Télécharger Imprimer la page

Beko GNE 134605 FX Mode D'emploi page 116

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 34
1. Eco Extra/Демалыс түймесі
Eco Extra функциясын қосу үшін, осы
түймені қысқа басыңыз. Демалыс
функциясын қосу үшін, осы түймені
3 секунд басып тұрыңыз. Таңдалған
функцияны өшіру үшін, осы түймені
қайта басыңыз.
2. Жылдам қатыру түймесі
Жылдам қатыру функциясын қосу үшін,
осы түймені қысқа басыңыз. Таңдалған
функцияны өшіру үшін, осы түймені
қайта басыңыз.
3. Қатыру бөлігінің
температурасын орнату түймесі
Қатыру бөлігінің температурасын
сәйкесінше -18, -20, -22, -24, -18...
мәндеріне орнату үшін, осы түймені
басыңыз. Қатыру бөлігі үшін қажетті
температураны орнату үшін, осы
түймені басыңыз.
4. Тоңазыту бөлігінің
температурасын орнату түймесі
Тоңазыту бөлігінің температурасын
сәйкесінше 8, 6, 4, 2, 8... мәндеріне
орнату үшін, осы түймені басыңыз.
Тоңазыту бөлігі үшін қажетті
температураны орнату үшін, осы
түймені басыңыз.
5. Жылдам салқындату түймесі
Жылдам салқындату функциясын
қосу үшін, осы түймені қысқа басыңыз.
Таңдалған функцияны өшіру үшін, осы
түймені қайта басыңыз.
6. Көп функциялы аймақ бөлігінің
температурасын орнату түймесі
Көп функциялы аймақ бөлігін қатырғыш
немесе салқындатқыш ретінде
пайдалануға болады. Көп функциялы
аймақ бөлігін қатырғыш немесе
салқындатқыш ретінде орнату үшін,
осы түймені ұзақ (3 секунд) басып
тұрыңыз. Зауытта бұл бөлік қатыру
бөлігі ретінде орнатылған.
Көп функциялы аймақ бөлігін қатырғыш
күйіне орнатса, түймені басқан сайын
оның температурасы сәйкесінше -18,
-20, -22, -24, -18... ретімен өзгереді. Көп
функциялы аймақ бөлігін тоңазытқыш
күйіне орнатса, түймені басқан сайын
оның температурасы сәйкесінше 10, 8,
6, 4, 2, 0, -6, ... ретімен өзгереді.
7. Демалыс функциясының
көрсеткіші
Демалыс функциясының қосылып
тұрғанын көрсетеді. Функция
қосылып тұрса, тоңазыту бөлігінің
көрсеткішінде «- -» таңбасы пайда
болып, ол суытпайтын болады. Басқа
бөліктер орнатылған температурамен
салқындата береді.
Бұл функцияны өшіру үшін, тиісті
түймені қайта басыңыз.
8. Eco-Extra функциясының
көрсеткіші
Eco-Extra функциясының қосылып
тұрғанын көрсетеді. Функция қосылып
тұрса, тоңазытқыш автоматты түрде
ең аз пайдаланылатын кездерді
анықтап, сол уақыттарда құрылғы
қуатты үнемдеп салқындататын
болады. Тоңазытқыш қуатты үнемдеп
салқындатқанда, үнемдеу көрсеткіші
жанып тұрады.
Бұл функцияны өшіру үшін, тиісті
түймені қайта басыңыз.
19
KK

Publicité

loading