу үшін осы құрастыру ретін қатаң сақтаңыз. Бөлшектерді
ақаулы күйінде, жартылай немесе қате құрастыру мыналарға алып келеді:
батырманы, батырма енгізу құралын немесе тоқпақты емделушінің
байқамай жұтып қоюы;
SMARTACT
evo
(F) Жоғарғы бұралмалы сақина
(G) Ішкі жүйе
(H) Имек саптама
(I) Ұштың бұралмалы сақинасы
(J) Ішкі жүйенің бұғаттау кілті
көз
жеткізілмейінше
оны
оны
қолданыстағы
ережелерге
жұмыстың ақаулы немесе дұрыс емес болуы;
құралдың зақымдануы.
Құрастыру реті 2-сызбада көрсетілген.
Басқа өндірушілердің батырмаларын қолданбаған әбден дұрыс болады.
Meta компаниясы құралды емделушіге қауіп төндіруге және құрылғының
қатты зақымдануына әкелетіндей қате қолданылуына жауапты болмайды.
Құралды реттеу және қолдану әдісі
Батырманы тұтқаның басына 2-сызбада түсіндірілгендей орналастырған
соң, құралды (қабылдау пластинасына сәйкес келтіріп) енгізу аймағында
орналастырыңыз да, басқыны басыңыз (басқыны толық басыңыз және
жіберіңіз). Қажет болса, басқыны батырма толық енгізілгенше тағы
басыңыз. Клиникалық жағдайға байланысты және сүйек тығыздығы мен
сүйек қырының құрылымын (қалыңдығы, қиғаштығын, т.б.) ескере отырып,
хирург басқының неше рет басылуы керек екенін анықтауы тиіс.
Бұл құрал пайдаланушыға қажетті енгізу күшін таңдауға мүмкіндік беретін
бұралмалы реттеу сақинасымен жабдықталған. Қажетті күшті бұралмалы
реттеу сақинасын ең аз күштен ең көп күшке қарай бұрау арқылы таңдаңыз.
Бүйірлік синус қабатының аймақтары үшін ең аз күшті таңдаған жөн.
Әртүрлі қыртыстық сүйек қалыңдығы мен II немесе III типтегі сүйек
тығыздығы бар жоғарғы жақ сүйегі аймақтары үшін орташа күшті таңдаған
жөн.
Қыртыстық сүйек тығыздығы I типтегі төменгі жақ сүйегі аймақтары үшін ең
ешқашан
жоғарғы күшті таңдаған жөн.
SMARTACT evo құралын реттемес бұрын, сүйектің құрылымын тексеру
үшін сүйек қабығын тесу ұсынылады.
Құралды қолданудан соң бөлшектеу әдісі
Құралды пайдаланып болған соң, оны 1-сызбада берілген құрастыру ретін
кері орындау арқылы бөлшектеңіз. Құралды жинап қою алдында мұқият
жуып-тазалаңыз.
Құралды жуу және стерильдеу әдісі
Бұл құрал стерильденбеген күйінде жеткізіледі. Басқы, кабель және тұтқа
корпусы (A, B, C, D, E бөлшектері: A1 фотосуретін көріңіз) әрбір қолдану
алдында міндетті түрде жуылуы және залалсыздандырылуы керек.
Назар аударыңыз: құралды бөлшектемес бұрын, ауа компрессоры
шүмегін жауып, кабельді жалғағыштан ажыратыңыз.
Тұтқа бөлігінің жоғарғы жағының бөлшектері: жоғарғы бұралмалы сақина,
имек саптама, ұштың бұралмалы сақинасы, ішкі жүйе мен ішкі жүйені
бұғаттау кілті (F, G, H, I, J бөлшектері: A1 суретін қараңыз) әрбір қолдану
алдында жуылуы, залалсыздандырылуы және стерильденуі керек.
Хирургиялық процедурадан кейін оны микробтарға қарсы тиісті
сұйықтықтармен дереу жуыңыз. Лайықты сұйықтықтарды қолданыңыз;
сутегі асқын тотығын (H2O2) немесе хлор негізіндегі жуғыш заттарды
қолданбаңыз.
сай
Жуудан кейін стерильденуі тиіс бөлшектер (F, G, H, I, J) кейінді стерильдеуге
арналған тиісті қалтаға салынуы тиіс.
Құрамдастар 121°C бу автоклав құралында 30 минут бойы стерильденуі
керек. Әрқашан қолданыстағы ережелерге сай рұқсат етілген стерильдеу
циклдерін қолданыңыз. Қалта бүтін болса, стерильділік сақталады.
Қолдану алдында әрқашан қалтаны тексеріп алыңыз.
Техникалық күтім көрсету
Күнделікті техникалық күтім көрсету процесі құралды жоғарыда аталған
процедураларға сай жуудан және тазалаудан тұрады.
Құралды ауа компрессорына қосу
Құрал сығылған ауа компрессорына қосылған болуы тиіс.
Егер қысым:
4 бардан аз болса: жұмыс үшін қажет қысым мөлшері жеткіліксіз болады;
4 бардан көп болса: жоғарырақ қысым құралдың жұмыс істеу
жылдамдығына әсер етеді; батырмаға қолданылатын күш ешбір жағдайда
жұмыс қысымына тәуелді болмайды.
Қолайлы жұмыс қысымы – 4 және 6 бар аралығы.
SMARTACT
A2
(L) Бір рет қолданылатын батырма
енгізу құралы
(M) Бір рет қолдануға арналған
тоқпақ
(N) Батырма ұстағышы мен қорғаныс
қақпағы бар титан батырма
evo
107

Publicité

Table des Matières
loading

Produits Connexes pour META Smartact evo

Table des Matières