Bosch GTC 400 C Professional Notice Originale page 192

Masquer les pouces Voir aussi pour GTC 400 C Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 25
192 | Қазақ
желдеткеннен біраз уақыт температурасын әдеттегі
температураға жеткенше қалпына келтіріңіз.
Температураларды шкала бойынша тағайындау
Дисплейдің оң жағында шкала (g) көрсетіледі.
Жоғарғы және төменгі шеттегі мәндер
термограммада жазылған максималды
температураға (f) немесе минималды
температураға (h) негізделеді. Шкала үшін
бүкіл пиксельдің 99,8 % есептеледі. Түстің
кескіндегі температура мәніне тағайындалуы
біркелкі үлестіру арқылы (сызықтық) жүзеге
асады.
Әртүрлі реңктердің көмегімен осы екі шектік
мәннің ішіндегі температураларды
тағайындауға болады. Максималды мен
минималды мәндердің тура арасында жатқан
температура мысал ретінде шкаланың ортаңғы
түс аймағына тағайындалады.
Белгілі бір аймақтың температурасын анықтау үшін
өлшеу құралын, температура индикаторы бар
қиылысу (k) қалаулы нүктеге немесе аймаққа
бағытталатындай, жылжытыңыз. Автоматты реттеуде
шкаланың түстер спектрі әрдайым максималды немесе
минималды температураның ішіндегі бүкіл өлшемдер
диапазонына сызықтық (= біркелкі) түрде үлестіріледі.
Өлшеу құралы өлшемдер диапазонындағы өлшенген
барлық температураларды бір-біріне қатысты көрсетеді.
Егер бір диапазонда, мысалы, түрлі-түсті көрсетілімде,
жылылық түстер палитрасында көкшіл болып көрсетілсе,
бұл көкшіл диапазондар ағымдағы өлшемдер
диапазонындағы суығырақ өлшеу мәндеріне қатысты
екендігін білдіреді. Алайда бұл диапазондар кейбір
жағдайларда жарақат алуға әкеле алатын температуралар
диапазонында болуы мүмкін. Сондықтан әрдайым
шкалада немесе тікелей қиылысуда көрсетілген
температураларға назар аударыңыз.
Функциялар
Түстердің көрсетілімін реттеу
Өлшеу жағдайына байланысты әртүрлі түстер
палитралары термограмманы талдау әрекетін жеңілдете
алады және нысандарды немесе жағдайларды дисплейде
түсініктірек көрсете алады. Өлшенген температураларға
бұл ретте еш әсер етілмейді. Бұл тек қана температура
мәндерінің көрсетілімін өзгертеді.
Түстер палитрасын ауыстыру үшін өлшеу режимінде
қалып, оң (8) немесе сол (12) жақ көрсеткі түймесін
басыңыз.
Термограмма мен шынайы кескінді
қабаттастыру
Бағдарлауды (= көрсетілген термограммалардың
кеңістіктік тағайындалуы) жақсарту үшін, температуралар
диапазондары теңестірілген кезде, визуалды шынайы
кескінді де қосуға болады.
1 609 92A 6KU | (25.10.2021)
Нұсқау: шынайы кескін мен термограмманың
қабаттастырылуы 0,55 м шамасындағы қашықтықта дәл
болады. Өлшеу нысанына дейінгі қашықтықтар өзгеше
болған жағдайда, негізінде шынайы кескін мен
термограмманың арасында ығысу пайда болады. Бұл
ығысуды GTC Transfer Software бағдарламалық
жасақтамасының көмегімен туралауға болады.
Өлшеу құралы пайдаланушыға төмендегі мүмкіндіктерді
ұсынады:
– 100% инфрақызыл кескін
Тек қана термограмма көрсетіледі.
– Кескін ішіндегі кескін
Көрсетілген термограмма кесіледі және айналадағы
аймақ шынайы кескін ретінде көрсетіледі. Бұл реттеу
өлшемдер диапазонының жергілікті тағайындалуын
жақсартады.
– Мөлдірлік
Көрсетілген термограмма шынайы кескіннің үстіне
мөлдір болып қойылады. Осылайша нысандарды
жақсырақ анықтауға болады.
Жоғары қаратылған (5) немесе төмен қаратылған (10)
көрсеткі түймесін басу арқылы реттеуді таңдауға болады.
Шкаланы бекіту
Термограммадағы түстердің үлестірілуі автоматты түрде
реттеледі, алайда оны оң жақ функциялық түймені (7)
басу арқылы бекітуге болады. Бұл әртүрлі
температуралық шарттарда жазылған (мысалы, бірнеше
бөлмеде жылылық көпірлерін тексергенде)
термограммаларды салыстыруға немесе термограммада
оны бұрмалауы мүмкін аса суық немесе ыстық
нысандарды (мысалы, жылылық көпірлерін іздеген
кездегі ыстық нысан ретіндегі радиатор) жасыруға
мүмкіндік береді.
Шкаланы қайтадан автоматты түрде қосу үшін оң жақ
функциялық түймені (7) қайтадан басыңыз.
Температуралар енді қайтадан динамикалық түрде әрекет
етеді және өлшенген минималды мен максималды
мәндерге бейімделеді.
Өлшеу функциялары
Қарап шығу кезінде көмектесе алатын басқа
функцияларды шақыру үшін Func түймесін (6) басыңыз.
Көрсетілген опциялардың ішінде сол (12) немесе оң (8)
жақ көрсеткі түймесі арқылы шарлап, функцияны
таңдаңыз. Функцияны таңдап, Func түймесін (6) қайтадан
басыңыз.
Төмендегі өлшеу функциялары қолжетімді:
– <Автоматты>
Термограммадағы түстердің үлестірілуі автоматты
түрде жүзеге асады.
– <Жылу іздеуіш>
Осы өлшеу функциясында өлшемдер диапазонындағы
жылырақ температуралар ғана термограмма ретінде
көрсетіледі. Осы жылырақ температуралардан тыс
диапазон сұр реңктерде шынайы кескін ретінде
көрсетіледі. Сұр реңктерде көрсетілім түрлі-түсті
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières