82 | Қазақ
Кесілетін табақтың максималды қалыңдығы
Кесілетін табақтың максималды қалыңдығы d
материалдың беріктігіне байланысты болады.
Электр құралымен ең көбі мына қалыңдыққа ие
табақтарды кесуге болады:
Материал
макс. беріктігі
2
(Н/мм
Болат
400
600
800
Алюминий
200
Штемпельді майлау/суыту
Штемпельдің (5) қызмет ету мерзімін ұзарту үшін жақсы
салқындататын майлағыш құралды (мысалы, кескіш
құралға арналған майды) пайдалану керек.
Табақтың жоғарғы жағына жоспарланған кесік
сызығының бойымен майлағыш құралды жағыңыз.
Ұзақ жұмыстар немесе қатты тозуға әкелетін жұмыстарда
(мысалы, алюминийді кескенде) алмалы-салмалы
аспапты жүйелі түрде майлағыш құрал контейнеріне
батыру керек.
Кертілген таңба немесе үлгі бойынша кесу
Электр құралы сызғыш бойынша бағыттау кезінде тік
кесіктер оңай орындалады.
Электр құралын үлгі бойымен бағыттау арқылы
контурларды кесуге болады.
Ішкі кесіктер жасау үшін 16 мм диаметріндегі саңылауды
алдын ала бұрғылау қажет.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс
тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары
бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында
жүргізілуі тиіс.
Штемпельді (5) және қалыпты (4) әр 3 жұмыс сағаты
сайын тазалап майлаңыз.
Штемпель мен қалыпты дер кезінде алмастырыңыз,
себебі тек өткір құралдар жоғары кесу өнімділігіне қол
жеткізіп, электр құралын сақтайды.
Штемпельді (5) және қалыпты (4) қосымша өткірлеуге
болмайды.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
1 609 92A 504 | (21.06.2019)
өңделетін
max
d
max
)
(мм)
2,0
1,4
1,0
2,5
жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),
павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы
қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді
тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей
Федерациясының заңнамасымен белгіленген
мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан
пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар)
жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
тиіс.
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік
талаптары орындалуы тиіс:
– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы,
орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі
туралы мәліметтер беруге міндетті;
– Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып
алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға
мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа
бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып
алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай
әрекеттерге жол бермеуі тиіс;
– Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға
сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе
сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы
туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті;
– Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған),
жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар
және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы),
міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік
белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.
Қалыпты алмастыру
Қалып (4) бекітіліп тұрғанда, қысқыш бұранданы (3)
босатыңыз.
Жаппа гайканы (2) айыр тәрізді кілтпен (кілт ені 30 мм)
бұрап шығарыңыз. Қалыпты (4) бөлшектеп алыңыз.
Жаңа, жақсылап майланған қалыпты (4) енгізіңіз. Жаппа
гайканы (2) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Штемпельді алмастыру
Штемпельді (5) алмастыру үшін қалыпты (4) жоғарыда
сипатталғандай шығарып алыңыз.
Содан кейін қуыс бұранданы (6) бұрап шығарып,
штемпельді (5) шығарыңыз.
Жаңа, жақсылап майланған штемпельді (5) енгізіп, оны
қуыс бұрандамен (6) бұрап бекітіңіз. Қалыпты (4)
жоғарыда сипатталғандай қайтадан бекітіңіз.
Керек-жарақтар/қосалқы бөлшектер
Қалып (әмбебап)
Штемпель:
– қисық кесік үшін
– тік кесік үшін
– Әмбебап
2 608 639 900
2 608 639 013
2 608 639 016
2 608 639 022
Bosch Power Tools