Télécharger Imprimer la page

Күту Мен Техникалық Тексеру Жұмыстары - Kärcher SC 2 Instructions Abrégées

Masquer les pouces Voir aussi pour SC 2:

Publicité

Бу пистолеті
Сіз бу пистолетін саптамаларсыз да пайдалана
аласыз, мысалы:
ілулі тұрған киімдегі жеңіл бүрмелерді кетіру
үшін оларды 10-20 см қашықтықтан бумен
өңдеңіз.
өсімдіктерден шаңды кетіру үшін. Сол үшін 20-
40 см қашықтығын сақтаңыз.
шаңды ылғалды кетіру үшін, осы мақсатта
шүберекті аздап бумен өңдеп, онымен жиһазды
сүртіңіз.
Нүктелі ағын шүмегі
Сурет
 Нүктелі ағын шүмегін бу пистолетіне
орнатыңыз.
Тазалау сапасы нүктелі ағын шүмегінің кірленген
жерге жақындығына тəуелді жоғарылайды, себебі
температура мен қысым шүмегінің шыға берісінде
ең жоғары болып табылады. Қол жетуге қиын
жерлерді, фугаларды, арматураларды,
суағарларды, шұңғылшаларды, дəретханаларды,
жалюзилерді жəне жылыту батареяларын тазалауға
əсіресе тиімді болып табылады. Əктің қатып қалған
жерлерін бумен тазалаудың алдында сірке суымен
немесе лимон қышқылымен сулап, сірке суы 5 минут
ішінде əсер ету үшін тосып, содан кейін бумен
тазалап, кетіруге болады.
Дөңгелек қылшақ (кішкентай)
Цилиндрлік қылшақты қосымша ретінде нүктелі
ағын шүмегіне орнатуға болады. Қылшақпен
тазалаудың арқасында, тұрып қалған кірлерді
оңайырақ кетіруге болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Тез ақауланатын беттерді тазалауға келмейді.
Сурет
 Цилиндрлік қылшақты шүмегіне орнатыңыз.
Қуат шүмегі
Қуат шүмегін қосымша ретінде нүктелі ағын
шүмегіне орнатуға болады.
Қуат шүмегі бу ағынының жылдамдығын арттырады.
Сондықтан ол аса қатты ластануды тазалау,
бұрыштарды, саңылауларды жəне т.б. үрлеп
тазарту үшін жарамды.
Сурет
 Қуат шүмегін дөңгелек қылшаққа сəйкес нүктелі
ағын шүмегіне бекітіңіз.
Дөңгелек қылшақ (үлкен)
Дөңгелек қылшақты қосымша ретінде нүктелі ағын
шүмегіне орнатуға болады. Осы үлкен дөңгелек
қылшақпен дөңгелек беттерді (мысалы душ
поддоны, ванна, шұңғылша) тазалау ыңғайлы.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Тез ақауланатын беттерді тазалауға келмейді.
Сурет
 Цилиндрлік қылшақты шүмегіне орнатыңыз.
Қол шүмегі
Сурет
 Қол шүмегін бу пистолетіне орнатыңыз.
Қол шүмегінің үстіндегі қаптаманы тартыңыз.
Əсіресе үлкен емес, жууға болатын беттер үшін
жақсы келеді, мысалы, душ кабиналары жəне
айналар үшін.
Еден жууға арналған шүмегі
Жууға болатын барлық қабырға немесе еденді
төсемдер үшін жақсы келеді, мысалы тас едендер,
кафель плиталары жəне ПВХ жасалған еден
төсемдері үшін. Өте кірленген беттерде бу ұзағырақ
əсер ету мақсатында баяу жұмыс істеңіз.
Нұсқау
Егер тазаланатын төсем үстінде жуғыш заттың
немесе полирлейтін эмульсиялардың қалдықтары
қалса, онда бумен тазалау кезінде, еденде
сызықтар пайда болуы мүмкін, олар əдетте бумен
тазалауды бірнеше рет қолданғаннан кейін
жойылады.
Сурет
 Еден шүберекті еден жууға арналған шүмегіне
бекітіңіз.
Еден жууға арналған шүберекті еден тазалау
шүмегіне кигізіңіз.
Қолданылатын мақсатына байланысты еден
жууға арналған шүберекті өн бойына бүктеңіз.
Қысқыштарды ашыңыз.
Шүберек шеттерін саңылауларға салып,
тығыздап тартыңыз.
Қысқыштарды жабыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Саусақтарыңыздың қысқыш арасына түсіп
қалмауын қадағалаңыз.
Еден жууға арналған шүмегін парк позициясына
қойыңыз.
Сурет
 Жұмысты тоқтатқан кезде, еден жууға арналған
шүмегін парк ұстауышына іліңіз.
Күту мен техникалық тексеру
Бу тазалағышының қазанды əрбір 10 рет толтырған
сайын жуып отырыңыз.
 Бу қазанын сумен толтырып, белсенді түрде
бұрыңыз. Нəтижесінде бу қазанының түбіне
шөгіп қалған тат түседі.
 Судан босатып алыңыз.
Қазандағы татты тазалау
Нұсқау
Сатылымдағы дистильденген суды үнемі қолданған
кезде, бу қазанының татын жоюдың қажеті жоқ.
Тат қазан қабырғаларында да болатындықтан, біз
татты келесі интервалмен кетіріп отыруды
ұсынамыз (KF=қазанды толтыру):
Су қаттылығы
I
жұмсақ
II
орташа
III
кермек
IV
аса кермек
– 8
KK
жұмыстары
Қазанды шаю
dH
ммоль/л KF
0- 7
0-1,3
7-14
1,3-2,5
14-21
2,5-3,8
>21
>3,8
55
45
35
25
127

Publicité

loading

Ce manuel est également adapté pour:

Sc 2 premiumSc 3 easy fix