Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Ара дискісін алмастыру (G1−G4 суреттерін
қараңыз)
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап
u
киіңіз. Аралау дискісіне тигенде жарақат алу қаупі
бар.
Максималды рұқсат етілген жылдамдығы электр
құралыңыздың бос жүріс күйіндегі айналу жиілігінен
жоғары болған ара дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы пайдалану нұсқаулығында берілген деректерге
сәйкес және EN 847-1 бойынша тексерілген және
тиісінше белгіленген ара дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы электр құралының өндірушісі ұсынған және
өңдегіңіз келетін материалға сәйкес келетін ара
дискілерін пайдаланыңыз. Бұл аралау кезінде ара
тістерінің қызып кетуіне жол бермейді.
Ара дискісін алып тастау
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Ішкі алты қырлы бұранданы (43) жинақтағы алты
қырлы гайка кілтімен (38) бұрап, бір уақытта
шпиндель бекіткішін (37) тірелгенше басыңыз.
– Шпиндель бекіткішін (37) басып тұрып, бұранданы
(43) сағат тілінің бағытымен бұрап шығарыңыз (сол
жақ бұранда!).
– Қысқыш фланецті (44) алып тастаңыз.
– Тұтқышты (3) басып, маятниктік қорғаныш қаптаманы
(5) тірелгенше артқа қайырыңыз.
– Маятниктік қорғаныш қаптаманы осы күйде ұстап, ара
дискісін (26) шығарып алыңыз.
– Маятниктік қорғаныш қаптаманы баяу артқа қарай
қайта апарыңыз.
Ара дискісін орнату
Қажет болса, барлық орнатылатын бөліктерді тазалаңыз.
– Тұтқышты (3) басып, маятниктік қорғаныш қаптаманы
(5) тірелгенше артқа қайырып, осы күйде ұстаңыз.
– Жаңа ара дискісін ішкі қысқыш фланецке (45)
орнатыңыз.
Орнатуда тістер кесу бағыты (аралау дискісінде
u
көрсеткі бағыты) қорғағыш қаптама көрсеткі
бағытымен сәйкес болуына көз жеткізіңіз!
– Маятниктік қорғаныш қаптаманы баяу артқа қарай
қайта апарыңыз.
– Қысқыш фланецті (44) және бұранданы (43)
орнатыңыз. Шпиндель бекіткішін (37) тірелгенше
басып, бұранданы сағат тілінің бағытына қарсы бұрап
бекітіңіз.
Bosch Power Tools
Пайдалану
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тасымалдау сақтағышы (H суретін қараңыз)
Тасымалдау қорғауышы (35) сізге түрлі жұмыс
жайларына тасымалдау кезінде электр құралын қолай
пайдалануға көмектеседі.
Электр құралын қорғауышынан босату (жұмыс күйі)
– Манипуляторды тұтқасында (1) аз төмен басып
тасымалдау қорағауышын (35) босатыңыз.
– Тасымалдау қорғағышын (35) толық сыртқа тартыңыз.
– Манипуляторды жай жоғарыға бағыттаңыз.
Электр құралын қорғауышын орнату (тасымалдау
күйі)
– Бекіткіш тұтқышты (32) тарту аспабын (31) қысып
қалған жағдайда босатыңыз. Манипуляторды алға
тартып, тарту аспабын бұғаттау үшін бекіткіш тұтқышты
қайтадан артқа басыңыз.
– Дәлдеу бұрандасын (24) толықтай жоғары бұрап
қойыңыз.
– Аралау үстелін (8) бұғаттау үшін бекіткіш тетікті (11)
тартып қойыңыз.
– Тұтқышты (3) басып, дәл сол уақытта манипуляторды
тұтқасынан (1) тасымалдау бекіткіші (35) толық ішке
басылғанша төмен қайырыңыз.
Манипулятор енді тасымалдауға дайын болып
бұғатталған.
Дайындаманы бекіту (I суретін қараңыз)
Оңтайлы жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
дайындаманы әрдайым мықтап қысу керек.
Қатты қысу үшін тым кіші болған дайындамаларды
өңдемеңіз.
– Дайындаманы (18) және (7) тіреуіш планкаларына
қарай басыңыз.
– Жинақтағы бұрандалы қысқышты (19) арнайы
саңылауларға (33) енгізіңіз.
– Құлақты бұранданы (46) босатып, бұрандалы
қысқышты дайындамаға сәйкестендіріңіз. Құлақты
бұранданы қайтадан тартыңыз.
– Дайындаманы бұрандалы өзекті (47) бұрау арқылы
қысыңыз.
Дайындаманы босату
Бұрандалы қысқышты босату үшін бұрандалы өзекті (47)
сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
Аралау үстелін ұзарту (J суретін қараңыз)
Аралау үстелінің ұзартқышындағы (48) иілімді жалғау
жүйесі көп мәртелі ұзартуға мүмкіндік береді.
– Қажет болса, иілімді аралау үстелінің ұзартқыштарын
(48) электр құралындағы қысқыштарға (36) немесе
Қазақ | 223
1 609 92A 4DT | (06.12.2018)