Télécharger Imprimer la page

Indesit TAAN 6 FNF Serie Mode D'emploi page 53

Masquer les pouces Voir aussi pour TAAN 6 FNF Serie:

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 22
ішіне үшкір және кесетін заттарды, сонымен қатар өндіруші
рұқсат бергендерін қоспағанда электр құралдарын
салмаңыздар.
• Мұздатқыштан жаңадан алынған мұз бөліктерін ауызға
салмаңыздар. Бұл бұйымды физикалық, сезімталдық
немесе ақыл-есінде кемістігі бар (балаларды қоса
алғанда), тәжірибесіз тұлғалар немесе тәжірибесіз
тұлғалардың бұйымды олардың қауіпсіздіктері үшін
немесе бұйымды пайдалануды үйретуге жауапты тұлғаның
бақылауысыз пайдалануына рұқсат берілмейді.
• Балаларға бұйыммен ойнауға рұқсат бермеңіздер. Оларға
жәшіктерге отыруға және есіктерге сүйкеніп тұруға рұқсат
бермеңіздер.
Қоршаған ортаны қорғау ережелерін сақтау
• Тоңазытқышты салқын жақсы желдетілетін жайға сақтаңыз,
тіке күн сәулелерінің түсуінен сақтаңыздар, сонымен
қатар бұйымды жылу шығаратын заттың жанына
орналастырмаңыз.
• Азық-түліктерді қажет болған жағдайда ғана алуға, салуға
тырысыңыздар.
• Ыстық тағамдарды қоймаңыздар, өйткені ол камераның
ішіндегі температураның артуына әкеледі, ол
компрессордың
артық жұмыс істеуін талап етеді, оған электр энергиясы да
көп жұмсалады.
• Бұйымды мұз пайда бола салысымен үнемі ерітіп
отырыңыздар («Техникалық қызмет көрсету» бөлімін қара);
мұздың қалың қабаты азық-түлікке суықтың берілуін
қиындатады, сонымен қатар электр энергиясының
тұтынылуын арттырады.
Ақауларды жою
Егер тоңазытқышыңыз жұмыс істемей қалса, қолдау
қызметіне («Қолдау» бөлімін қара) қоңырау шалмас бұрын
төмендегілерді тексеріп алыңыз:
Ішкі жарық жанбаған жағдайда.
• Вилка электр розеткасына қосылмаған немесе толық
байланыс жоқ, болмаса үйде электр энергиясы жоқ.
• МҰЗДАТҚЫШ ЖҰМЫСЫ тұтқасы ӨШІРУЛІ күйінде
Тоңазытқыш немесе мұздатқыш суытпайды.
• Есік дұрыс жабылмаған немесе нығыздағыштары
зақымдалған.
• Есіктер жиі ашылады.
• Аса жоғары температура тапсырылған («Қосу» бөлімін
қара).
• Тоңазытқыш және мұздатқыш бөлімдері толып тұр.
• Тоңазытқыш айналасындағы температура 14°C төмен.
Тоңазытқыштағы тағам суымайды.
• ТЕМПЕРАТУРАНЫ РЕТТЕУ түймесі дұрыс орнатылмаған.
• Тағам тоңазытқыштың ішкі артқы қабырғасына тиіп
тұрады.
Мотор үнемі қосылып тұрады.
• Есік дұрыс жабылмаған немесе үнемі ашылып тұрады.
• Қоршаған орта температурасы өте жоғары.
• Мұздың қалыңдығы 2-3 мм артық («Техникалық қызмет
көрсету» бөлімін қара)
Тоңазытқыш қатты шулайды.
• Тоңазытқыш тегіс беткейде орналастырылмаған («Орнату»
бөлімін қара).
• Тоңазытқыш вибрация беретін және шу жасайтын
шкафтардың ортасына қойылған.
• ВІшкі хладагент өшірулі компрессордың өзінде аздап
шуылдап тұрады. Бұл қалыпты жағдай.
Тоңазытқыштың кейбір сыртқы бөліктері суық.
• Температураның осылай көтерілуі тоңазытқыштың кейбір
бөліктеріне конденсат жиналып қалмауы үшін қажет.
Тоңазытқыштың ішкі артқы қабырғасы мұзбен немесе
су тамшыларымен көмкерілген
• Бұл тоңазытқыштың қалыпты жұмысын білдіреді.
KZ
53

Publicité

loading