(D) Бойлердің ұйқы режимі
Ұйқы кезінде қайнатқыштың температурасы қуат
алуды азайту үшін төмен түседі. Бірақ, есіңізде
болсын, үтіктің температурасы өзгермей
қалады.
• Бұл кезең егер де бу 10 минуттай шықпаса
іске қосылады.
• Бумен үтіктеуді қайта қосу үшін, не бу түймесін
(15), не қайта реттеу түймесін (4) не көздеп
үтіктеу түймесін (16) басу қажет.
(E) Үтіктеген соң
• Құрылғыны өшіру үшін, Қосу/Өшіру түймесін (1)
бас.
• Құрылғыны жинап қояр алдында, қуат көзінен
ажыратып, сууын күтіңіз.
• Шұңғылдағы суды төгіңіз.
• Бекіту жүйесі бар үлгілі (13) үтіктерді бекітіңіз (F).
(F) Бекіту жүйесі
Бекітуі жүйесін бу бекеті мен үтікті қауіпсіз сақтау
үшін қолдануға болады. Құрылғыны бекітілген
үтіктің ұстағышынан ұстап көтермеңіз немесе
алып жүрмеңіз.
• Үтік табанын темір төсемнің ойығына
орналастырыңыз.
• Үтікті бекіту үшін, жылжығышты (13) үтікке қара
итеріңіз.
• Үтікті босату үшін жылжығыштағы түймені
төмен қарай итеріңіз. (13). Үтік босатылады.
(G) Қақтан тазалау
Жұмысы дұрыс болу үшін, жүйені әр 15 литр су
қолданылғаннан кейін тазалап отыру қажет (8
рет қайта толтырумен тең). Шам (3) жыпылықтап
тұр.
• Бірінші, құрылғыны өшіріп, қуаттан
ажыратыңыз.
• Шұңғылдағы суды төгіңіз. (E).
• Үтікті қойғыштан алып тастаңыз (қажет болса,
үтікті босатып алыңыз). Құрылғы әбден
суығанша күтіңіз. (кем дегенде 2,5 сағат).
• Мөлдір қақпақты алып тастап (10) тазалау
клапанын бұрап алыңыз (12).
• Қайнатқышты босат.
• 500 мл тек құбыр суын құйыңыз. Еш имиялық
заттарды, қоспаларды, қақ тазалағыштарды
қолданбаңыз.
• Тазалау клапанын бұрап (12) қайнатқышты
жабыңыз.
• Бу бекетін шаю үшін жақсылап шайқаңыз,
суын төгіңіз.
• Осы қадамдарды тағы бір рет орындаңыз.
86
• Қақтан тазалап болған соң, қуат көзіне
косыңыз, түймесін қосыңыз (1) және қайта
реттеу түймесін басыңыз (4), 5 секундтан соң
тазалау шамы (3) өшеді.
Егер құрылғы қақтан тазаланбай өшірілсе, онда
тазалау шамы (3) келесі қосылған кезде
қайтадан жыпылықтай бастайды..
(Н) Тазалау және күту
жұмыстары
• Тазалар алдында үнемі құрылғының өшіріліп,
қуат көзінен ажыратылып, толық суығанына
көз жеткізіп алыңыз.
• Үтіктің табанын дымқыл және құрғақ матамен
тазалап сүртіп алыңыз. Ешқашан
тырнағыштар, сірке қышқылы я басқа
имиялық заттарды қолданбаңыз.
• Ұстағышындағы жұмсақ материалды тазалау
үшін дымқыл шүберек қолданыңыз.