Қуырылған жұмыртқа, көкөніс, ірімшік немесе суық кесіктер қосылған фриттата, ет, көкөніс
немесе балық пен біркелкі орамалар қосылған папиллот дайындауға мүмкіндік беретін
Tupperware Micro Delight бұйымын таңдағаныңызға алғыс білдіреміз. Одан басқа, қысқа
толқынды пешті пайдалана отырып, оңай әрі жылдам дайындалатындықтан, уақытыңыз бен
күш-қуатыңыз үнемделеді. Негізгі пайдалану нұсқаулары қақпағының ішкі жағында жазылған.
Мин. 0 °C
Макс. 120 °C
Қуатты үнемдеп, қоршаған ортаны қорғау мақсатында ыдыс жуғыш машинаны төмен температуралы
бағдарламаға қойып қолданыңыз.
Қуырылған жұмыртқа дайындау нұсқаулары 1-2 орташа бөлікке арналған (тек сүт
не су қосылған жұмыртқалар):
1. Араластыратын тостаққа жұмыртқаларды жарып, жұмыртқаның сарысы жұмыртқаның
ағымен толығымен араласқанша, шайқағышпен не шанышқымен араластырыңыз.
Нәтижелері жақсы болуы үшін араласқан жұмыртқаға кішкене су не сүт қосу ұсынылады.
Егер жұмыртқаларды араластыру үшін шайқағышты пайдалануды таңдасаңыз, араласқан
жұмыртқада ауа көп болатындықтан, қуырылған жұмыртқа көтерілуі мүмкін.
2. Араласқан жұмыртқаны Micro Delight ыдысына құйыңыз.
3. Қақпағын жауып, Micro Delight ыдысын духовкаға максималды қуаты 900 Вт 5 минуттан
асырмай НЕМЕСЕ қуаты 400 Вт 10 минуттан асырмай қойыңыз.
4. Қалаған уақытыңыз бен қуат бірлігін қою үшін төмендегі кестеден пісіру нұсқауларына
қараңыз. Micro Delight ыдысында ең аз дегенде 2 және ең көп дегенде 4 жұмыртқаны кез
келген уақытта басқа ингредиенттерсіз дайындауға болатынын есіңізде ұстаңыз.
Жұмыртқалар саны
2
3
4
* Мәндер қысқа толқынды пештің брендіне / өлшеміне және қалаған құрамы мен дәміне байланысты
реттелуі керек.
5. Micro Delight ыдысын тұтқасынан екі қолыңызбен жақсылап ұстап, қысқа толқынды пештен
шығарыңыз. Духовкалық қолғап киіп алу ұсынылады.
6. Дайындалған тағамды Micro Delight ыдысынан силикон қалақпен оңай алуға болады.
Сіздің қанағаттануыңыз және қауіпсіздігіңіз үшін төменде біраз негізгі сақтық
шаралары берілген:
• Бірінші рет пайдаланардың алдында жаңа бұйымыңызды жуып алғаныңызға әрдайым көз
жеткізіңіз.
• Бұйымды дұрыс пайдалану үшін әрдайым қысқа толқынды пешіңіздің нұсқаулығына
қараңыз. Егер айналатын табақша болса, Micro Delight оған сәйкес келетініне ЖӘНЕ
айналатын табақшаның дұрыс айналатынына көз жеткізіңіз.
• Tupperware Micro Delight ыдысы температурасы 0° C - 120 °C аралығындағы тағамдарға
қауіпсіз. Мұздатқышта пайдаланбаңыз. Тағамдарды жоғары температураларда әзірлеуге
пайдаланбаңыз.
• Қысқа толқынды пеште бір уақытта 10 минуттан аса пайдаланбаңыз. Қайта пайдаланардың
алдында бұйым мен қысқа толқынды пешті салқындатып алыңыз.
• Қысқа толқынды пеште пайдаланғаннан кейін құрамы ыстық болады. Екі қолыңызбен
ұстаңыз.
• Саусақтарыңызды бу күйдірмеуі үшін тамақ берілгенде қақпағын әрдайым өзіңізден
алыстатып көтеріп ашыңыз.
• Бояудың жағылуына жол бермеу үшін сафронды, карриді немесе басқа да түрлі түсті
дәмдеуіштерді дайындалған тағамға қосуға немесе қызанақты не карри тағамдарын қайта
қыздыруға кеңес берілмейді. Бояу бұйымның жұмысына әсер етпейді және ол Tupperware
кепілдігінде қамтылмаған.
• Негізінен болат пышақпен жеу бұйымның сызылуына себеп болуы мүмкін. Сызықтар
бұйымның жұмысына әсер етпейді және ол кепілдікте қамтылмаған.
• Рецептке бекон, шошқаның тұздалған майы, сыр, т.б. сияқты майы көп ингредиенттерді
қосқыңыз келген кезде бұйымды бүлдіріп алмау үшін жұмыртқа немесе шырынды
көкөністерді қосу ұсынылады. Сондай-ақ, дайындалған тағамды бұл ингредиенттермен
әзірлеген кезде төмен қуатты пайдалану ұсынылады.
• Біраз тағам қалған кезде оны қақпақсыз суытып алыңыз, сосын қақпағын жауып,
тоңазытқышқа салыңыз. Егер біраз уақыттан кейін тағамды қайта қыздырғыңыз келсе,
кішкене су қосып, қақпағын ашып қойып, ең көп дегенде 600 Вт қуатпен қайта қыздырыңыз.
• Қатты тағам иістеріне немесе бояуларына жол бермеу үшін пайдаланғаннан кейін әрдайым
контейнерді суық сумен бірден шайып қойыңыз. Барлық құрауыштарын ыдыс жуатын
машинада жууға болады. Араластыру, тазалау немесе беру үшін ысатын немесе үшкір
заттарды пайдаланбаңыз.
Micro Delight
Ватт
350 - 450 Ватт
350 - 450 Ватт
350 - 450 Ватт
Ұзақтығы*
2 - 3 мин
3 - 4 мин
4 - 6 мин
KK