Қауіпсіздік шаралары
Орнату
• Өнімді орнату немесе жөндеуден кейін əрқашан газдың (суық агенттің)
ақпайтындығын тексеріңіз.
- Хладагенттің төмен деңгейлері өнімнің бұзылуына əкелуі мүмкін.
• Судың дұрыс ағып кетуін қамтамасыз ету үшін төгу шлангын орнатыңыз.
- Қосылымның дұрыс орнатылмауы судың ағып кетуіне себеп болуы мүмкін.
• Өнімді орнатқан кезде деңгейі тең болуы тиіс.
- Дірілді немесе судың ағып кетуін болдырмау үшін.
• Өнімді сыртқы блогынан шығатын шу не ыстық ауа көршілестік қатынастардың
бұзылуына себеп болатын жерлерге орнатпаңыз.
- Бұл көршілеріңізге жайсыздық тудыруы мүмкін.
• Өнімді екі немесе одан да көп адам көтеруі жəне тасымалдауы қажет.
- Жеке жарақаттанудың алдын алыңыз.
• Өнімді теңіз желі (тұздың бүркуі) тікелей əсер ететін жерге орнатпаңыз.
- Бұл өнімнің тот басуына əкелуі мүмкін. Əсіресе, конденсатор мен буландырғыш
қабырғаларындағы тот басу ақаулыққа не жеткіліксіз өнімділікке апарып соғуы
мүмкін.
• Суық агент тізбегімен жұмыс істейтін немесе оны ашатын кез келген адам өндірістік
салада аккредиттелген бағалау органының жарамды сертификатына ие болуы
тиіс, осылайша, оның суық агенттермен салалық бағалау сипаттамасына сəйкес
қауіпсіз түрде жұмыс істеуіне сенімді бола аласыз (R32 үшін).
Жұмыс
• Теріні ұзақ уақыт бойы салқын ауаның əсеріне ұшыратпаңыз. (Азынақ өтінде
отырмаңыз.)
- Бұл денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін.
• Құрылғыны азықты сақтау, өнер туындылары жəне т. б. сияқты арнайы мақсат
үшін пайдаланбаңыз. Бұл белгілі бір мұздату жүйесі емес, тұтынушылық ауа
салқындатқыш.
- Мүліктің зақымдалу немесе мүліктен айрылу қаупі бар.
• Ауа ағынының кірісін немесе шығысын бітемеңіз.
- Бұл өнімнің істен шығуына себеп болуы мүмкін.
• Өнімді тазалау үшін жұмсақ шүберек қолданыңыз. Қатты жуғыш құралдарды,
ерітінділерді т.б химиялық қоспаларды пайдаланбаңыз.
- Өрт шығу, электр тогының соғу немесе құрылғының пластикалық бөлшектерінің
зақымдалу қаупі бар.
• Ауа сүзгісін шығарып алған кезде құрылғының металл бөліктеріне тимеңіз. Олар
өте өткір!
6
ішкі блогы
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ