Bosch GAS 35 H AFC Professional Notice Originale page 192

Masquer les pouces Voir aussi pour GAS 35 H AFC Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 27
192 | Қазақ
Сүзгіні автоматты түрде тазалау (H суретін
қараңыз)
Сүзгіні автоматты түрде тазалау (AFC = Automatic Filter
Cleaning) кезінде жалпақ қатпарлы сүзгі (28) бүкіл 15
секунд бойы ауа соққысы арқылы тазаланады
(импульстік шуыл).
Сору қуаты жеткіліксіз болған мезеттен кешіктірмей,
сүзгіні тазалау функциясын іске қосу қажет.
Сүзгі тазалауды жүйелі түрде пайдалану арқасында
сүзгінің пайдалану мерзімі ұзарады.
Сүзгінің оңтайлы пайдалану мерзіміне қол жеткізу үшін
сүзгіні автоматты түрде тазалау функциясын тек ерекше
жағдайда өшіріңіз, мысалы, таза сұйықтықтарды сору
немесе қорғаныш сүзгі қабын пайдалану кезінде.
Беті ластанған жалпақ қатпарлы сүзгі толықтай жұмысқа
қабілетті. Жалпақ қатпарлы сүзгіні қағып немесе үрлеп
тазарту керек емес және мұндай әрекет нәтижесінде
сүзгіге зақым тиюі мүмкін.
Нұсқау: сүзгіні автоматты түрде тазалау функциясы
зауытта қосылады.
Сүзгіні автоматты түрде тазалау функциясын тек құрылғы
қосулы болғанда қосуға/өшіруге болады.
– AFC функциясын ажырату
AFC түймесін (9) басыңыз.
Бақылау жарық диоды (37) өшеді.
– AFC функциясын іске қосу
AFC түймесін (9) басыңыз.
Бақылау жарық диоды (37) жасыл түспен жанады.
Техникалық күтім және қызмет
Техникалық қызмет көрсету және тазалау
Құрылғыны реттеу, жабдық бөлшектерін
u
алмастыру немесе шаңсорғышты алып қоюдан
алдын айырды розеткадан шығарыңыз. Осы сақтық
шарасы шаңсорғыштың байқаусыз қосылуына жол
бермейді.
Дұрыс және сенімді істеуі үшін шаңсорғыш пен
u
желдеткіш саңылауларын таза ұстаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс
тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары
бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында
жүргізілуі тиіс.
Сорғышқа техникалық қызмет көрсету және оны
u
тазалау кезінде тиісті талаптарға сәйкес FFP2
немесе одан жоғары қорғаныс класындағы
қорғаныш масканы және бір рет қолдануға
арналған толық қорғайтын киімді киіп жүріңіз.
Техникалық қызмет көрсету және тазалау
жұмыстарын тек біліктілік куәлігі бар тұлғалар
өткізуі тиіс.
Сорғышты қауіпті аймақтан шығармас бұрын сорғыш
корпусын мұқият сорып тазалау және ылғалды
шүберекпен сүрту керек немесе тығыздауышпен
1 609 92A 71M | (01.12.2021)
тығыздау керек. Барлық сорғыш бөлшектері қауіпті
аймақтан шыққан кезде ластанған деп қарастырылуы
тиіс, жарамды шаралар өткізілуі тиіс. Техникалық қызмет
көрсету/жөндеу кезінде жеткілікті тазаланбаған барлық
бөлшектерді кәдеге жарату қажет (өткізбейтін қаптарда).
Пайдаланушы техникалық қызмет көрсетуі үшін,
сорғышты бөлшектеу, тазалау және оған мүмкіндігінше
қызмет көрсету керек, тек осы жағдайда қызмет
көрсетуші мамандар мен басқа тұлғаларға қауіп төнбейді.
Ықтимал тәуекелдерге жол бермеу үшін сорғышты
бөлшектеу алдында тазалау керек. Техникалық қызмет
көрсету аясына "Монтаждау" тарауында сипатталған
әрекеттер жатады. Сорғышты бөлшектеу жұмысы
өткізілетін бөлме жақсы желдетілуі керек. Техникалық
қызмет көрсету кезінде жеке қорғаныс жабдығын киіңіз.
Техникалық қызмет көрсеткеннен кейін техникалық
қызмет көрсету аймағын тазалау керек.
Жылына кем дегенде бір рет өндіруші немесе білікті тұлға
сүзгінің зақымдалуы, сорғыштың саңылаусыздығы және
бақылау құрылғысының жұмысы сияқты техникалық
тексеру жұмыстарын өткізуі қажет.
Оған қоса жылына кемінде бір рет сүзгінің жарамдылығы
EN 60335-2-69, 22.AA.201.2 бойынша тексерілуі қажет.
Ұлттық талаптарға сәйкес одан да жиі тексеру қажет
болуы мүмкін.
Егер сүзгі бұдан былай жұмысқа жарамды болып
анықталмаса, оны ауыстыру және тексеруді қайталау
қажет.
Жалпақ қатпарлы сүзгіні шығару/алмастыру (I1−I2
суреттерін қараңыз)
Сору қуаты сүзгі күйіне байланысты болады. Сүзгіні
жүйелі түрде тазалап тұрыңыз.
Зақымдалған жалпақ қатпарлы сүзгіні (28) дереу
алмастырыңыз.
– Екі бекіткіш бұранданы (38) босатып, пластинаның
сақтандырғышын (19) төмен жылжытыңыз.
– Пластинаны (18) тартып, сүзгі қақпағын (39) ашыңыз.
– Жалпақ қатпарлы сүзгіні (28) қалқасынан ұстап, оны
жоғары қарай шығарыңыз.
– Жалпақ қатпарлы сүзгіні (28) шығару кезінде түсетін
шаң мен кірді ылғалды шүберекпен сүзгі
қақпағының (39) жиегінен кетіріңіз.
– Жаңа немесе тазаланған жалпақ қатпарлы сүзгіні (28)
орнатып, оның берік және дұрыс орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
– Сүзгі қақпағын (39) жауып қойыңыз (шерту
дыбысымен тірелуі тиіс).
– Пластинаның сақтандырғышын (19) қайтадан жоғары
жылжытып, екі бекіткіш бұранданы (38) бұрап
бекітіңіз.
Контейнерді тазалаңыз
– Контейнерді (1) стандартты ысқаланбайтын тазалау
құралымен тазалап кептіріңіз.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

3 601 jc3 6603 601 jc3 670

Table des Matières