Sony BKM-243HSM Instructions D'utilisation page 30

Masquer les pouces Voir aussi pour BKM-243HSM:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 10
Қазақ
HD/D1-SDI кіріс адаптері
Құрылғыны пайдаланудың алдында мына
нұсқаулықты оқыңыз жəне оны болашақта
пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Бұл белгі өндірушіні көрсетеді жəне
өндірушінің аты мен
мекенжайының жанында
көрсетіледі.
Өндірілген күні қорапта жазылған.
ЖЖЖЖ – жылды жəне АА – айды
көрсетеді.
Бұл өнім Sony корпорациясы тарапынан
немесе оның атынан жасалған, 108-0075,
Жапония, Токио, Минату-ку, Конан, 1-7-1.
Кеден Одағының территориясындағы
импортер: «Sony Electronics» ЖАҚ, 123103,
Ресей, Мəскеу, Карамышевский көшесі, 6
Жапонияда жасалған
30
Ескерту
Ескерту
Радио пышақпен жəне тағы басқа
құралдармен бірге пайдалануға
қатысты
Егер құрылғы радио пышақ жəне тағы басқа
құралдармен бірге пайдаланылса, сурет
зақымдалуы, бүлінуі немесе керісінше
құрылғыдан шығатын қатты радио
толқындар немесе кернеу салдарынан
нашар нəтиже көрсетуі мүмкін. Бұл ақау
емес.
Құрылғыны қатты радио толқындар мен
кернеу шығаратын құрылғымен бірге
пайдалансаңыз, мұндай құрылғыларды
пайданбас бұрын əсерін тексеріңіз жəне
радио толқын кедергісін азайтатындай етіп
орнатыңыз.
Ылғал конденсацияға қатысты
Егер құрылғы салқын орыннан жылы
орынға ауыстырылса немесе орта
температурасы кенет көтерілсе,
құрылғының сыртқы қабатында жəне/
немесе ішінде ылғал пайда болуы мүмкін.
Бұл конденсация ретінде белгілі.
Конденсация пайда болса, құрылғыны
өшіріп, конденсация тазаланғанша оны іске
қоспаңыз. Конденсация кезінде құрылғыны
пайдалансаңыз, оның зақымдалуы мүмкін.
Бөлшектердің болжалды қызмет
көрсету уақытына қатысты
Электролиттік конденсатордың болжалды
қызмет көрсету уақыты қалыпты пайдалану
температурасында жəне қалыпты қолданыс
жағдайында (күніне 8 сағат, айына 25 күн)
шамамен 5 жылды құрайды. Егер
пайдалану жағдайы жоғарыда келтірілген
қалыпты пайдалану жиілігінен асып кетсе,
онда сəйкесінше пайдалану мерзімі
қысқаруы мүмкін.

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières