Télécharger Imprimer la page

Beko GNE 134605 E Mode D'emploi page 243

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 183
Тоңазытқыш жиі немесе ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуде.
Жаңа өніміңіз бұрынғысына қарағанда кеңірек болғандықтан. Ол өте қалыпты
нәрсе. Кең тоңазытқыштар ұзақ уақыт бойы іске қосылған күйде болады.
Бөлме температурасы жоғары болуы мүмкін. Ол өте қалыпты нәрсе.
Тоңазытқыш жақында іске қосылған немесе азық-түлікпен толтырылған болуы
мүмкін. Тоңазытқышты толық салқындату процесі екі сағатқа созылуы мүмкін.
Тоңазытқышқа жақында үлкен көлемдегі ыстық тамақ салынған болуы мүмкін.
Ыстық тағам тиісті температураға дейін салқындағанша тоңазытқыш жұмыс істей
береді.
Есік жиі ашып-жабылған немесе ұзақ уақыт бойы ашық қалған. Тоңазытқышқа
кірген жылы ауа тоңазытқыштың ұзақ уақыт бойы іске қосылған күйде болуына
себеп болады. Есіктерді жиі ашып-жаппаңыз.
Қатырғыш немесе тоңазыту бөлігінің есігі жартылай ашық қалған болуы мүмкін.
Есіктердің мықтап жабылғанын тексеріңіз.
Тоңазытқыш өте төменгі температураға орнатылған. Тоңазытқышты жылылау
деңгейге орнатып, қалаған температураға қол жеткенше күтіңіз.
Тоңазытқыш немесе қатырғыш есігінің аралық төсеніші кірлеген, жыртылған,
сынған немесе дұрыс кигізілмеген болуы мүмкін. Аралық төсенішті тазалаңыз
немесе ауыстырыңыз. Зақымданған/сынған аралық төсеніш ағымдағы
температура тиісті деңгейге жеткенше тоңазытқыштың ұзақ уақыт бойы іске
қосылған күйде болуына себеп болады.
Тоңазыту бөлігінің температурасы жеткілікті, бірақ қатырғыш температурасы өте
төмен.
Қатырғыш өте төменгі температураға орнатылған. Қатырғыш температурасын
жылылау деңгейге орнатыңыз және тексеріңіз.
Қатырғыш бөлігінің температурасы жеткілікті, бірақ тоңазыту температурасы өте
төмен.
Тоңазыту температурасы өте төмен температураға орнатылған болуы мүмкін.
Тоңазыту температурасын жылылау деңгейге орнатыңыз және тексеріңіз.
Тоңазыту бөлігі тартпаларына салынған тағам қатуда.
Тоңазыту температурасы өте төмен температураға орнатылған болуы мүмкін.
Тоңазыту температурасын жылылау деңгейге орнатыңыз және тексеріңіз.
Тоңазытқыш немесе қатырғыш температурасы өте жоғары.
Тоңазыту температурасы өте жоғары температураға орнатылған болуы мүмкін.
Тоңазыту параметрі қатырғыш температурасына әсер етеді. Тоңазытқыш пен
атырғыштағы температура жеткілікті деңгейге жеткенше тоңазытқышты немесе
қатырғышты ауыстырыңыз.
Есік жиі ашып-жабылған немесе ұзақ уақыт бойы ашық қалған. Оларды жиі
ашып-жаппаңыз.
Есік жартылай ашық қалған болуы мүмкін. Есікті толық жабыңыз.
Тоңазытқышқа жақында үлкен көлемді ыстық тамақ салынған болуы мүмкін.
Тоңазытқыш немесе қатырғыш температурасы қалаған деңгейге жеткенше
күтіңіз.
Тоңазытқыш жақында розеткаға жақында ғана қосылған болуы мүмкін.
Тоңазытқыштың толық салқындауына уақыт кетеді.
All manuals and user guides at all-guides.com
29
KK

Publicité

loading

Ce manuel est également adapté pour:

Gne 134605 xGne 134620 eGne 134621 xGne 134601 x