Тағайындалу Бойынша Қолдану - Bosch GNF Professional 20 CA Notice Originale

Rainureuse fraiseuse
Table des Matières

Publicité

OBJ_BUCH-126-003.book Page 166 Friday, August 19, 2016 1:30 PM
166 | Қaзақша
 Кесу шеңбері сыналанда, жұмыс үзілісінде электр
құралын өшіріңіз және шеңбер тоқтағанша
қозғалтпай ұстаңыз. Әлі айналып жатқан шеңберді
кесілген жерден шығаруға ешқашан тырыспаңыз,
бұл кері соққыға әкелуі мүмкін. Сыналану себебін
анықтаңыз және жойыңыз.
 Абразивті құрал әлі дайындамада кезде электр
құралды қайтадан қоспаңыз. Кесуді жалғастырмай
тұрып кесу шеңберіне толық айналымдарға жетуге
мүмкіндік беріңіз. Әйтпесе шеңбер тұрып қалуы,
дайындамадан ыршуы және кері соққыға әкелуі
мүмкін.
 Кесу шеңбері сыналанған жағдайда кері соққы
мүмкіндігін азайту үшін тақталарды және үлкен
дайындамаларды тіреңіз. Үлкен дайындамалар өз
салмағынан майысуы мүмкін. Дайындаманы кесіп
жатқан жердің екі жағында да, жиектерде де тіреу керек.
 Қабырғаларда және көрінбейтін аумақтарда кесуді
орындау кезінде әсіресе сақ болыңыз. Ендірілетін
кесу шеңбері кесу кезінде су құбырына, электр
сымдарына және басқа нысандарға тиюі, бұл кері
соққыға әкелуі мүмкін.
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары
Қорғаныш көзілдірікті киіңіз.
 Дайындаманы қысқышпен немесе басқа жолмен
тұрақты тіреуіште бекітіңіз. Егер дайындаманы тек
қолмен немесе денеге басып ұстасаңыз ол тұрақты
болмай бақылау жоғалтуына алып келуі мүмкін.
 Құлақты қорғау құралдарын, қорғаныш
көзілдірікті, шаңтұтқыш пен қолғаптарды киіңіз.
Шаңтұтқыш ретінде FFP 2 сыныпындағы кемінде
бір бөлшекті сүзгілейтін жартылық шаңтұтқышты
пайдаланыңыз.
 Қажетті темір іздеу құралдарын пайдаланып,
жасырылған су, газ, электр сымдарын табыңыз
немесе жергілікті қызмет көрсету ұйымдарын
шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ
соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау
жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырына тию
материалдық зиян немесе тоқ соғуына алып келуі
мүмкін.
 Жұмыстан соң кесу дискісін сұығанша тимеңіз. Кесу
дискісі жұмыс істеген кезде қатты қызады.
 Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік
ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі
қолмен сенімді басқарылады.
1 609 92A 2PP | (19.8.16)
Өнім және қызмет сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз.
Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді сақтамау тоқтың
соғуына, өрт және/немесе ауыр
жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Электр құралының суреті бар бетті ашып пайдалану
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құрал M шаң сыныпындағы шаңсорғышпен, қатты
тірелген күйде бағыттауыштармен болаттық бетон, тас пен
жол қаптамасы сияқты көбінше минералдық заттектерді су
пайдаланбай кесуге және оюға арналған.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
1 Тұтқа (беті оқшауландырылған)
2 Босату құлпы
3 Фрезерлеу блогы үшін босату пернесі
4 Аралау бұрышының шкаласы
5 Тереңдікті шектеу тірегін орнату пернесі
6 Тереңдік шектегіші
7 Айналма дөңгелек
8 Жұмыс бағытының көрсеткісі
9 Шпиндельді бекіту түймесі
10 Қосқыш/өшіргіш
11 Қызметтік белгі(GNF 35 CA)
12 Сорғыш шланг*
13 Аспирациялық келте құбыр
14 Бағыттайтын планка(GNF 20 CA)*
15 Параллельді тірек үшін бағыттауыш болттар
(GNF 20 CA)*
16 Ажарлау шпинделі
17 Тірек фланеці
18 Алмас кесу шеңбері*
19 Дистанциялық шайба
20 Қысқыш гайка
21 Қысатын сомынның екі тесікті кілті*
22 Сындыру аспабы*
23 Айналу бағыты
*Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты
жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің
жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Gnf professional 35 ca06016217030601612503

Table des Matières