Bosch GBH 18V-36 C Professional Notice Originale page 190

Masquer les pouces Voir aussi pour GBH 18V-36 C Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 23
190 | Қазақ
Қосымша тұтқа
Қосымша тұтқасы (13) бар электр құралын ғана
u
пайдаланыңыз.
Қосалқы тұтқаның әрдайым мықтап тартылғанына
u
көз жеткізіңіз. Әйтпесе жұмыс кезінде электр
құралын бақылау мүмкіндігінен айырылуыңыз мүмкін.
Қосымша тұтқаны қайыру (A суретін қараңыз)
Қосымша тұтқаны (13) қозғалтып, қауіпсіз және ыңғайлы
жұмыс күйіне реттей аласыз.
– Қосымша тұтқаның (13) астыңғы бөлігін сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап, қосымша тұтқаны (13) қалаулы
күйге қайырыңыз. Содан кейін қосымша тұтқаның (13)
астыңғы бөлігін сағат тілінің бағытымен бұрап бекітіңіз.
Қосымша тұтқаның кергіш таспасы корпустағы арнайы
ойықта болғанына көз жеткізіңіз.
Бұрғылау патроны мен құралдарды таңдау
Соққымен бұрғылау және қашау үшін SDS-max бұрғылау
патронына салынатын SDS-max құралдары қажет болады.
Жұмыс құралын ауыстыру
Шаңнан қорғайтын қақпақ (3) жұмыс кезіндегі бұрғылау
шаңының құрал ұстағышқа кіріп кетуіне жол бермейді.
Құрылғыны орнату кезінде шаңнан қрғайтын қақпақтың
(3) зақымдалмағанын тексеріңіз.
Шаңнан қорғайтын қақпақ зақымдалса, оны дереу
u
ауыстыру керек. Оны қызмет көрсету
шеберханасында орындау ұсынылады.
Құралды алмастыру (SDS-max)
Алмалы-салмалы аспапты енгізу (B суретін қараңыз)
SDS-max құрал бекіткішімен алмалы-салмалы аспапты
қосымша құралдарды пайдаланбай жылдам және оңай
алмастыруға болады.
– Алмалы-салмалы аспаптың жалғанбалы ұшын тазалап,
аздап майлаңыз.
– Алмалы-салмалы аспапты құрал бекіткішіне өздігінен
бекітілгенше бұрап енгізіңіз.
– Құралды тарту арқылы оның құлыптанғанын
тексеріңіз.
Алмалы-салмалы аспапты шығару (C суретін
қараңыз)
– Бекіткіш бұранданы (4) артынан жылжытып, алмалы-
салмалы аспапты шығарыңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
1 609 92A 70K | (09.11.2021)
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Іске қосу
®
Bluetooth
Low Energy Module GCY 42 модулінің
u
қақпағы (11) жұмыс барысында жабық болғанын
қадағалаңыз. Осылайша шаңның кіруіне жол
бермейсіз.
Жұмыс режимін реттеу (D суретін қараңыз)
Электр құралының жұмыс режимін таңдау үшін құрама
ауыстырып-қосқышты (5) пайдалануға болады.
Нұсқау: жұмыс режимін электр құралы өшіп тұрғанда
ғана өзгертіңіз! Әйтпесе электр құралына зақым келуі
мүмкін.
Нұсқау: ажыратқыш бұғатталған кезде, басқа жұмыс
режиміне ауыссаңыз, электр құралы өшіп қалады.
– Жұмыс режимін ауыстыру үшін құрама ауыстырып-
қосқышты (5) шерту дыбысымен тірелгенше қажетті
күйге бұраңыз.
Бетон немесе тас бойынша соққымен
бұрғылау күйі
Алмалы-салмалы аспапты дайындамадан
босатуға арналған солға айналу күйі
Қашау күйін реттеуге арналған Vario-Lock
күйі.
Қашау күйі
Қосу/өшіру
– Қажет болса, ажыратқыштың реттеу түймесін (7)
жіберіңіз.
– Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (9) басыңыз.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières