Орнату; Қосу - Indesit TA 5 Série Mode D'emploi

Masquer les pouces Voir aussi pour TA 5 Série:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 14
Орнату
KZ
! Тоңазытқышты тоққа қоспас бұрын, алдымен
нұсқаулықтармен мұқият танысып алыңыз. Оларда
тоңазытқышты пайдалану, орнату және күтіп ұстау жөнінде
маңызды ақпараттар болады.
! Бұл нұсқаулықты сақтаңыз, өйткені болашақта пайдалану
барысында ол сізге қажет болады.
Орнату және қосу
Орнату
1.Тоңазытқышты құрғақ және жақсы желдетілетін бөлмеге
орналастырыңыз.
2.Артқы бетінде орналасқан желдеткіш тесіктерді бекітпеңіз:
компрессор және конденсатор өзінен жылу бөледі және
жақсы қызмет атқару үшін желдетіліп тұруды талап етеді, ол
тоңазытқыштың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және
электр қуатын тұтунуды азайтады.
3. Құрылғының үсті мен одан жоғары орналасқан кез келген
жиһаз арасында кем дегенде 10 см, ал бүйірлері мен кез
келген жиһаз/қабырғалар арасында кем дегенде 5 см бос
орын қалдырыңыз.
4.Тоңазытқышты жылу көзінен алысырақ орналастырыңыз
(күн сәулесінің тура түсуінен сақтаңыз, сонымен қатар
электр ас үй пешіне жақын орналастырмаңыз).
5. Құрылғы мен қабырға арасында тиісті аралықты сақтау
үшін орнату жинағында берілген төсемдерді нұсқауларға
сәйкес қойыңыз.
Электр желісіне жалғау
Тоңазытқышты тасымалдағаннан кейін тік күйінде орналастырыңыз
және электр тогына қоспас бұрын кем дегенде 3 сағаттай күтіңіз.
Тоңазытқышты электр тогына қоспас бұрын, мыналарды тексеріп
алыңыз:
• розетка заңға сәйкес жерге тұйықталып тұруы керек;
• розетка тоңазытқыш камерасының ішіндегі төменгі оң жақ
бетінде орналасқан ақпараттық кестеде көрсетілген
бұйымның максималдық қуатына сәйкес келуі керек
(мысалы: 150 Ватт);
• тораптың кернеуі астыңғы сол жақ шетінде орналасқан
ақпараттық кестеде көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі керек
(мысалы: 220-240 Вольт)
• розетка бұйымның вилкасына сәйкес келуі керек.
• сәйкес келмеген жағдайда, вилканы білікті маманның көмегімен
ауыстыру керек («Қолдау» бөлімін қара); ұзартқыш пен көп көзді
тоқты пайдалануға болмайды.
! Тоңазытқыш үнемі розеткаға оңай қол жеткізе алатындай етіп
орналасуы керек.
! Кабель майысқан немесе мыжылған күйде болмауы керек.
! Кабельдің дұрыс орналасуы үнемі тексеріліп тұруы керек,
және қажет болған жағдайда тек уәкілетті техник көмегімен
ауыстырылуы керек («Қолдау» бөлімін қара).
! Жоғарыда аталған техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамаған
жағдайда өндіруші ешқандай жауапкершілік көтермейді.
Қосу
Бұйымды пайдалануға іске қосу
! Бұйымды қоспас бұрын барлық нұсқаулықтардың тиісті
дәрежеде сақталуын тексеріп алыңыз («Орнату» бөлімін
қара).
! Бұйымды электр желісіне қоспас бұрын барлық
бөлімшелерін және қрсымша заттарын ас содасы
қосылған жылы сумен жуып алыңыздар.
! Тоңазытқыш бақылау қорғаныс жүйесімен жабдықталған,
осыған байланысты бұйым іске қосылғаннан кейін
компрессор шамамен 8 минут өткеннен кейін ғана
қосылады. Компрессор әрқашанда электр энергиясы сөніп
қалғанда (энергияны үнемдеу үзілісінде) іске қосылады.
1. Айырды розеткаға қосып, ішкі шам жанатынына көз
38
жеткізіңіз (МҰЗДАТҚЫШ ЖҰМЫСЫ тұтқасы ӨШІРУЛІ күйінде
болмауы тиіс).
2. Температураны реттеу тұтқасын орташа күйге бұраңыз.
Бірнеше сағаттан кейін тоңазытқышқа азық-түлікті салуға
болады.
Температураны орнату
Тоңазытқыш камерасындағы температура термостат
тұтқасының күйіне сәйкес өзін автоматты түрде реттейді.
1 = ең жылы
7= ең салқын
Дегенмен, орташа күйді қолданғанды жөн санаймыз.
Қоллжетімді көлемді арттыру және эстетиканы жақсарту
мақсатында салқындататын құрылғы тоңазытқыш бөлімінің
артқы қабырғасының ішінде орналасқан. Тоңазытқыш
бөлімінің артқы қабырғасында жұмыс барысында қырау
және компрессор тоқтаған уақытта су тамщысы қатып
қалуы мүмкін. Бұл тоңазытқыштың қалыпты жұмысы болып
табылады.
ТЕМПЕРАТУРАНЫ РЕТТЕУ тұтқасы жоғары мәнге
орнатылған және тоңазытқышқа көп тағам салынған болса,
сондай-ақ айнала температурасы жоғары болса, құрылғы
үздіксіз жұмыс істеуі мүмкін, яғни шамадан тыс мұз пайда
болады әрі көбірек қуат тұтынылады: мұның алдын алу үшін
тұтқаны төменірек мәнге жылжытыңыз (жібіту автоматты
түрде орындалады).
Тоңазытқыш ішіндегі орналасуы
Тағам
Жемістер мен көкөністер ыдыстарынан
Жас балық пен ет
жоғары
Жемістер мен көкөністер ыдыстарынан
Сыр
жоғары
Пісірілген тағам
Кез келген сөреде
Салями, нан
Кез келген сөреде
тілімдері, шоколад
Жеміс пен көкөніс камерасының
Жеміс пен көкөніс
қалталарында
Жұмыртқалар
Арнайы сөреде
Май мен маргарин
Арнайы сөреде
Бөтелкелер,
Арнайы сөреде
сусындар, сүт
Тоңазытқышты және оның толық күшін
пайдалану
• Орналастырылатын азық-түліктер суық немесе жылы
болуы керек, бірақ ешқашан олар ыстық болмауы керек
(«Алдын ала сақтандыру» бөлімін қара).
• Пісірілген азық-түліктер шикілер секілді ұзақ
сақталмайды.
• Тоңазытқыш камерасына сұйық құйылған беті
жабылмаған ыдыстарды қоймаңыздар, өйткені
ылғалдың көбеюіне және конденсаттың пайда болуына
әкеледі.
СӨРЕЛЕР: тормен және торсыз.
Арнайы бағдарлар көмегімен сөрелердің биіктігін алып
тастауға және өзгертуге болады (суретті қара), ол ішінде
азығы бар үлкен контейнерлерді сақтауға мүмкіндік береді.
Биіктігін сөрені толығымен жылжытпай-ақ өзгертуге болады.

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Taa 5 série

Table des Matières