Télécharger Imprimer la page

Hilti DG 150 Mode D'emploi page 255

Masquer les pouces Voir aussi pour DG 150:

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 40
All manuals and user guides at all-guides.com
2. Қыспа иінтіректі бұғаттаудан шығарыңыз.
3. Қатпарлы тығыздатқышы бар тоқтатқыш сақинаны қатпарлы тығыздатқыш пен жұмыс бетінің
арасында оңтайлы қашықтық орнатылғанша айналдырыңыз.
4. Қорғауыш қаптаманы қажет күйге орнатыңыз.
5. Қыспа иінтіректі жауып қойыңыз.
Нұсқау
Егер қорғауыш қаптама иінтіректі жабқан кезде берік орнатылмаса, орнату бұрандасын
бұрауышпен сағат тілінің бағытымен бұрау арқылы тартылмалы таспаны қосымша керуге
болады.
Егер қорғауыш қаптама иінтіректі ашқан кезде жылжымаса, орнату бұрандасын бұрауышпен
сағат тілінің бағытына қарсы бұрау арқылы тартылмалы таспаны босатуға болады.
5.1.2 Қорғауыш қаптаманы жиекті өңдеу үшін орнату
1. Қыспа иінтіректі бұғаттаудан шығарыңыз.
2. Қорғауыш қаптаманың жоғарғы бөлігін қалаулы күйге жеткенше астыңғы бөлігіне қарай бұраңыз.
3. Аспапты жұмыс бетіне орналастырыңыз.
4. Қатпарлы тығыздатқышы бар тоқтатқыш сақинаны қатпарлы тығыздатқыш пен жұмыс бетінің
арасында оңтайлы қашықтық орнатылғанша бұраңыз.
5. Қыспа иінтіректі жауып қойыңыз.
Нұсқау
Жиекті өңдеу кезінде қорғауыш қаптамада тым көп шаң пайда болуы мүмкін.
5.1.3 Бүйірлік тұтқышты орнату
1. Бекіту бұрандасын сағат тілінің бағытына қарсы бұрау арқылы бүйірлік тұтқышты босатыңыз.
2. Бүйірлік тұтқышты қалаулы күйге жеткенше алға немесе артқа бұраңыз.
3. Бекіту бұрандасын сағат тілінің бағытымен бұрау арқылы бүйірлік тұтқышты бекітіңіз.
5.1.4 Алмас тегістеу дөңгелегін орнату
1. Қыспа фланецті О тәрізді қалтасын сыртқа қаратып шпиндельге енгізіңіз, қыспа фланец
геометриялық түрде тұйықталып енгізілуі тиіс.
2. Ажарлағыш дөңгелекті қыспа фланецтің центрлеу түйініне орнатыңыз.
3. Қыспа гайканы сағат тілінің бағытымен бұраңыз және гайка кілтімен редуктор бұралғанша
бекемдеңіз.
5.1.5 Алмас тегістеу дөңгелегін бөлшектеу
1. Шпиндельді бұғаттау түймесін басып тұрыңыз.
2. Гайка кілтін орналастырып және сағат бағытына қарсы айналдырып, қыспа гайканы босатыңыз.
3. Қыспа гайканы алып тастаңыз.
4. Шпиндельді бұғаттау түймесін жіберіп, алмас тегістеу дөңгелегін шығарып алыңыз.
5.2 Жұмыс істеу
5.2.1 Алмас тегістеу дөңгелегінің айналу жылдамдығын орнату
1. І сатыны цемент сылақтағы бояулар сияқты жұмсақ минералдық беттерді ажарлау үшін қолданыңыз.
Бұл шаң соруды жақсартады және материал қабаттарын алғанда орнату жүрісі оңай болады.
2. ІІ сатыны бетон, сылақ немесе тас сияқты қатты минералдық беттерді ажарлау үшін қолданыңыз.
Мұндай жылдамдықта ең жоғары өнімділік қамтамасыз етіледі.
5.2.2 Құрылғыны қосу
1. Ажарлағыш білдекті өндірістік шаңсорғышқа жалғаңыз.
2. Ажарлағыш білдектің штепсельдік ашасын DPC 20 аспабындағы розеткаға жалғаңыз.
3. DPC 20 желілік ашасын желілік розеткаға енгізіңіз.
◁ Жарық диоды жасыл түспен жанады.
4. Аспапты жұмыс бетінен көтеріңіз.
Printed: 28.11.2017 | Doc-Nr: PUB / 5069653 / 000 / 04
Қазақ
251

Publicité

loading

Ce manuel est également adapté pour:

Dpc 20