88 | Қазақ
Жинау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Құралды алмастыру
Тісті тоғыны бар бұрғылау патроны
Аспап алмастыру кезінде қорғау қолғабын киіңіз.
u
Бұрғы патроны ұзақ уақытты жұмыс әдістерінде қатты
қызып кетуі мүмкін.
Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын (5) құрал
орнатылғанша бұрап ашыңыз. Құралды орнатыңыз.
Бұрғылау патронының кілтін (3) тісті тоғыны бар
бұрғылау патронының (5) тиісті саңылауларына енгізіп,
құралды біркелкі етіп қысыңыз.
Бұрауыш құралдар
Қондырма биталарды пайдаланғанда әрқашан әмбебап
ұстағышты пайдаланыңыз. Тек шуруп басына жарайтын
қондырма биталарды пайдаланыңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Айналу бағытын реттеу
Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (1) электр
u
құралы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (1) көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/
өшіргішті (4) басқанда бұл мүмкін емес.
1 609 92A 5CL | (09.10.2019)
Оңға айналу: бұрғылау және бұрандаларды бұрап кіргізу
үшін айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (1) "R"
күйіне орнатыңыз.
Солға айналу: бұрандалар мен гайкаларды босату және
бұрап шығару үшін айналу бағытын ауыстырып-
қосқышты (1) "L" күйіне орнатыңыз.
Қосу/өшіру
Электр құралын іске қосу үшін
алдымен ажыратқышты (4) артқа
жылжытып, содан кейін ажыратқышты
(4) басыңыз.
Бекіту үшін ажыратқышты (4) артқа
жылжытып, ажыратқышты (4) басыңыз
және оны артқа ары қарай
жылжытыңыз.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (4) жіберіңіз.
Ажыратқыш (4) бұғатталған болса, оны алдымен басып,
сонан соң жіберіңіз.
Айналу моментін орнату
Қосқышты/өшіргішті (4) басу күшін өзгерте отырып,
қосылған құралдың айналымдар санын біртіндеп реттеуге
болады.
Қосқышты/өшіргішті (4) жай басқанда, электр құрал
төменірек айналымдар санымен жұмыс істейді. Басу күші
күшейгенде айналу саны артады.
Айналу жиілігін алдын ала таңдау
Айналу жиілігін алдын ала таңдауға арналған айналмалы
реттегіш (2) арқылы қажетті айналу жиілігін жұмыс
барысында да реттеуге болады.
Пайдалану нұсқаулары
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген
u
күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары
сырғып кетуі мүмкін.
Электр құралмен ұзақ жұмыс істегеннен кейін салқындату
үшін 3 минутқа ең жоғары айналымдар санына қосу
керек.
Металда бұрғылау үшін жоғары сапалы, тез кесетін
болаттан жасалған мүлтіксіз, өткірленген бұрғыларды
пайдаланыңыз. Bosch керек-жарақтары бағдарламасы
тиісті сапаға кепілдік береді.
Бұрғы өткірлеу құралымен (керек-жарақ) 2,5–10 мм
диаметрлік спиральді бұрғыны өткірлеуге болады.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Bosch Power Tools