Télécharger Imprimer la page

Hilti NURON AG 6D-22-150 Mode D'emploi page 289

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 51
▶ Ажарлау, егеуқұм қағазымен тазалау, кесу және бұрғылау кезінде пайда болатын шаңның
құрамында қауіпті химиялық заттар болуы мүмкін.
қорғасын негізіндегі бояулар; плитка, бетон және басқа кірпіш қалау өнімдері, табиғи тас және
басқа силикаттық өнімдер; емен, шамшат және химиялық затпен өңделген сүрек сияқты белгілі бір
сүрек түрлері; асбест немесе құрамында асбест бар материалдар.
айналасындағы адамдарға әсер ету дәрежесін өңдеу орындалатын материалдардың қауіп класы
бойынша анықтаңыз. Әсерді қауіпсіз деңгейде сақтау үшін шаң жинайтын жүйелерді пайдалану
немесе арнайы тыныс алу органдарының қорғанысын киіп жүру сияқты қажетті шараларды
қолданыңыз. Әсер ету дәрежесін азайту бойынша жалпы шараларға төмендегілер жатады:
▶ Жақсы желдетілген аймақта жұмыс істеу,
▶ Шаңның ұзақ уақыт бойы тиюіне жол бермеу,
▶ Шаңды көз бен денеден алыстату,
▶ Қорғаныс киімін киіп жүру және әсер етілген жерлерді сумен және сабынмен жуу.
▶ Пайдаланушы мен оның айналасындағы адамдар өнімді пайдалану барысында арнайы көз
қорғанысын, қорғауыш шлем мен құлақ қорғанысын пайдалануы тиіс.
▶ Құлап қалған құралдардан және/немесе керек-жарақтардан жарақат алу қаупі бар. Жұмысты
бастамас бұрын аккумулятор мен қондырылған керек-жарақтың берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
▶ Желдету саңылауларын әрдайым бос ұстаңыз. Үсті жабылған желдету саңылауларынан өрт қаупі
туындайды!
▶ Өнімді жұмыс күйіне орнатылғаннан кейін ғана қосыңыз.
▶ Өнімді алып тастау алдында оның толығымен тоқтатылған күйге орнатылғанына дейін күтіңіз.
▶ Құралды алмастырған кезде қорғауыш қолғап киіңіз. Алмалы-салмалы аспапқа тию кесіктерге және
күйіктерге апарып соғуы мүмкін.
▶ Егер өнім тұрақты жұмыс шегінен асырса немесе заряды бос аккумулятор анықталса, құрал
қозғалтқыш арқылы емес тоқтатылуы мүмкін.
Электр құралдарымен дұрыс жұмыс істеу және дұрыс пайдалану
▶ Ажарлағыш дискілерді өндірушінің нұсқауларына сай сақтаңыз және қолданыңыз.
▶ Өнімді қорғауыш қаптамасыз қолдануға тыйым салынады.
▶ Өңделетін бөлшекті берік бекітіңіз. Дайындаманы бекіту үшін струбциналарды немесе қысқышты
қолданыңыз. Бұл оны қолмен ұстап тұрудан сенімдірек және бұл кезде өнімді екі қолмен ұстауға
болады.
▶ Қорғауыш құлаққапты киіңіз. Үстіңгі беті үлкен болатын жұқа табақтарды немесе жеңіл дірілдейтін
құрылымдарды ажарлау әрекеті берілген шуыл эмиссиясының көрсеткіштерінен әлдеқайда жоғары
шуыл эмиссиясын тудыруы мүмкін. Мұндай дайындамалар арнайы шаралар (мысалы, ауыр, иілгіш
оқшаулағыш төсеніштерді орнату) арқылы шуылдан барынша қорғалуы керек.
▶ Абразивті кесу дискілерін сиырып ажарлау үшін қолдануға тыйым салынады.
▶ Алмалы-салмалы аспап пен фланецті берік бекемдеңіз.
фланец жеткіліксіз берік бекітілген болса, өшіргеннен кейін алмалы-салмалы аспаптың тежеу кезінде
шпиндельден шығып кету ықтималдығы болады.
▶ Бұл өнімге ешқандай белдік ілгектерін бекітпеңіз.
Электр қауіпсіздігі
▶ Жұмысты бастамас бұрын, жұмыс аймағындағы электрлік сымдар, газ бен су құбырлары жабық
екендігіне көз жеткізіңіз. Қуыт сымына, газ немесе су құбырына зақым келтірген жағдайда, өнімнің
сыртындағы металл бөліктер ток соғуға немесе жарылысқа әкелуі мүмкін.
▶ Ток өткізетін материалдарды жиі өңдеген кезде кір өнімдерді Hilti қызмет көрсету орталығына
жүйелі түрде тексертіңіз. Қолайсыз жағдайларда аспап бетінде жиналатын ылғал мен шаң (әсіресе
төк өткізгіш материалдардан) электр тогының соғуын тудыруы мүмкін.
Жұмыс орны
▶ Тесіп өтетін бұрғылау кезінде қауіпті аймақты қабырғаның қарама-қарсы жағынан қоршаңыз.
Сыртқа шығатын немесе төмен түсетін сынықтар жарақаттауы мүмкін.
▶ Тірек қабырғаларында және басқа құрылыстарда тесіктерді жасау олардың беріктігін өзгертеді,
әсіресе арматураны немесе ұстап тұратын құрылыстарды кескенде. Жұмысты бастау алдында
инженер-құрылысшыдан немесе басқа жауапты тұлғадан кеңес алыңыз.
Қорғауыш қаптамаларды пайдалану бойынша қосымша нұсқаулар
Төмендегі тәуекелдердің алдын алу үшін әрдайым дұрыс қорғауыш қаптаманы пайдаланыңыз, мына
бөлімді қараңыз: «Қолданылған жабдық үшін дискілердің тағайындалуы».
▶ Қапталдарды ажарлауға арналған алдыңғы қақпағы бар стандартты қорғауыш қаптама
пайдаланылған кезде, қорғауыш қаптама дайындамаға тиіп, бақылау мүмкіндігінен айырылуға
әкелуі мүмкін.
*2282186*
2282186
Мысалдары келесідей: қорғасын немесе
Пайдаланушы мен оның
Егер алмалы-салмалы аспап немесе
Қазақ
281

Publicité

loading