176 | Қазақ
Ілгекті монтаждау (F–G суреттерін қараңыз)
Қаптаманы (21) бүйірінен қысып, шығарып алыңыз.
Ілгекті (32) монтаждап, екі бұрандамен бекітіңіз.
Бұрандаларды 1,8–2 Нм моментімен бұрап бекітіңіз.
Ілгекті (32) қайыруға болады.
Пайдалану
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Пайдалану түрлері
Кесік тереңдігін реттеу (C суретін қараңыз)
Аралау тереңдігін дайындаманың қалыңдығына
u
байланысты реттеңіз. Дайындаманы көру мүмкін
болуы үшін ол тістің толық биіктігінен азырақ болуы
керек.
Қысқыш тұтқышты (19) босату. Шағын аралау тереңдігі
үшін араны тірек тақтадан (8) ары тартыңыз, үлкен
тереңдік үшін араны тірек тақтаға (8) басыңыз. Аралау
тереңдігінің шкаласы бойынша қажет өлшемді
орнатыңыз. Цангалық қысқышты (19) берік бекемдеңіз.
Еңіс бұрышын реттеу
Электр құралды қорғағыш қаптаманың (6) бүйірлік
бөлігіне қойыңыз.
Еңіс бұрышын алдын ала таңдауға арналған реттегіш
иінтіректі (17) босатыңыз. Араны бүйірге қайырыңыз.
Қажетті өлшемді шкалада (14) орнатыңыз. Реттегіш
иінтіректі (17) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Нұсқау: Бұрышпен аралау тереңдігі аралау тереңдігінің
шкаласында (5) көрсетілген саннан кем.
Кесік белгілері
0
45
0° кесу белгісі (12) тік бұрышпен аралау кезіндегі аралау
дискісінің күйін көрсетеді. 45° кесу белгісі (13) 45°-
бұрышпен аралау кезіндегі аралау дискісінің күйін
көрсетеді.
Дұрыс кесік істеу үшін дискілік араны суретте
көрсетілгендей дайындамаға орнатыңыз. Сынақ кесігін
жасап көріңіз.
1 609 92A 7TB | (18.05.2022)
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Зарядталған аккумуляторды (3) электр құралына берік
бұғатталғанша кіргізіңіз.
Қосу/өшіру
Электр құралын іске қосу үшін алдымен құлыптау
пернесін (1) басып кейін қосқыш/өшіргішті (2) басып
ұстап тұрыңыз.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (2)
жіберіңіз.
Нұсқау: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті (2)
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Терең заряд жоғалту қорғанысы
Литий-иондық аккумулятор электрондық элементтерді
қорғау (ECP) арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған.
Аккумулятор заряды жоқ болса электр құралы қорғаныс
схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа
қозғалмайды.
Пайдалану нұсқаулары
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Кесік ені пайдаланған ара дискісіне байланысты өзгереді.
Аралау дискілерін соқтығысудан және соққыдан
қорғаңыз.
Электр құралды біркелкі және кесу бағытында азғантай
қысыммен жүргізіңіз. Тым қатты қысым қондырманың
қызмет көрсету мерзімін айтарлықтай қысқартады және
электр құралды зақымдауы мүмкін.
Аралаудың өнімділігі және сапасы көбінесе аралау
дискісінің күйі мен пішініне байланысты. Сондықтан тек
өткір және өңделіп жатқан материалға жарайтын аралау
дискілерін пайдаланыңыз.
Ағашты аралау
0
45
Аралау дискісін дұрыс таңдау ағаштың түріне және
сапасына, сосын бойлай немесе көлденеңінен аралауға
байланысты.
Көлденеңінен аралау кезінде ұзын серіппелі жоңқа пайда
болады.
Емен мен шамшат шаңы денсаулыққа өте зиянды,
сондықтан тек шаңсорғышпен жұмыс істеңіз.
Параллель тірекпен аралау (D суретін қараңыз)
Параллельді тіреуіш (10) дайындама жиегі бойымен дәл
аралауларды жүзеге асыруға және өлшемі бірдей
жолақтарға кесуге мүмкіндік береді.
Параллель тіректің (10) бағыттауыш бағанын тірек
тақтасындағы (8) бағыттауыш арқылы өткізіп
жылжытыңыз. Параллель тіректі (10) құлақты
бұрандамен (15) бекітіңіз.
Bosch Power Tools