Télécharger Imprimer la page

Bosch GKF 600 Professional Notice Originale page 128

Masquer les pouces Voir aussi pour GKF 600 Professional:

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 19
128 | Қазақ
– Фреа қорабын
таңбаламасымен
қысқыш иінтіректі қайтадан жауып қойыңыз.
– Фрезерлеу тереңдігінің реттелгенін тәжірибе арқылы
тексеріп, қажетінше түзетіңіз.
Фрезерлеу тереңдігін келесідей дәлдеп реттеуге болады:
– Қысқыш иінтірек (10) ашық болғанда, жетек блогын
таңбаламасымен
белгісіне орнатыңыз.
– Реттегіш дөңгелекпен (3) қажетті фрезерлеу
тереңдігін реттеп шығыңыз.
– Қысқыш иінтіректі жауып қойыңыз.
Пайдалану бойынша нұсқаулар
Фрезаларды соқтығысудан және соққыдан
u
қорғаңыз.
Шеттік немесе пішіндік фрезалар (G суретін қараңыз)
Параллель тірексіз жиектерді және профидьдерді
фрезерлеу кезінде фреза бағыттағыш шетмойынмен
немесе шарикті подшипникпен жабдықталуы керек.
Қосылған электр аспапты бағыттағыш шетмойын немесе
шарикті подшипник дайындаманың өңделетін жиегіне
тірелетіндей етіп қойыңыз.
Электр құралын дайындама шеті жағалай басқарыңыз.
Сонымен қатар, тік бұрышты қойылуын қадағалаңыз. Тым
қатты күш түсірген жағдайда дайындама жиегі
зақымдануы мүмкін.
Параллель тірекпен фрезерлеу (H суретін қараңыз)
Жиекке параллель кесу үшін параллель тіректі (17)
орнатуға болады.
Параллель тіректі (17) фреза қорабына (2) домалатпа
басты бұрандамен (16) бекітіңіз.
Параллель тіректегі (18) қатпарлы бұрандамен қажетті
тіреу тереңдігін реттеңіз.
Қосылған электр құралын біркелкі алға қарай жүріспен
және параллель тіректі бүйірінен қысу арқылы
дайындама жиегінің бойымен жүргізіңіз.
Фрезалар бағыттауышпен (I суретін қараңыз)
Жылжыту көмекшісі (19) бағыттауыш цапфа немесе
шарлы мойынтірексіз фрезалармен шеттерді
фрезерлеуге арналған.
Бағыттауышты фрезерлеу қорабында (2) сомынмен (16)
бекітіңіз.
Электр құралын бірдей ретте жылжытып дайындама шеті
жағалай басқарыңыз.
Жан аралық: Материал алудың көлемін өзгерту үшін
дайындама мен сырғанақ дөңгелек(22) арасындағы жан
аралықты жылжыту көмекшісінде (19) реттеңіз.
Қатпарлы бұранданы (20) босатып, керекті жан
аралықты қатпарлы бұранданы (21) бұрап орнатып,
қатпарлы бұранданы (20) қайта бұрап бекітіңіз.
Биіктігі: Пайдаланған фрезаға және өңделетін
дайындамаға байланысты жылжыту көмекшісінің
вертикалды бағытталуын орнатыңыз.
Сомынды (16) бағыттауышта босатып, бағыттауышты
керекті күйге жылжытып бұранданы тартып қойыңыз.
1 609 92A 7XZ | (18.07.2022)
Фреза қорабының қаптамасын монтаждау (J суретін
белгісіне бұрап,
қараңыз)
Электр құралын қарқынды пайдаланған кезде, фреза
қорабы қызып кетеді. Қолды қорғау үшін бұл жағдайда
фреза қорабының қаптамасын (керек-жарақ)
монтаждауға болады.
Қысқыш иінтіректі (10) алып тастаңыз.
Фреза қорабының қаптамасын (23) жоғарыдан фреза
қорабына (2) орнатыңыз.
Қысқыш иінтіректі, ол жабық болғанда жетек блогы (1)
фреза қорабында берік ұсталып тұратындай, қайтадан
бұрап бекітіңіз.
Бұрыштық фреза қорабымен фрезерлеу (K–
M суреттерін қараңыз)
Бұрыштық фреза қорабы (24) қол жеткізу қиын болатын
жерлерде ламинацияланған жиектерді фрезерлеуге,
арнайы бұрыштарды фрезерлеуге және жиектерді
қисайтуға арналған.
Бұрыштық фреза қорабымен жиектерді фрезерлеген
кезде, фреза бағыттауыш цапфамен немесе шарлы
мойынтірекпен жабдықталуы қажет.
Бұрыштық фреза қорабын монтаждау үшін тиісті
(қараңыз „Фреза қорабын монтаждау (E суретін
қараңыз)", Бет 127) бөліміндегі жұмыс қадамдарын
орындаңыз.
Дәл бұрышқа қол жеткізу үшін, бұрыштық фреза
қорабында (24) 7,5° қадамдар бойынша тіректер бар.
Жалпы реттеу диапазоны 75° құрайды (алға қарай 45°
және артқа қарай 30°).
Екі қатпарлы бұранданы (25) босатыңыз.
Қажетті бұрышты шкаланың (26) көмегімен реттеп,
қатпарлы бұрандаларды (25) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Сырғу тақтасын алмастыру (N суретін қараңыз)
(30) сырғу тақтасын (6) сырғу тақтасының орнына
монтаждауға болады және ол қосымша тұтқаны (27) және
шаңсорғышты жалғау мүмкіндігін ұсынады.
– Сырғу тақтасының (6) астыңғы жағындағы төрт
цилиндрлік бұранданы бұрап шығарып, сырғу
тақтасын алып тастаңыз.
– Сырғу тақтасын (30) жеткізілім жиынтығындағы
бекіткіш бұрандалармен тірек тақтасына бұрап
бекітіңіз.
Шаңсорғышты жалғау үшін сырғу тақтасына (30) сору
адаптерін (29) монтаждау қажет.
– Сору адаптерін жеткізілім жиынтығындағы екі
бұрандамен сырғу тақтасына бұрап бекітіңіз.
– Сорғыш шлангіні (Ø 35 мм) монтаждалған сору
адаптеріне енгізіңіз.
– Оңтайлы соруды қамтамасыз ету үшін сору адаптерін
жүйелі түрде тазалап тұру керек.
Жиектерді өңдеу үшін сорғыш қапты (28) қосымша
пайдаланыңыз.
– Сорғыш қапты сырғу тақтасы (30) мен сору
адаптерінің (29) арасында монтаждаңыз.
Bosch Power Tools

Publicité

loading