Bosch GWS 1000 Professional Notice Originale page 179

Masquer les pouces Voir aussi pour GWS 1000 Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 23
OBJ_BUCH-310-008.book Page 180 Thursday, August 22, 2013 8:28 AM
180 | Қaзақша
Тегістеуге арналған қорғағыш қаптама
Қорғағыш қаптаманы 11
шпиндель мойнына суретке сай
кіргізіңіз. Қорғағыш
қаптаманың үшбұрышты
белгілері редуктор басындағы
сәйкес белгілерге сәйкес келуі
керек.
Шпиндель мойнындағы
қорғашғы қаптаманы 11 басып,
қаптамадағы буртикті электр
құралдың фланеціне
отырғызыңыз және қорғағыш
қаптаманы шырт еткен дыбыс
естілгенше бұрыңыз.
Қорғағыш қаптаманы 11 жұмыс процесінің талаптарына
сай орнатыңыз. Бұл үшін бұғаттаудын шығару иінтірегін 1
жоғары басыңыз және қорғағыш қаптаманы 11 қажет
күйге бұрыңыз.
 Қорғағыш қаптаманы 11 оператордың жағына
қарай ұшқындардың ұшуы болмайтындай
орнатыңыз.
 Қорғағыш қаптама 11 бұғаттаудан шығару
иінтірегін 1 пайдаланғанда ғана бұрылуы керек!
Әйтпесе құралды ары қарай пайдалану мүмкін емес
және сервистік қызметке тапсыру керек.
Нұсқау: Қорғағыш қаптамадағы кодтау жұдырықшалары
11 тек электр құралға жарайтын жабдықты орнатуды
қамтамасыз етеді.
Кесуге арналған қорғағыш қаптама
 Байланысты абразивтер көмегімен кесу үшін
әрқашан кесуге арналған қаптаманы 13
пайдаланыңыз.
 Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын
қамтамасыз етіңіз.
Қорғағыш қаптама 13 сонымен бірге тегістеуге арналған
қорғағыш қаптама 11 ретінд де орнатылады.
Бағыттауыштар көмегімен кесуге арналған қорғағыш
қаптама
Бағыттауыштары 20 бар қорғағыш қаптама тегістеуге
арналған қорғағыш қаптама 11 ретінде де орнатылады.
Тегістеуге арналған сорушы қаптама
Қатты қорытпа тостаған тәрізді тегістеу шеңбері 8 немесе
егеуқұм қағазы 17 бар резеңке тегістеу тәрелкесінің 16
көмегімен шаң шығармай бояуды, лактарды және
пластмассаларды тегістеу үшін соратын қалпақты 6
пайдалануға болады. Соратын қалпақ 6 металды өңдеуге
жарамайды.
Соратын қалпақты 6 Bosch фирмасының қолайлы
шаңсорғышына қосуға болады.
Соратын қалпақ 6 қорғағыш қаптама 11 ретінде
орнатылады. Дөңгелек қылшақты ауыстыруға болады.
1 609 92A 0E8 | (22.8.13)
Қосымша тұтқа
 Электр құралыңызды тек қосымша тұтқа 4 менен
пайдаланыңыз.
Қосымша тұтқаны 4 редукторлық бастың оң жағында
немесе сол жағында бұрап бекітіңіз.
Қол қорғағышы
 Резеңке тегістеу тәрелкесімен 16 немесе тостаған
тәрізді қылшақпен/дискілік щеткамен/жапырақ
тәрізді тегістеу шеңберімен жұмыстар үшін
әрқашан қол қорғағышын 15 орнатыңыз.
Қол қорғағышын 15 қосымша тұтқа 4 көмегімен бекітіңіз.
Ажарлауыш құралдарын орнату
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
 Тегістеу және кесу шеңберлеріне тимеңіз.
Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
Тегістеу шпинделін 5 және барлық орнатылатын
құралдарды тазалаңыз.
Абразивті құралды бұрап алу және бекіту үшін шпиндельді
бекіту түймесін 2 басып, шпиндельді бекітіңіз.
 Шпиндельді бекіту түймесін тек шпиндель
тоқтатылған күйде басыңыз. Әйтпесе электр құралын
зақымдау мүмкін.
Тегістеу шеңбері/кесу шеңбері
Тегістеу құралдарының өлшемдерін ескеріңіз. Орнату
тесігінің диаметрі тірек фланецке сәйкес болуы керек.
Адаптерлерді немесе жалғастырғыш тетіктерді
пайдаланбаңыз.
Алмас кесу шеңберлерін пайдаланғанда алмас кесу
шеңберіндегі жылжыту бағытының көрсеткісі электр
құралдағы айналу бағытына сәйкес болуын қадағалаңыз
(редукторлық бастағы көрсеткіні қараңыз).
Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген.
Тегістеу/кесу шеңберін бекіту үшін қысқыш гайканы 9
орнатыңыз және екі бүйірлік тесігі бар дөңгелек
гайкаларға арналған кілтпен бұрап бекітіңіз, „Тез қысқыш
гайка" тарауын қараңыз.
 Тегістеу құралын орнатқаннан кейін қосу алдында
орнатудың дұрыстығын және құралдың еркін
айналатынын тексеріңіз. Тегістеу құралы қорғағыш
қаптамаға және басқа бөлшектерге үйкелмей
айналып жатқанына көз жеткізіңіз.
Ортаға келтіретін буртиктің тірек
фланецінде 7 пластмасса бөлшек
(дөңгелек қимасы бар сақина) бар.
Дөңгелек қимасы бар сақина жоқ
немесе зақымдалған болса, ары
қарай пайдаланбай тұрып тірек
фланецті 7 міндетті түрде ауыстыру
керек.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières