OBJ_BUCH-2385-001.book Page 111 Monday, March 2, 2015 10:30 AM
Ескертпе: Аккумулятор жарты зарядталған күйде
жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану
үшін оны алғаш рет пайдаланудан алдын толық
зарядтаңыз.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін
қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады.
Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына
әкелмейді.
Аккумулятор теріс температуралық коэффициенті бар
температураны басқару функциясымен жабдықталған, ол
тек 0 °C–45 °C температуралық режим шектерінде
зарядтауға мүмкіндік береді. Осылайша ұзақ пайдалану
мерзіміне қол жетеді.
Зарядталған аккумуляторды 17 салу үшін оны лотокка 28
ол сезімді тіреліп тексеру камерасына тиіп тұрғанша
жылжытыңыз.
17 аккумляторын алу үшін ашу пернесін 18 басып, 28
лотогынан тартып шығарыңыз. Осы кезде күш
салмаңыз.
Батарея адаптерімен пайдалану (шықпайды)
(3 601 B41 270) (C суретін қараңыз)
Батарея бөлімінің қақпағын 29 ашу үшін 18 ашу пернесін
басып, батарея бөлімінің қақпағын алып қойыңыз.
Батареяларды салуда полюстарының дұрыс тұруына
назар аударыңыз.
Батарея бөлімінің қақпағын 29 қайта салып сезімді
тіретіңіз.
Барлық батареяларды бірдей алмастырыңыз. Тек бір
өңдірушінің және қуаты бірдей батареяларды
пайдаланыңыз.
Ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, батареяларды
тексеру камерасынан алып қойыңыз. Ұзақ уақыт
жатқан батареяларды тот басуы және зарядын
жоғалтуы мүмкін.
Аккумулятор/батареялар зарядтау күйі
Аккумулятор/батарея заряды аз болса, алдымен
дисплейде
белгісі жанады. Белгі жанбаса,
акумуляторларды/батареяларды алмастыру немесе
аккумуляторды зарядтау қажет, тексерулерді орындау
мүмкін емес.
Камера кабелін орнату (D суретін қараңыз)
Тексеру камерасын іске қосу үшін камера кабелін 13 қол
аспабына 1 орнату керек.
Камера кабелінің штекерін 13 дұрыс ретте камера
ұяшығына 21 тірелгенше салыңыз.
Камера кабелін шешу (E суретін қараңыз)
Камера кабелін басып, 13 22 ысырмасын қысып,
штекерді қол құрылғыдан 1 шығарыңыз.
Айна, магнит немесе ілгекті орнату
(F суретін қараңыз)
Айнаны 25, магнит 23 пен ілгекті 24 көмек құралы ретінде
камера басына 14 орнату мүмкін.
Bosch Power Tools
Үш көмек құралының бірін суретте көрсетілгендей
тірелгенше камера басындағы 14 ойыққа салыңыз.
Ескертпе: Магнит 23 пен ілгек 24 тек бос тұрған, кіші және
жеңіл заттарды жылжыту немесе алып қоюға арналған.
Қатты тартуда тексеру камерасы немесе көмек құралы
зақымдануы мүмкін.
Пайдалану
Қол құрылғысы 1 мен аккумуляторды 17 ылғал мен
тікелей күн сәулелерінен қорғаңыз. Камера кабелі
мен камера басы дұрыс орнатылса, оларға су өтпейтін
болады. Бірақ қол аспабы мен аккумулятор судан
қорғалмаған, су тиген болса тоқ соғу немесе зақымдану
қауіпі пайда болады.
Тексеру камерасына айрықша температура немесе
температура тербелулері әсер етпеуі тиіс. Оны
мысалы автокөлікте ұзақ уақыт қалдырмаңыз. Үлкен
температура тербелулері жағдайында алдымен тексеру
камерасын температурасын дұрыстап соң
пайдаланыңыз.
Камера басындағы 14 линза буланған болса тексеру
камерасын пайдаланбаңыз. Ылғалдық буға
айналып кеткеннен соң ғана тексеру камерасын
қосыңыз. Әйтпесе тексеру камерасы зақымдануы
мүмкін.
Қосулы шам 15 жұмыс істегенде қызып кетуі
мүмкін. Күйіктердің алдын алу үшін шамға тимеңіз.
Пайдалануға ендіру
Микро SD картасын салу
Жоғарғы қаптаманы 10 ашып, микро SD картасын 20
тірелгенше ұяшығына 11 салыңыз. Жоғарғы қаптаманы
қайта жабыңыз.
Қосу/өшіру
Радионы қосу үшін қосу-өшіру пернесін 3 басыңыз.
Дисплейде 9 бастау экраны қысқа уақытқа көрсетіледі.
Тексеру камерасын өшіру үшін қосу-өшіру түймесін 3
қайта басыңыз.
Тексеру камерасында ешбір перне басылмаса, ол
реттелген ұзақтық (k) өткеннен соң автоматты түрде
өшеді.
Камера басындағы шырақты реттеу
Камера бейнесін жарықтандыру үшін камера басындағы
шамды 15 қосып, жарығын реттеуге болады.
Жарықты 4 басқышпен реттеу мүмкін (0 %, 25 %, 50 %,
100 %).
Камера шамын 15 қосып, жарықты арттыру үшін 7+
пернесін керекті жарық жетілгенше басыңыз.
Шыраққа 15 тікелей қарамаңыз және шырақты
басқа адамдарға қаратпаңыз. Шырақ жарығы көзді
шағылыстыру мүмкін.
Камера шамының 15 жарықтығын төмендету және өшіру
үшін 7 түймесін керекті жарықтық жетілгенше немесе
шырақ өшкенше басыңыз.
Қaзақша | 111
1 609 92A 124 | (2.3.15)