Жеткізілім Жиынтығы - Bosch GTS 10 J Professional Notice Originale

Masquer les pouces Voir aussi pour GTS 10 J Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 45
мүмкін. Ол шуыл шығару мәнін шамалап өлшеу үшін де
жарамды.
Берілген шуыл шығару мәні электр құралының негізгі
жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа
жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптар менен
немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса шуыл шығару
мәндері өзгереді. Бұл жұмыс барысындағы шуыл шығару
мәнін арттырады.
Шуыл шығару мәнін нақты есептеу үшін құрал өшірілген
және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да
ескеру қажет. Бұл жұмыс уақытындағы шуыл шығару
мәнін төмендетеді.
Монтаждау
Электр құралының кездейсоқ іске қосылуына жол
u
бермеңіз. Орнату кезінде және электр
құралындағы барлық жұмыстарда желі айыры
тоққа қосылмауы керек.
Жеткізілім жиынтығы
Электр құралын алғашқы рет іске қосудан алдын төменде
жазылған бөліктердің жинақта барлығын тексеріңіз:
– Ара дискісі (26) және сына (7) орнатылған үстелдік
дискілі ара
– Бұрыштық тірек (3)
– Профильдік тіреуіш (28)
– "Профильдік тіреуіш" бекіткіш жинағы (44)
(бағыттауыш пластина, домалатпа гайка, бұранда,
салмалы шайба)
– Параллель тірек (9)
– Қосымша параллель тірек (41)
– "Қосымша параллель тірек" бекіткіш жинағы (42) (3
бекіткіш бұранда, 3 салмалы шайба, 3 қатпарлы гайка)
– Қорғаныш қаптама (6)
– Алты қырлы дөңбек кілт (21)
– Алты қырлы дөңбек кілт (20)
– Шеңберлік кілт (22)
– Жылжыту таяғы (23)
– Үстел ендірмесі (25)
– Сору адаптері (32)
Нұсқау: электр құралында зақымдардың бар-жоғын
тексеріп шығыңыз.
Электр құралын пайдаланудан бұрын қорғаныш
аспаптардың немесе сәл зақымдалған бөліктердің
ақаусыз және мақсатына сай жұмыс істегенін тексеру
керек. Жылжымалы бөліктер ақаусыз жұмыс істегенін
және қысылмағанын немесе бөліктердің
зақымдалмағанын тексеріңіз. Барлық бөліктер дұрыс
орнатылуы және ақаусыз жұмыс істеуді қамтамасыз
ететін пайдалану шарттарына сәйкес келуі керек.
Зақымдалған қорғаныш аспаптар мен бөліктерді өкілетті
шеберханада жөндеу немесе алмастыру керек.
Bosch Power Tools
Компоненттерді монтаждау
– Жинақтағы бөліктерді абайлап орамаңыздан алып
қойыңыз.
– Бүтін орама материалын электр аспап пен жинақтағы
жабдықтардан алып қойыңыз.
– Қозғалтқыш блогының астынан орауыш материалды
алып тастаңыз.
Тікелей корпустың астына мына құрылғы элементтері
бекітіледі: жылжыту таяғы (23), шеңберлік кілт (22), алты
қырлы дөңбек кілт (21) және (20), параллель тірек (9),
бұрыштық тірек (3), сору адаптері (32), қосымша
параллель тірек (41) бекіткіш жинағымен (42), қорғаныш
қаптама (6).
– Осы құрылғы элементтерінің бірін қажет етсеңіз,
оларды сақтау қорабынан абайлап шығарып алыңыз.
Сынаны орналастыру (a1–a2 суреттерін қараңыз)
Нұсқау: қажет болса, монтаждалатын барлық бөліктерді
орналастырмас бұрын тазалап шығыңыз.
– Қос иінді (18) сағат тілінің бағытына қарсы ара дискісі
(26) аралау үстелінің үстінде ең жоғарғы күйде
тұратындай етіп тірелгенше бұраңыз.
– Қыспа иінтіректі (34) босатыңыз.
– Сынаны (7) қыспа иінтірек (34) бағытымен жоғары
қарай тартылғанша жылжытыңыз.
– Сынаны ара дискісінің тура ортасынан жоғары
орналасатындай етіп толығымен жоғары қарай
тартыңыз.
– Екі штифтті (35) сынаның астыңғы саңылауларына
тіркеп, қыспа иінтіректі (34) қайтадан бекітіңіз.
Үстел ендірмесін монтаждау (b суретін қараңыз)
– Үстел ендірмесін (25) аспап саңылауының артқы
ойықтарына (36) іліңіз.
– Үстел ендірмесін төмен қарай бағыттаңыз.
– Үстел ендірмесін аспап саңылауының алдыңғы
жағында тіркелгенше басыңыз.
Үстел ендірмесінің (25) алдыңғы жағы аралау үстеліне
қысылып немесе одан сәл төмен орналасуы тиіс, ал
артқы жағы аралау үстеліне қысылып немесе одан сәл
жоғары орналасуы тиіс (қараңыз „Үстел ендірмесінің
деңгейін реттеу (N суретін қараңыз)", Бет 307).
Қорғаныш қаптаманы монтаждау (c1–c2 суреттерін
қараңыз)
Нұсқау: қорғаныш қаптаманы сына ара дискісінің
ортасынан тура жоғары, ең жоғарғы күйінде
орналасқанда ғана монтаждаңыз (a2 суретін қараңыз).
Сына ең төменгі күйінде (жеткізілген кездегі күйде
немесе ойықтарды аралауға арналған күйде) болғанда,
қорғаныш қаптаманы монтаждамаңыз (a1 суретін
қараңыз).
– Қыспа иінтіректі (37) босатып, қорғаныш қаптаманы
(6) ұстағыштан (33) шығарып алыңыз.
– Бір қолмен қорғаныш қаптаманың (6) ара дискісінің
қорғанысын (жоғарғы металл шинасын) ұстап, басқа
қолмен қыспа иінтіректі (37) жоғары қарай тартыңыз.
Қазақ | 301
1 609 92A 5C2 | (26.07.2019)

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières