Bosch GTC 400 C Professional Notice Originale page 194

Masquer les pouces Voir aussi pour GTC 400 C Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 25
194 | Қазақ
жақ (8) көрсеткі түймесін басыңыз. Содан кейін
барлық файлдарды жою үшін оң жақ функциялық
түймені (13) немесе әрекетті тоқтату үшін сол жақ
функциялық түймені (7) басыңыз.
▪ <Құрылғы тұралы>
Осы мәзір тармағында өлшеу құралы туралы
ақпаратты шақыруға болады. Бұл жерде өлшеу
құралының сериялық нөмірін және орнатылған
бағдарламалық жасақтама нұсқасын табасыз.
Кез келген мәзірден шығу және стандартты индикатор
экранына қайтып оралу үшін өлшеу түймесін (17) басуға
да болады.
Өлшеу нәтижелерінің құжаттамасы
Өлшеу нәтижелерін сақтау
Қосылғаннан кейін өлшеу құралы бірден өлшеу әрекетін
бастайды және оны өшірілгенше үздіксіз жалғастырады.
Кескінді сақтау үшін камераны қалаулы өлшеу нысанына
бағыттап, сақтау түймесін (11) басыңыз. Кескін өлшеу
құралының ішкі жадында сақталады. Балама ретінде
өлшеу түймесін (17) (кідірту) басыңыз. Өлшеу әрекеті
қатырылып, дисплейде көрсетіледі. Бұл пайдаланушыға
кескінді мұқият қарап шығуға және кейінгі реттеуді
(мысалы, түстер палитрасы) орындауға мүмкіндік береді.
Егер қатырылған кескінді сақтау қажет болмаса, өлшеу
түймесі (17) арқылы өлшеу режимін қайта іске қосыңыз.
Кескінді өлшеу құралының ішкі жадына сақтау қажет
болса, сақтау түймесін (11) басыңыз.
Сақталған кескіндерді шақыру
Сақталған термограммаларды шақыру үшін төмендегі
әрекеттерді орындаңыз:
– Сол жақ функциялық түймені (13) басыңыз.
Дисплейде енді соңғы сақталған фотосурет пайда
болады.
– Сақталған термограммалардың арасында ауысу үшін
оң (8) немесе сол (12) жақ көрсеткі түймесін басыңыз.
Жоғары қаратылған көрсеткі түймесін (5) басу арқылы
жазылған термограмманы толық кескін ретінде де
көрсетуге болады.
Сақталған суреттерді өшіру
Бөлек термограммаларды жою үшін галерея көрінісіне
ауысыңыз:
– себет белгісінің астындағы оң жақ функциялық
түймені (7) басыңыз.
– Әрекетті оң жақ функциялық түймені (13) қосымша
басу арқылы растаңыз немесе жою әрекетін сол жақ
функциялық түймені (7) басу арқылы тоқтатыңыз.
<Суреттерді өшіру>
<Суреттерді өшіру> мәзірінде ішкі жадта сақталған
барлық файлдарды бір уақытта жоюға болады. Өлшеу
функцияларын шақыру үшін Func (6) түймесін басыңыз.
Енді оң жақ функциялық түймені (7) басып, <Өлшеу
құралы> → <Суреттерді өшіру> тармағын таңдаңыз.
Ішкі мәзірге кіру үшін оң жақ көрсеткі түймесін (8)
басыңыз. Содан кейін барлық файлдарды жою үшін сол
1 609 92A 6KU | (25.10.2021)
жақ функциялық түймені (13) немесе әрекетті тоқтату
үшін оң жақ функциялық түймені (7) басыңыз.
Деректерді тасымалдау
Деректерді USB интерфейсі арқылы тасымалдау
Мicro-USB ұясының қақпағын (3) ашыңыз. Өлшеу
құралының Мicro-USB ұясын (4) жинақтағы Мicro-USB
кабелі (24) арқылы компьютерге қосыңыз.
Енді өлшеу құралын қосу/өшіру түймесі (9) арқылы
қосыңыз.
Компьютеріңізде файл браузерін ашып, диск жетегін
GTC_400C таңдаңыз. Сақталған файлдарды өлшеу
құралының ішкі жадынан көшіруге, компьютеріңізге
жылжытуға немесе жоюға болады.
Қажетті әрекетті аяқтағаннан кейін диск жетегін
әдеттегідей компьютерден ажыратып, содан кейін өлшеу
құралын қосу/өшіру түймесі (9) арқылы қайтадан
өшіріңіз.
Назар аударыңыз: әрдайым алдымен диск жетегін
операциялық жүйеңізден шығарыңыз (диск жетегін
шығару), әйтпесе өлшеу құралының ішкі жады
зақымдалуы мүмкін.
Мicro-USB кабелін өлшеу әрекетінің барысында
шығарыңыз және қақпақты (3) жауып қойыңыз.
Корпусқа шаң немесе шашыранды су кірмеуі үшін, USB
интерфейсінің қақпағын әрдайым жабық ұстаңыз.
Нұсқау: өлшеу құралын USB арқылы компьютермен
байланыстырыңыз. Басқа құрылғыларға жалғаған
жағдайда, өлшеу құралы зақымдалуы мүмкін.
Термограммаларды қосымша өңдеу
Сақталған термограммаларды Windows операциялық
жүйесі орнатылған компьютеріңізде қосымша өңдеуге
болады. Ол үшін www.bosch-professional.com/thermal
мекенжайы бойынша өлшеу құралының өнім бетінде GTC
Transfer Software бағдарламалық жасақтамасын жүктеп
алыңыз.
Деректерді WLAN арқылы тасымалдау
Өлшеу құралы сақталған кескіндерді өлшеу құралынан
ақырғы мобильді құрылғыға сымсыз тасымалдауға
мүмкіндік беретін Wi-Fi интерфейсімен жабдықталған.
Пайдалану үшін арнайы Bosch қолданбалары
орнатылады. Оларды ақырғы құрылғыға байланысты
тиісті дүкендерден жүктеп алуға болады:
Bosch қолданбалары пайдаланушыға (кескіндерді
сымсыз тасымалдауға қоса) кеңейтілген функциялар
көлемін қамтамасыз етеді және өлшеу деректерінің қайта
өңделуін немесе ары қарай жіберілуін (мысалы, эл.
пошта арқылы) жеңілдетеді. Wi-Fi байланысы үшін қажет
болатын жүйелік алғышарттар туралы ақпаратты
www.bosch-professional.com/thermal мекенжайы
бойынша Bosch веб-сайтынан қараңыз.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières