Өлшеу Құралын Энергиямен Жабдықтау - Bosch Professional D-tect 120 Notice Originale

Masquer les pouces Voir aussi pour Professional D-tect 120:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 18
122 | Қазақ
басқа мәлімет көздеріне де назар аударыңыз (мысалы,
құрылыс жоспарлары).
Өлшеуге әсер етпеу үшін өлшеу құралын тек
u
ұстауға арналған беттерінен (5) ұстаңыз.
Өлшеу құралының артқы жағындағы сенсор
u
аймағына (14) ешқайндай жапсырмалар немесе
тақтайшалар орнатпаңыз. Әсіресе металды
тақтайшалар өлшеу нәтижелеріне әсер етеді.
Өлшеу барысында қолғап киіп жүрмеңіз
және жеткілікті жерге тұйықталудың бар
болуын қадағалаңыз. Жерге тұйықтау
жеткіліксіз болса, "кернеу өткізгіш" материал
анықтамасы бұзылуы мүмкін.
Өлшеу барысында қатты электрлік,
магниттік немесе электрмагниттік
өрістерді шығаратын құрылғылардың
жанында тұрмаңыз. Мүмкіндік болса,
сәулеленуі өлшеу әрекетіне кедергі келтіре
алатын барлық құрылғыларда тиісті
функцияларды ажыратыңыз немесе
құрылғыларды өшіріңіз.
Өлшеу құралын энергиямен жабдықтау
Өлшеу құралы стандартты батареялармен не Bosch
литий-иондық аккумулятормен жұмыс істейді.
Аккумулятормен пайдалану (B суретін қараңыз)
Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтау
u
құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау
құралдары сіздің өлшеу құралыңыздың ішінде литий-
иондық аккумулятормен сәйкес.
Нұсқау: Өлшеу құралыңызға арналмаған аккумуляторды
пайдалану өлшеу құралының қате жұмыс істеуіне немесе
зақымдануына алып келуі мүмкін.
Нұсқау: аккумулятор ішінара зарядталған күйде
жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану
үшін оны алғаш рет пайдаланудан алдын толық
зарядтаңыз.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін
қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады.
Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына
әкелмейді.
Литий-иондық аккумулятор электрондық элементтерді
қорғау "Electronic Cell Protection (ECP)" арқылы терең
заряд жоғалтудан қорғалған. Аккумулятордың тогы бітсе,
қорғау жүйесі өлшеу құралын өшіреді.
Зарядталған аккумуляторды (7) салу үшін оны
аккумулятор бөліміне (17) сезілетіндей тірелгенше
кіргізіңіз.
Аккумуляторды (7) шығару үшін босату түймелерін (6)
басып, аккумуляторды аккумулятор бөлімінен (17)
тартып шығарыңыз. Бұл ретте күш салмаңыз.
Батареялармен пайдалану (C суретін қараңыз)
Өлшеу құралы үшін алкалин марганец батареясын
пайдалану ұсынылады.
Батареялар батарея адаптеріне салынады.
1 609 92A 4X7 | (24.02.2021)
Батарея адаптері тек тиісті Bosch тексеру
u
камерасын пайдалануға арналған болып электр
құралдарымен пайдалануға болмайды.
Батареяларды енгізу үшін батарея адаптерінің
қабын (16) аккумулятор бөліміне (17) кіргізіңіз.
Батареяларды суретте көрсетілгендей қаптағы
жапқышқа (15) салыңыз. Жапқышты қап үстінен
сезілетіндей тірелгенше жылжытыңыз.
Батареяларды (18) шығару үшін
жапқыштың құлыптан босату түймелерін (6)
басып, жапқышты (15) тартып алыңыз.
Батареялардың шығып кетпегеніне көз
жеткізіңіз. Ол үшін өлшеу құралын, аккумулятор
бөлімін (17) жоғары қаратып, ұстаңыз. Батареяларды
шығарывп алыңыз. Іштегі қапты (16) аккумулятор
бөлімінен шығару үшін қапты ұстап алыңыз да, бүйірлік
қабырғасын азғантай басу арқылы өлшеу құралынан
тартып шығарыңыз.
Барлық батареяларды бірдей алмастырыңыз. Тек бір
өндірушінің және қуаты бірдей батареяларды
пайдаланыңыз.
Өлшеу құралын ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз,
u
батареяны өлшеу құралынан шығарып алыңыз.
Ұзақ уақыт сақтаған жағдайда, өлшеу құралындағы
батареяларды тот басуы және олардың заряды
өздігінен таусылуы мүмкін.
Пайдалануға ендіру
Қосу/өшіру
Өлшеу құралын қосудан алдын сенсор аймағының
u
(14) ылғал болмауына көз жеткізіңіз. Қажет болса,
өлшеу құралын шүберекпен құрғатып сүртіңіз.
Егер өлшеу құралы қатты температура өзгерісінде
u
болса оны қосудан алдын температурасын
теңестіріңіз.
Өлшеу құралын қосу үшін қосу/өшіру түймесін (8)
басыңыз.
Өлшеу құралын өшіру үшін қосу/өшіру түймесін (8)
қайтадан басыңыз.
Егер шамамен 5 минут ішінде өлшеу құралында ешбір
түйме басылмаса, өлшеу құралы аккумуляторлардың
немесе батареялардың зарядын сақтау үшін автоматты
түрде өшіп қалады.
Өлшеу құралын әр пайдаланудан бұрын тексеріңіз.
Төмендегі жағдайларда сенімді жұмыс істеуі қамтамасыз
етілмейді:
– Өлшеу құралында зақымдалған жерлер көрінеді
немесе өлшеу құралының ішінде босап қалған
бөлшектер бар.
– Өлшеу құралын көтеріп ұстасаңыз да, өлшеу
индикаторы (e) үздіксіз ығысады.
– Бір саусағыңызды датчик аймағында ұстасаңыз да,
өлшеу индикаторы (e) ығыспайды.
– Ешбір жұмыс режимінің түймесі жанбайды.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

D-tect 120 professional

Table des Matières