Bosch GMS 120 Professional Notice Originale page 243

Masquer les pouces Voir aussi pour GMS 120 Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 30
байланысты. Сондықтан жақын ортада басқа өлшеу әрекеттерін орындау арқылы
немесе басқа ақпарат көздері арқылы кернеу өткізгіш сымдардың бар-жоғын
тексеріп шығыңыз.
– Кернеу өткізбейтін сымдарды "Металл" жұмыс режимінде металл нысандар
ретінде табуға болады. Бұл ретте бұрама кабельдер көрсетілмейді (толық
материалды кабельдерге қарама-қарсы).
– Статикалық электр қуаты сымдардың дәл емес көрсетілуіне (мысалы, үлкен
диапазонда) немесе мүлде көрсетілмеуіне әкелуі мүмкін. Индикацияны жақсарту
үшін бос қолыңызды өлшеу құралының жанында алақанмен қабырғаға қойып,
статикалық электр қуатын кетіріңіз.
Пайдалану бойынша нұсқаулар
Нысандарды белгілеу
Қажет болса, табылған нысандарды белгілеуге болады. Әдеттегідей өлшеңіз.
Егер нысанның шектерін немесе ортасын тапсаңыз, ізделген жерді белгілеу
саңылауы (2) арқылы белгілеңіз.
Температураны бақылау
Өлшеу құралы температураны бақылау тетігімен жабдықталған, себебі дәл өлшеу,
өлшеу құралының ішінде температура тұрақты болғанда ғана орындалуы мүмкін.
Температураны бақылау индикаторы (g) жанса, бұл өлшеу құралының жұмыс
температурасынан тыс болғанын немесе шұғыл температура өзгерістері орын
алғанын білдіреді.
Өлшеу құралын өшіріп, қайта қоспас бұрын температурасын қалпына
келтіріңіз.
Ескерту функциясы
Дисплейде ескерту индикаторы (b) жанып, "Гипскартон" жұмыс режимі
түймесінің (11) үстіндегі жұмыс режимінің индикаторы (4) жыпылықтаса, өлшеуді
қайтадан бастау қажет. Өлшеу құралын қабырғадан алып, беттегі басқа жерге
қойыңыз.
Дисплейде ескерту индикаторы (b) жыпылықтаса, өлшеу құралын қорғаныш
қалтасында (19) өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына жіберіңіз.
Қосымша калибрлеу
"Металл" жұмыс режимінде, өлшеу құралының жанында ешқандай металдан
жасалған нысан болмаса да, өлшеу индикаторы (i) тұрақты ығысса, өлшеу құралын
қолмен қосымша калибрлеуге болады.
Батарея индикаторы (h) кемінде 1/3 қуатты көрсеткендігіне көз жеткізіңіз.
Bosch Power Tools
Қазақ | 243
1 609 92A 5DB | (23.02.2021)

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières