OBJ_BUCH-279-008.book Page 144 Wednesday, June 8, 2016 2:32 PM
144 | Қaзақша
Бұрғылау патроны мен аспаптарды таңдау
Перфоратормен бұрғылау және ою үшін SDS-plus аспап
патронына салынатын SDS-plus аспаптары керек болады.
Қағусыз ағашты, металды, керамиканы, пластмассаны
және бұрандаларды бұрғалау үшін SDS-plus сыз аспаптар
(мысалы цилиндрлік тұтқалық бұрғылар) пайдаланылады.
Осы аспаптар үшін жылдам қысу бұрғылау патроны
немесе тісті тәждік бұрғылау патроны қажет.
GBH 2-26 DFR: SDS-plus ауыстырмалы бұрғы патронын 2
жинақтағы тез қысылатын ауыстырмалы бұрғы патронына
1 жылдам ауыстыруға болады.
Тісті тәждік бұрғылау патронын алмастыру
(GBH 2-26 E/RE/DE/DRE)
SDS-plus-сіз аспаптарымен (мысалы цилиндр тұтқалық
бұрғы) жұмыс істеу үшін сәйкес аспап патронын
орнатыңыз (тісті тәждік немесе жылдам бекіту бұрғылау
патроны, керек-жабдықтар).
Тісті тәждік бұрғылау патронын орнату (C суретін
қараңыз)
– SDS-plus-аспап патронын 20 тісті тәждік бұрғылау
патронына 19 бұрап бекітіңіз. Тісті тәждік бұрғылау
патронын 19 тоқтатқыш бұрандасымен бекітіңіз 18.
Тоқтатқыш бұрғысында сол бағыттық ойма
болатынына назар аударыңыз.
Тісті тәждік бұрғылау патронын орнату (C суретін
қараңыз)
– Тұтқаның салынатын ұшын тазалап, аздап майлаңыз.
– Тісті тәждік бұрғылау патронын аспап патронына өзі
бекітілгенше бұрап салыңыз.
– Тісті тәждік бұрғылау патронын бекітілуін тартып
тексеріңіз.
Тісті тәждік бұрғылау патронын шығару
– Бекіту төлкесін 5 артқа жылжытып тісті тәждік бұрғылау
патронын 19 шешіңіз.
Аустырмалы бұрғылау патронын
шығару/орнату (GBH 2-26 DFR)
Алмалы-салмалы бұрғылау патронын шығару
(D суретін қараңыз)
– Ауыстырмалы бұрғы патронының бекіту шеңберін 6
артқа тартып, оны осы күйде ұстап SDS-plus
ауыстырмалы бұрғы патронын 2 немесе тез қысылатын
ауыстырмалы бұрғы патронын 1 алға тартыңыз.
– Шығарғаннан соң ауыстырмалы бұрғы патронын ластан
тазалаңыз.
Алмалы-салмалы бұрғылау патронын орнату
(E суретін қараңыз)
– Орнатудан алдын ауыстырмалы бұрғы патронын
тазалап, салынатын жағын аздап майлаңыз.
– SDS-plus ауыстырмалы бұрғы патронын 2 немесе тез
қысылатын бұрғы патронын 1 алақанмен ұстаңыз.
Ауыстырмалы бұрғы патронын бұрап бұрғы патроны
қысқышына 21 тірелу дыбысы естілгенше
жылжытыңыз.
1 609 92A 220 | (8.6.16)
– Алмалы-салмалы бұрғылау патроны өзі бекітіледі.
Алмалы-салмалы бұрғылау патроны бекітілуін тартып
тексеріңіз.
Жұмыс құралын ауыстыру
Шаңнан сақтайтын бұқтырмамен 4 жұмыс істеу кезінде
бұрғылау шаңының аспап патронына кіруіне жол
бермейді. Аспапты пайдаланудан алдын шаңнан
сақтайтын бұқтырманың 4 зақымдалмағанына көз
жеткізіңіз.
Зақымдалған шаңнан сақтайтын бұқтырма бірден
алмастырылуы қажет. Оны қызмет көрсету
шеберханасында орындау ұсынылады.
SDS-plus электр құралын пайдалану
(F суретін қараңыз)
SDS-plus-бұрғылау патронымен алмалы-салмалы аспапты
жай және оңай ретте қосымша аспаптарды пайдаланбай
алмастыру мүмкін.
– GBH 2-26 DFR: SDS-plus ауыстырмалы бұрғы патронын
2 орнатыңыз.
– Алмалы-салмалы аспаптың салынатын ұшын тазалап,
аздап майлаңыз.
– Алмалы-салмалы жұмыс құралын патронға автоматты
бекітілгенше бұрап салыңыз.
– Құралдың бекітілуін тартып тексеріңіз.
SDS-plus-алмалы-салмалы аспабы жүйе салдарынан бос
қозғалады. Сол себептен бос айналуда радиал қағу пайда
болады. Бұл ойық дұрыстығына әсер етпейді, өйткені
бұрғылау кезінде бұрғы өзін өзі ортаға дәл келтіреді.
SDS-plus алмалы-салмалы аспабын шығару
(G суретін қараңыз)
– Бекіту төлкесін 5 артқа жылжытып алмалы-салмалы
аспапты шешіңіз.
SDS-plus-сіз алмалы-салмалы аспаптарды орнату
(GBH 2-26 E/RE/DE/DRE)
Ескертпе: SDS-plus-сіз аспаптарды перфораторлық
бұрғылау немесе ою үшін пайдаланбаңыз! SDS-plus-сіз
аспаптар перфораторлық бұрғылауда немесе оюда
бұзылады.
– Тісті тәждік бұрғылау патронын 19 ("Тісті тәждік
бұрғылау патронын алмастыру", 144 бетінде қараңыз)
орнатыңыз.
– Тісті тәждік бұрғылау патронын 19 аспап
орнатылғаныша бұраңыз. Аспапты орнатыңыз.
– Бұрғылау патроны кілтін тісті тәждік бұрғылау
патронының 19 тиісті ойықтарына орнатып аспапты
бекітіңіз.
– GBH 2-26 E/RE: Ауыстырып-қосқышты 16 „Бұрғылау"
белгісіне жылжытыңыз.
– GBH 2-26 DE/DRE: Қағуды/айналуды тоқтату қосқышын
11 "бұрғылау" күйіне айналыдырыңыз.
SDS-plus-сіз алмалы-салмалы аспаптарды шешу
(GBH 2-26 E/RE/DE/DRE)
– Тісті тәждік бұрғылау патронын 19 бұрғылау патроны
кілтімен сағат тіліне қарсы бағытта алмалы-салмалы
аспап шешілгенше бұраңыз.
Bosch Power Tools