Жарылуы мүмкін орта
Жарылуы мүмкін ортада құрылғыны өшіріңіз және барлық
белгілер мен нұсқауларды орындаңыз. Әдетте, жарылуы
мүмкін орталарға автокөлік қозғалтқышын өшіруге кеңес
берілетін аумақтар кіреді. Осындай аумақтарда ұшқынды
тұтандыру жарылуға немесе өртке, нәтижесінде дене
жарақатына немесе тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Жанармай
станциялары сияқты орындарда құрылғыны қоспаңыз. Радио
жабдығын жанармай қоймаларында, үлестіру аумақтарында
және химия зауыттарында пайдалану шектеулерін сақтаңыз.
Сонымен қатар, жару жұмыстары жүріп жатқан аумақтардағы
шектеулерді сақтаңыз. Құрылғыны пайдалану алдында әдетте,
бірақ үнемі анық белгіленбейтін, жарылу қаупі бар аумақтарда
сақ болыңыз. Осындай орындарға кеме үстінің астындағы
аумақтар, химиялық заттар беру немесе сақтау нысандары
және ауа құрамында химиялық заттар немесе түйіршіктер,
тозаң немесе металл ұнтағы сияқты бөлшектер бар аумақтар
жатады. Сұйылтылған мұнай газын (мысалы, пропан немесе
бутан) пайдаланатын автокөлік өндірушілерінен бұл
құрылғыны оларға жақын аумақта қауіпсіз пайдалану
мүмкіндігін сұраңыз.
Жою және қайта өңдеу ақпараты
Өнімдегі, батареядағы, әдебиетіндегі немесе орауыштағы үсті
сызылған шелек таңбасы барлық электрондық өнімдердің және
батареялардың жарамдылық мерзімі аяқталған кезде бөлек
жинау нүктелеріне апару керектігін білдіреді; оларды
тұрмыстық қоқыспен бірге қалыпты қоқыс ретінде тастамау
керек. Жабдықты арнайы жинау нүктесіне немесе электр және
электрондық жабдықты (WEEE) және батареяларды жергілікті
заңдарға сәйкес бөлек қайта өңдеу қызметінің көмегімен тастау
пайдаланушының міндеті болып табылады.
109