Bosch EasyPrune Notice Originale page 151

Sécateur sans fil
Masquer les pouces Voir aussi pour EasyPrune:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 18
Іске қосу
Тек техникалық мәліметтерінде көрсетілген
u
қуаттандыру құралдарын ғана пайдаланыңыз. Тек
қана осы қуаттандыру құралдары өзіңіздің электр
бұйымыңыздың ішіндегі литий-иондық
аккумуляторына сәйкес қылып шығарылған.
Аккумуляторды қуаттандыру (A суретін
қараңыз)
Нұсқау: Құрал сатылып не жеткізіліп берілген кезде оның
аккумуляторы жартылай қуаттандырылған қалыпта
болады. Аккумулятордың толық күшімен жұмыс істеуін
қамтамасыз ете алу үшін, оны электр құралды алғашқы
рет іске қосып қолдану алдынан, алдымен толығымен
қуаттандырып алыңыз.
Литий-иондық аккумуляторды әрқашан қуаттандырып
отыруға болады, бұл оның пайдалану мерзімін ешбір
түрде қысқартпайды. Қуаттандыру барысын үзу
аккумулятордың зақымдануына апармайды.
Литий-иондық аккумуляторы терең қуатсыздануға қарсы
қорғалған. Аккумулятор қуатсызданып қалған уақытта
сүйемелдеуші күшімен кесу функциясы өшіріліп, құрал
қолмен басқару функциясымен кесу диаметрлерінің
барлығы үшін әріғарай қолданыла алынады.
Кесу барысында аккумулятордың қуат күйін көрсететін
көрсеткіші (7) қысқа уақыт бойы қызыл түспен жыпықтап
тұрған жағдайларда аккумуляторды қуаттандыруыңыз
лазым.
Қуаттандыру құралының айыры электр розеткаға
енгізіліп, Микро USB ашасы (9) құрал тұтқасының
жоғарындағы Микро USB ұясына (5) енгізілгенде
қуаттандыру барысы басталады.
Микро USB ұясы (5) тек сақтандыру тоқтатқышы (6)
бекітіліп қойылғанда ғана жалғастыруға ашық болады.
Аккумулятор қуаттандыру күйінің көрсеткіші (7)
қуаттандыру барысының дәрежесін көрсетіп тұрады.
Қуаттандыру барысында көрсеткіш индикаторы жасыл
түспен жыпықтап тұрады. Аккумулятордың қуаттандыру
күйінің көрсеткіші тұрақты түрде жасыл түспен жануы
аккумулятордың толығымен қуаттандырылып
қойылғанын білдіреді.
Қуаттандыру барысында құралдың тұтқасы біраз қызады.
Бұл дағдылы қалып.
Қуаттандыру барысы аяқталғаннан кейін қуаттандыру
құралын электр ток желісінен ажыратыңыз.
Зарядтағыш құрылғыны ылғалдан қорғаңыз!
u
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды
орындаңыз.
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
Аккумулятордың қуаттандыру күйін көрсеткіш
индикаторы (7) аккумулятордың қуаттандырылу күйін
көрсетіп тұрады.
Жарықдиодтық шамы
Үздіксіз жарық жасыл түсті
Bosch Power Tools
Жарықдиодтық шамы
Жыпықтайтын жарық – жасыл түсті
Бір рет жыпықтауы, қызыл түспен
Қуаттандыру бойынша нұсқаулар
Құралды пайдалану алдынан оны қуаттандырып алыңыз.
Аккумулятордың қуаттандыру күйінің көрсеткіші келесі
жағдайларда қызыл түспен жыпықтап тұрады:
– қуаттандыру құралы зақымданып бұзылған қалыпта
– лайықты емес қуаттандыру құралы жалғастырылып
қойылған
Электр құралы артық кернеуден қорғау жүйесімен
жабдықталған. Артық кернеуден қорғау жүйесі іске
қосылып қалған жағдайларда құрал, зақымдануларды
болдыртпау үшін, бұғатталып қойылады. Артық
кернеуден қорғау жүйесін кері мәндеріне қайтару үшін,
құралға қуаттандыру құралын жалғастырыңыз. Құралды
қайта қолдану алдынан осы құралды, оның
аккумуляторының қуаттандыру күйін көрсеткіш
индикаторы тұрақты түрде жасыл түспен жана бастағанша
дейін, толығымен қуаттандырып алыңыз.
Пайдалану
Бұғаттан босату (B1 суретін қараңыз)
Сақтандырғыш тоқтатқышын (6) артқа қарай итеру
арқылы белсіздендіріңіз. Аспап ашылып, енді қолдану
үшін дайын болып тұрады.
Бұғаттау
Құралды қолданғаннан кейін тұтқаларын бірге қыса
тұрып, (6) алға қарай итеру арқылы бұғаттаңыз. Бақ
қайшысын, оны қолданбаған уақытта әрқашан бұғаттап
қойыңыз.
Құралды ұстау (B2–B4 суреттерін қараңыз)
Бақ құралын әрқашан алғы өрісінен, суретте
көрсетілгендей, ұстаңыз. Бақ құралын ешқашан
тұтқалардың артқы өрісінен немесе бармақты
(бармактарды) тұтқалар арасына қойып ұстамаңыз.
Сүйемелдеуші күші функциясымен кесу
(B суретін қараңыз)
Бақ құралы кесу барысында пайдаланушыға көмек етіп
тұрады. Құрал әдеттегі бақ қайшысы сияқты қолданылып,
қолмен басқару модусында, белгіленген бұтақ
диаметрінің мөлшерінен аспағанда, сүйемелдеуші күшсіз
де бұтақтарды кесе алады. Диаметрлері үлкендеу болған
бұтақтарды кескен уақытта құрал ішінде құрастырылған
қозғалтқыш өз-өзімен сүйемелдеуші күшіне
ауыстырылып қойылады. Сүйемелдеуші күші
функциясымен кесу барысындағы шу деңгейлері
қалыпты мәндерде болып тұрады.
Сүйемелдеуші күші функциясы тұтқаларға күш салынып
Қуаты
тұрған уақытта ғана қосылып тұрады. Тұтқаларға күш
≥35 %
Қазақ | 151
Қуаты
5 − 35 %
0 − 5 %
F 016 L94 019 | (04.03.2020)

Hide quick links:

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières