5.4
Жақтау ілмегін монтаждау (керек-жарақ)
1. Жақтау ілмегін орнатыңыз.
2. Жақтау ілмегін екі бұрандамен бекітіңіз.
5.5
Биіктен құлаудан қорғаныс
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі құралдың және/немесе керек-жарақтың құлауынан!
▶ Тек өнім үшін ұсынылған Hilti құрал ұстағыш арқанын қолданыңыз.
▶ Құрал ұстағыш арқанның бекіту нүктесінде әр пайдалану алдында зақымдардың бар-жоғын тексеріп
шығыңыз.
▶ Құрал ұстағыш арқанды белдік ілмегіне бекітпеңіз. Белдік ілмегін өнімді көтеру үшін пайдаланбаңыз.
Биік жерде жұмыс істеу бойынша ұлттық нұсқамаларды орындаңыз.
Бұл өнім үшін биіктен құлаудан қорғаныс ретінде тек Hilti ұсынған #2293133 құлаудан сақтандырғышын
Hilti ұсынған #2261970 құрал ұстағыш арқанымен бірге қолданыңыз.
▶ Құлаудан сақтандырғышты керек-жараққа арналған монтаждық саңылауларға бекітіңіз.
бекітілгенін тексеріңіз.
▶ Құрал ұстағыш арқанның карабинін құлаудан сақтандырғышқа, ал екінші карабинді жүк көтеретін
құрылымға бекітіңіз. Екі карабиннің берік бекітілгенін тексеріңіз.
Hilti құлаудан сақтандырғышының және Hilti құрал ұстағыш арқанының пайдалану бойынша
нұсқаулықтарына назар аударыңыз.
5.6
Картридждерге арналған картридж ұстағышын алдын ала монтаждау
1. Құлыптан босату түймесін басып тұрыңыз.
2. Жарамды (қысқа) беріліс қарнағын, тісті ілінісу астында болатындай, аспап ішіне өткізіңіз.
3. Тұтқаны беріліс қарнағының артқы жағына орнатып, бұрандамен бекітіңіз.
4. Картридж ұстағышын байланыстырғыш муфтаға бұрап орнатыңыз.
5.7
Картриджді енгізу
1. Құлыптан босату түймесін басыңыз.
2. Беріліс қарнақтарын тірелгенше кері тартыңыз.
3. Картриджді кеңсе пышағының көмегімен ашыңыз.
4. Бірген берілген саптаманы монтаждаңыз.
5. Картриджді, астыңғы жағын піспекке қаратып, картридж ұстағышына енгізіңіз және оны алдыңғы
аймақта тірелгенше төмен аударыңыз.
6. Картридждің берік бекітілуін қамтамасыз ету үшін беріліс қарнағын алға қарай қолмен жылжытыңыз.
5.8
Үлдірлі орам мен картридждер үшін алюминий құбырын алдын ала монтаждау
1. Құлыптан босату түймесін басып тұрыңыз.
2. Жарамды (ұзын) беріліс қарнағын, тісті ілінісу астында болатындай, аспап ішіне өткізіңіз.
3. Тұтқаны беріліс қарнағының артқы жағына орнатып, бұрандамен бекітіңіз.
Үлдірлі орамға арналған піспек саптамасының беріліс қарнағына монтаждалғанына көз
жеткізіңіз.
4. Картридж ұстағышын байланыстырғыш муфтаға бұрап орнатыңыз.
Картридждерді алюминий құбырымен өңдеген кезде міндетті түрде үлдірлі орамға арналған
піспек саптамасын бөлшектеу қажет, әйтпесе картриджге зақым келеді.
146
Қазақ
5
2
2293542
*2293542*
Берік
3
4