Қоршаған Ортаны Қорғау - Moulinex EASY COOK XXL Mode D'emploi

Table des Matières

Publicité

ҚУАТ КӨЗІНЕ ЖАЛҒАУ
• Құрылғыны мына жағдайда пайдалануға болмайды: құрылғы
немесе сым зақымдалған.
– құрылғы құлаған немесе көзге көрінетін зақымы болған не
дұрыс жұмыс істемеген жағдайда.
• Жоғарыдағы жағдайда құрылғы мақұлданған қызмет көрсету
орталығына жіберілуі керек. Құрылғыны өзіңіз бөлшектеуге
болмайды.
• Сымды ілінген күйінде қалдыруға болмайды.
• Құрылғыны әрқашан жерге тұйықталған розеткаға қосыңыз.
• Ұзартқыш сымды пайдалануға болмайды. Егер осыған
жауапкершілік алсаңыз, жерге тұйықталған ашасы бар және
құрылғының қуатына үйлесімді, дұрыс жұмыс істейтін ұзартқыш
сымды ғана пайдаланыңыз.
• Құрылғыны сымынан ұстап қуат көзінен ажыратуға болмайды.
ПАЙДАЛАНУ
• Тегіс және тұрақты, ыстыққа төзімді жұмыс бетінде, су
шашырамайтын жерде пайдаланыңыз.
• Құрылғының түбі суға тимесін.
• Құрылғыны кәстрөл бос болғанда немесе кәстрөлсіз ешқашан
пайдаланбаңыз.
• Пісіру функциясы/тұтқа еркін жұмыс істеуі керек. Функцияның
автоматты өзгеруден ыстықты ұстау функциясына ауысуын
болдырмауға немесе кедергі келтіруге тырыспаңыз.
• Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде, кәстрөлді алмаңыз.
• Құрылғыны ыстық бетке немесе жылудың не жалынның кез
келген басқа көзіне тікелей қоймаңыз, себебі ол ақаулыққа
немесе қауіпке әкелуі мүмкін.
• Кәстрөл мен қыздыру плитасы тікелей байланыста болу керек.
Кәстрөл мен қыздыру плитасының арасында ешқандай тамақ
немесе сұйықтық салынбағанын тексеріңіз.
• Құрылғыны жылу көзінің қасына немесе ыстық пешке қоймаңыз,
себебі ол күрделі зақымдалуға әкелуі мүмкін.
• Кәстрөл ішіне қойылғанша, құрылғыға ешқандай тамақты
немесе суды құюға болмайды.
102
• Рецептілерде көрсетілген деңгейлерді сақтаңыз.
• Егер құрылғының қандай да бір бөлігі өртенсе, оны сумен
сөндіруге әрекеттенбеңіз. Өртті дымқыл асүйлік сүлгімен
сөндіріңіз.
• Жөндеу жұмыстарын тек мақұлданған немесе уәкілетті
қызмет көрсету орталығы түпнұсқалы қосалқы бөлшектерімен
орындауы керек.
• Егер құрылғы қараусыз қалдырылса және оны құрастырмас
бұрын, бөлшектемес немесе тазаламас бұрын, оны әрқашан
құрылғыдан ажыратыңыз.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
• Құрылғы көптеген жылдар бойы жұмыс істеуге жарамды.
Дегенмен оны ауыстыруды шешсеңіз, қоршаған ортаны
қорғауға қатысты шарттарды естен шығармаңыз.
• Құрылғыны утилизациялау алдында батареяны таймерден
алып, оны жергілікті тұрмыстық қалдық жинау орталығында
(модельге байланысты) утилизациялаңыз.
БІРІНШІ ПАЙДАЛАНУДАН БҰРЫН
• Қақпақты ашып, кәстрөлді алыңыз – 1-сур.
• Қақпақ пен кәстрөлді ысқышпен және жууға арналған
сұйықтықпен тазалаңыз. Тазартқыш ұнтақтар және абразивті
ысқыштар ұсынылмайды. – 2-сур.
• Құрылғының сыртын дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
• Жақсылап құрғатыңыз.
• Кәстрөлді күріш пісіру құралына қайта қойыңыз.
KK
103

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Mk141d00

Table des Matières