• Бұл өнім далада пайдалануға арналған.
• Барбекю грилін пайдалану алдында тұрақты көлденең бетке орналастыру керек.
• Барбекю грилін ғимараттардан кем дегенде үш метр қашықтықта, ашық және жақсы желдетілетін
жерге қойыңыз.
• Барбекю грилін аспалы құрылымның (өре, шатыр,...) немесе ағаш астына орнатпаңыз.
• Тот баспайтын болат беті тоттанып кетпеуі үшін, оны хлор, тұз немесе темірге жолатпаңыз. Біз бұл барбекю
грилін жағалауға, бассейнге немесе темір жол торабына жақын жерде пайдаланбағаныңыз дұрыс.
Қатты жел соққан күндері грильді желден ұшқындар тұтанып кетпейтіндей етіп орналастырыңыз.
• «ЕСКЕРТУ! Балалар мен үй жануарларын жақындатпаңыз». Расында, жыл сайын болатын қайғылы
оқиғалардың саны көп. Балалардың бойы кішкентай болғандықтан, беттері жанып тұрған ағаш
көмірмен бір биіктікте болады, сондықтан оларға аса көңіл бөлу керек.
• Бұл барбекю грилін жабық кеңістікте және/немесе тұрғын үй-жайда, мысалы үйде, шатырда, жылжымалы
үйлерде, моторлы үйлерде, қайықтарда пайдаланбаңыз.
Көміртек тотығынан улану қаупі бар.
3. ПАЙДАЛАНУ
Ескертулер
• Пайдалану алдында осы нұсқаулықтың «МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ» бөлімін толық түсінгеніңізге к - өз
жеткізіңіз.
• Бұл барбекю грилінің құрылымы бойынша табадағы пісіру бетінің 50 %-ынан артық пайдалануға
болмайды. Егер пісіру беті толығымен пайдаланылатын болса, барбекю қатты қызып кетіп, бұзылуы
мүмкін. Мұндай зақымдар кепілдікке кірмейді.
• Қолданыстағы заңға сәйкес келетін а ғаш көмірді қолданыңыз.
• Көмірді гриль ең төменгі күйде болғанда 2 см төмен орналастыру керек.
• Барбекюге е қашан 1.2 кг) I ағаш көмірден артық салмаңыз.
Тұтандыруға қатысты ұсыныстар
• Шелектің үштен бір бөлігін (жартысынан асырмай) ағаш көмірмен толтырыңыз. Қолданыстағы
стандарттарға сәйкес келетін а ғаш көмірді қолданыңыз және пісіру торыны ң ең төменгі күйінен
кемінде 2 см төмен қойыңыз.
• Ағаш көмірді тұтандырудың ең оңай ә дісі - дүкендерден оңай табуға болатын, әр і қауіпсіз, EN
1860-3 стандартына сәйк ес келетін, барбекюге арналған оттықтарды пайдалану.
• Отынның бетінде күл пайда болмай жатып, пісірмеңіз! Ағаш көмір жалындатпай жануы үшін:
• Барбекю гриліне торды бос күйінде қоймаңыз, егер ол ыстықта ұзақ уақыт тұрса,
деформациялануы мүмкін.
• Жалын күшін ыдыстың астындағы ауа кіретін саңылауларды ашу не жабу арқылы реттеуге
болады. Неғұрлым көп ашсаңыз, жалын соғұрлым күшті болады.
• Барбекю жалынын тұтандыру немесе арттыру үшін тұтанғыш сұйықтықты пайдалануға болмайтыны
туралы тағы ескертеміз.
• Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, барбекюді пайдаланып жатқанда қозғалтпағаныңыз дұрыс.
От жалынын бақылап тұру* аса маңызды
Өрт немесе жалын ұшқындары дайындалып жатқан тамақтың шырыны немесе майы жанып
тұрған заттарға (мысалы, ағаш көмір) тамғанда пайда болады. Түтін барбекюде жасалатын
тамақ дәмін жа қсартқанымен, тамақ күйіп кетпеуі үшін мұндай жалынның пайда болуына
жол бермеу керек. Жалынды бақылап отыру үшін тамақты пісіру алдында ондағы артық
• майды МІНДЕТТІ ТҮРДЕ алып тастау керек. Маринад және дайындау т ұздықтарын саналы
мөлшерде пайдаланыңыз.
• Пайдалану кезінде, бір шелек құмды барбекюге жақын жерде ұстаңыз.
• Майдан болған от кезінде, төменде көрсетілген нұсқаулық бойынша әрек ет етіңіз.
49
FR
ES
PT
IT
EL
PL
RU
KZ
UA
RO
BR
EN