Télécharger Imprimer la page

Bosch GWS 18V-180 P Professional Notice Originale page 231

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 28
Металды кесу
Металды композиттік дискілермен немесе алмас
u
кескіш дискілермен кескен кезде әрдайым
ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы (9)
монтаждалған кесуге арналған қаптамамен (10)
бірге пайдаланыңыз.
Ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы (9)
u
байланыстырылған кескіш дискілермен кесу
жұмыстары үшін пайдаланған кезде, дискілер
сынған жағдайда, ұшқын мен бөлшектер және диск
бөліктері тиюінің артқан қаупі туындайды.
Кескіш дискімен кескенде біркелкі, материал үшін дұрыс
беріліспен жұмыс істеңіз. Кескіш дискіге қысым
түсірмеңіз, оны еңкейтпеңіз және шайқамаңыз.
Бүйірлік қысыммен айналғанда кескіш дискіні
тоқтатпаңыз.
Электр құралын әрқашан айналу
бағытына қарсы жүргізу керек.
Әйтпесе бақылаусыз кесілген
жерден шығу қаупі туындайды.
Профильдерді немесе төрт қырлы
құбырларды кесу кезінде кесуді ең
аз көлденең қимада бастаңыз.
Тасты кесу
Тасты композиттік дискілермен немесе тас/бетонға
u
арналған алмас кескіш дискілермен кескен кезде
әрдайым ажарлауға арналған қорғаныш
қаптаманы (9) монтаждалған кесуге арналған
қаптамамен (10) бірге пайдаланыңыз.
Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын
u
қамтамасыз етіңіз.
Шаңтұтқыш маскасын киіңіз.
u
Бұл электр құралды тек құрғақ кесу/құрғақ тегістеу
u
үшін пайдалануға болады.
Ажарлауға арналған қорғаныш қаптама (9) немесе
u
кесуге арналған қаптамасы (10) монтаждалған
ажарлауға арналған қорғаныш қаптама (9) бетон
немесе кірпіш қалау бойынша кесу және ажарлау
жұмыстары үшін пайдаланылған кезде, асқын шаң
жүктемесі пайда болып, электр құралын бақылау
мүмкіндігінен айырылу қаупі көтеріледі, бұл кері
соққыны тудыруы мүмкін.
Тасты кесу үшін алмас кескіш дискілерді пайдаланған
жөн.
Құрамында қиыршық тас өте көп болатын аса қатты
материалдарды, мысалы, бетонды өңдеу кезінде алмас
кескіш диск қызып кетуі және зақымдалуы мүмкін. Алмас
кескіш дискідегі ұшқын осыны білдіреді.
Осы жағдайда жұмысты тоқтатыңыз және алмас кескіш
дискіні бос жүріс күйінде, ең жоғары жылдамдықта қысқа
уақыт салқындатыңыз.
Өнімділіктің айтарлықтай төмендеуі және пайда болатын
ұшқын алмас кескіш дискінің дөкір болғанын білдіреді.
Оны абразивті материалда, мысалы, силикат кірпіште
қысқаша кесу арқылы өткірлеуге болады.
Bosch Power Tools
Басқа материалдарды кесу
Пластик, композиттік материалдар және т.с.с.
u
материалдарды композиттік кескіш дискілермен
немесе Carbide Multi Wheel кескіш дискілерімен
кескен кезде әрдайым ажарлауға арналған
қорғаныш қаптаманы (9) монтаждалған кесуге
арналған қаптамамен (10) бірге пайдаланыңыз.
Статика туралы нұсқаулар
Көтергіш қабырғалардағы ойықтар ұлттық
нормативтермен реттеледі. Бұл нұсқауларды міндетті
түрде орындау керек. Жұмысты бастамас бұрын статика
жөніндегі маманмен, сәулетшімен немесе прорабпен
кеңесіңіз.
Іске қосу
Қосу/өшіру
Электр құралды іске қосу үшін (8) босату тұтқышын алға
жылжытып қосқыш/өшіргішті (7) жоғарыға басыңыз.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (7)
жіберіңіз.
Пайдаланудан алдын ажарлау құралдарын қайта
u
тексеріңіз. Ажарлау құралы берік орнатылып, еш
кедергісіз айналуы қажет. 1 минут ішінде сынау
жұмысын жүктемесіз орындаңыз. Ақауы бар,
домалақ емес және дірілдейтін ажарлау
құралдарын пайдаланбаңыз. Бұзылған ажарлау
құралдары жарылып, зақымдарға алып келуі мүмкін.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Жабдықтарды мұқият сақтаңыз және күтіңіз.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),
павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Қазақ | 231
1 609 92A 8GS | (22.02.2023)

Publicité

loading