• Баусымды ұзартқыш қолдансаңыз да, қолданбасаңыз
да, қонақтар баусымға шалыныспай, үстел қасында
еркін қозғалатындай етіп орналастырыңыз.
• Егер қоректендіру баусымы бүлінген болса,
қауіпсіздік мақсатында, оны өндірушісі немесе
тиісті қызмет көрсету орталығы, не болмаса білікті
маман ауыстырғаны дұрыс.
• Құралды сыртқы таймермен қолдануға және
қашықтықтан басқарудың жеке жүйесі арқылы
басқаруға болмайды.
• Үйіңіздегі электрмен қоректендіру желісіндегі
кернеудің құрал астында жазылған кернеуге
сәйкес келетінін тексеріңіз.
• Басқару тақтасы мен қоректендіру баусымын суға
салмаңыз.
• Сегіз жасқа толған балалар, қимыл, ақыл-ой
мүмкіндіктері шектеулі адамдар, тиісті тәжірибесі
мен білімі жоқ адамдар құралды олардың
қауіпсіздігіне жауапты адамның бақылауымен
немесе құралды қауіпсіз пайдалану жөнінде
нұсқаулық алғаннан кейін және қауіп төнуі мүмкін
екенін саналы түрде сезінген жағдайда ғана
қолдана алады. Балалардың құралмен ойнамағанын
қадағалаңыз. Балалардың құралмен ойнауына
болмайды. Сегіз жасқа толмаған балалар
145
KK