Бетон немесе тас бойынша соққымен
бұрғылау күйі
Ағаш, металл, керамика және пластмасса
бойынша соққысыз бұрғылау және бұрау
күйі
Қашау күйін реттеуге арналған Vario-Lock
күйі
Бұл күйде соққыны/айналуды тоқтату
қосқышы (16) бекітілмейді.
Қашау күйі
Айналу бағытын реттеу
Айналу бағытын ауыстырып-қосқыштың (11) көмегімен
электр құралының айналу бағытын өзгертуге болады.
Алайда ажыратқыш (13) басылғанда осы әрекетті
орындау мүмкін емес.
Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (11) электр
u
құралы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Соққымен бұрғылау, бұрғылау және қашау үшін айналу
бағытын әрдайым оңға айналу күйіне реттеңіз.
– Оңға айналу: айналу бағытын ауыстырып-
қосқышты (11) солға қарай тірелгенше
жылжытыңыз.
– Солға айналу: айналу бағытын ауыстырып-
қосқышты (11) оңға қарай тірелгенше
жылжытыңыз.
Қосу/өшіру
– Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (13)
басыңыз.
Жұмыс шамы (17) ажыратқыш (13) кішкене немесе
толық басылғанда жанады және жеткіліксіз болған жарық
жағдайында жұмыс аймағын жарықтандырады.
Электр құралын алғаш рет қосқан кезде, аздаған кідіріс
орын алуы мүмкін, себебі электр құралының
электроникасы алдымен конфигурациялануы қажет.
Төмен температураларда электр құралы белгілі бір уақыт
өткеннен кейін толық бұрғылау/соққы қуатына жетеді.
– Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (13)
жіберіңіз.
Айналу жиілігін/соққы санын реттеу
– Ажыратқышты (13) басу күшін өзгерте отырып,
қосылған электр құралының айналу жиілігін/соққы
санын біртіндеп реттеңіз.
Ажыратқыш (13) сәл басылса, төмен айналу жиілігі/
соққы саны қосылады. Қысым күшейсе, айналу жиілігі/
соққы саны ұлғаяды.
Bosch Power Tools
Electronic Precision Control (EPC)
EPC сезімтал материалдарда соққымен жұмыс істеген
кезде баяу үдеу және төмендетілген қызметтік айналу
жиілігі арқылы пайдаланушыға қолдау көрсетеді.
– EPC қосқышын (8) қажетті күйге жылжытыңыз.
Максималды қызметтік айналу жиілігінің
күйі
Баяу іске қосылу және төмендетілген
қызметтік айналу жиілігінің күйі
Қорғауыш жалғастырғыш
Алмалы-салмалы аспап қысылса немесе ілінсе
u
бұрғылау шпинделіне беріліс тоқтатылады.
Осында пайда болатын күш себебінен электр
құралын екі қолмен қатты ұстап бекем қалыпта
тұрыңыз.
Егер электр құралы тіреліп қалса, электр құралын
u
өшіріп алмалы-салмалы аспапты босатыңыз.
Бұғатталған бұрғылайтын аспапты қосу кезінде
жоғары реактивті күш пайда болады.
Жылдам өшіру (Kickback Control)
Жылдам өшіру (KickBack Control)
электр құралын жақсырақ бақылауға
көмектеседі және осылайша KickBack
Control құралынсыз электр
құралдарымен салыстырғанда
пайдаланушы қорғанысын да
күшейтеді. Электр құралы бұрғы осі
бойынша кездейсоқ және күтілмеген
ретте айналса, электр құралы өшеді.
– Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (13) жіберіп,
қайта басыңыз.
Жылдам өшіру электр құралындағы жұмыс шамының
(17) жыпылықтауы арқылы көрсетіледі.
Пайдалану бойынша нұсқаулар
Бұрғылау тереңдігін реттеу (L суретін қараңыз)
Тереңдік шектегішімен (20) қажетті бұрғылау
тереңдігін X реттеуге болады.
– Тереңдікті шектеу тірегін орнату түймесін (18) басып,
тереңдікті шектеу тірегін қосымша тұтқаға (19)
орнатыңыз.
Тереңдік шектегішінің (20) бұдыр жағы төмен қарап
тұруы қажет.
– SDS-plus-алмалы-салмалы аспабын SDS-plus
аспапының ұстағышына (3) тірелгенше жылжытыңыз.
Кері жағдайда SDS-plus-аспабының жылжымалылығы
бұрғылау тереңдігіне қате орнатылуы мүмкін.
– Тереңдік шектегішін бұрғы ұшымен тереңдік шектегіші
ұшының аралығы қажетті бұрғылау тереңдігіне X тең
болғанша тартыңыз.
Қазақ | 185
1 609 92A 5GC | (14.11.2019)