Télécharger Imprimer la page

Kärcher PSW 18-20 Battery Manuel D'utilisation page 234

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 22
 Жеке нашар қан айналымға бейімділік (жиі
саусақтарыңыз салқындайды, саусақтарыңыз
шаншиды).
 Қоршаған орта температурасы төмен. Қолды
қорғау үшін жылы қолғаптарды қолданыңыз.
 Щетканы мықтап ұстау салдарынан қан
айналымының нашарлауы.
 Үзіліспен жұмыс істеуге қарағанда, үздіксіз
жұмыс істеу зиян.
Құрылғыны тұрақты жəне ұзақ қолданған кезде
жəне саусақтардың шаншуы, салқын саусақтар
сияқты қан айналымының нашарлау белгілері
бірнеше рет пайда болғанда, дəрігерге қаралу
қажет.
Бұйымды мақсатына сəйкес
қолдану
ҚАУІП
Қате пайдалану
Кесіп кетуінің салдарынан өмірге қауіп
Құрылғыны тек нұсқауға сəйкес қолданыңыз.
 Ұзартқышы бар аккумуляторлы ара тек үйде
пайдалануға арналған.
 Құрылғы тек сыртта жұмыс істеуге арналған.
 Қауіпсіздік мақсатында құрылғыны əрдайым екі
қолмен мықтап ұстау керек.
 Құрылғы майда бұтақтар мен ағаштағы биік
бұтанақтарды кесуге жəне бөлуге арналған.
Пайдаланушы бұл ретте еденде нық тұрады.
Кез келген басқа пайдалану, мысалы, өрмелеу,
жақын қашықтықта бөлу немесе материалдарды
еден деңгейінде кесу кезінде жол берілмейді.
Пайдаланушы дұрыс пайдаланбау салдарынан
болатын қауіп-қатерлерге жауапты.
Қоршаған ортаны қорғау
Орауыш материалдарын утилизациялауға
болады. Орауыштарды қоршаған ортаға
қауіпсіз түрде утилизациялаңыз.
Электрлік жəне электрондық бұйымдардың
құрамында қате қолдану немесе
утилизациялау нəтижесінде адам
денсаулығына жəне қоршаған ортаға қауіп
төндіруі ықтимал, құнды қайта өңделмелі
материалдар жəне батареялар, аккумуляторлар
немесе май сияқты бөлшектер жиі кездеседі.
Алайда, аталмыш бөлшектер бұйымды тиісінше
пайдалану үшін қажет болады. Осы таңбамен
белгіленген бұйымдарды үй қоқыстарымен бірге
тастауға болмайды.
Құрамдағы заттар бойынша нұсқаулар (REACH)
Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы
мəліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді: www.kaercher.com/REACH
Керек-жарақ жəне қосалқы
бөлшектер
Тек түпнұсқалы керек-жарақ немесе қосалқы
бөлшектерді пайдаланыңыз, себебі ол құралдың
қауіпсіз жəне апатсыз жұмыс істеуіне кепілдік
болады.
Керек-жарақтар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпарат www.kaercher.com веб-сайтында қолжетімді.
234
Жеткізілім жинағы
Бұйымның жеткізілім жинағы орауыштың үстінде
көрсетілген. Бұйымды орауыштан шығарғанда
жинақтың толықтығын тексеріп шығыңыз. Керек-
жарақтар жетіспеген немесе тасымалдау кезінде
зақымдар тиген жағдайда, дилеріңізге
хабарласыңыз.
Құрылғыдағы белгілер
Жалпы ескерту белгісі
Пайдалану алдында нұсқаулықты
жəне барлық қауіпсіздік нұсқауларын
оқыңыз.
Құрылғымен жұмыс істеу кезінде
сырғымайтын жəне берік қолғап киіңіз.
Құрылғымен жұмыс істегенде
тайғанамайтын қорғаныш аяқ киімін
киіңіз.
Құрылғымен жұмыс істеу кезінде тиісті
көз жəне есту қорғауыштарын
пайдаланыңыз.
Құрылғыны жаңбыр немесе ылғал
жағдайларға ұшыратпаңыз.
Электрлік қауіптілік. Құрылғымен
жұмыс істеген кезде, əуе желілерінен
10m
кем дегенде 10 м қашықтықты
сақтаңыз.
Тасталған заттар қауіп төндіреді.
Көрермендерді, əсіресе балалар мен
үй жануарларын, жұмыс аймағынан
кем дегенде 15 метр жерде ұстаңыз.
Тартыңыз: Жылдам жабу
Шынжырдың айналу бағыты
Қорғаныш киім
ҚАУІП
Кесіп кетуінің салдарынан өмірге қауіп.
Құрылғымен жұмыс істеу кезінде тиісті қорғаныс
киімін киіңіз. Жергілікті жазатайым оқиғаларды
болдырмау ережелерін сақтаңыз.
Құрылғымен жұмыс істеу кезінде EN 397 сəйкес
келетін жəне CE белгісі бар келетін қорғаныс шлемін
киіңіз.
Құрылғымен жұмыс істеу кезінде EN 352-1 сəйкес
келетін жəне CE белгісі бар құлық қорғанысын киіңіз.
Қазақша
Бас қорғанысы

Publicité

loading