Holzkohlegrill_481866.book Seite 46 Freitag, 2. August 2019 12:01 12
KAZ
Монтаждау
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Кесіп алу қаупі бар
Əзірлеу барысында құрылғыда бірде-бір
өткір немесе үшкір жердің болмауына
барынша күш жұмсалды. Құрылғыны
монтаждау жəне пайдалану кезінде,
жазатайым жағдайлар немесе жарақат
алуға жол бермеу үшін, құрылғының жеке
бөлшектерін абайлап ұстаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өнімнің
зақымдалу қаупі бар! Өнімді қатты,
тегіс жəне жеткілікті берік бетке орнату
керек. Беріктігі жеткіліксіз бетке орнату
өнімнің тұрақтылығын төмендетеді.
►Жеткізу жиынтығы–2-бет
– Өнімді қатты, тегіс жəне жеткілікті берік бетке
орнатыңыз. (►Монтаждау–4-бет).
– Монтаждаудан кейін барлық қосылымдарды
тексеріп шығыңыз.
• Əрекетті кері тəртіппен орындау арқылы
бөлшектеңіз.
Бастапқы пайдалануға беру
– Алғаш пайдалану алдында қорғаныш қабатын
қыздырып, отын қалдығын жағу үшін, грильді
кемінде 2 сағат қыздыру керек.
– Қыздырған кезде температура 140 °C
шамасынан аспауы тиіс.
– Содан кейін грильді толығымен суытыңыз.
– Суыған соң грильге қызуға төзімді май жағып,
140 °C шамасында қайта қыздыру қажет.
Пайдалану
ЕСКЕРТУ! Жарылу қаупі бар! Тұтату
немесе қайта тұтату кезінде спирт,
бензин не ұқсас сұйықтықты
пайдаланбаңыз!
EN 1860-3 стандартына сəйкес тұтанғыш
құралдарды ғана пайдаланыңыз!
ЕСКЕРТУ! Өрт қаупі бар! Бұл гриль
қатты қызып кететіндіктен, пайдалану
кезінде жылжытуға болмайды!
Балалар мен үй жануарларын
жақындатпаңыз!
Жабық үй-жайларда қолдануға
болмайды!
ҚАУIП! Күйіп қалу қаупі бар! Грильдің
барлық бөлшектерін ұстаған кезде
əрдайым қолғап киіңіз, өйткені пайдалану
кезінде бөлшектер қатты қызуы мүмкін.
Нұсқау: Отын науасының максималды
сыйымдылығы грильге арналған
қарапайым ағаш отынның шамамен 1,8
кг-ын (0,8 кг) құрайды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өнімнің
зақымдалу қаупі бар! Грильдің қызу
температурасы 260°C шамасынан
аспауы тиіс.
46
1. Ағаш отынды пирамида пішінінде отын
науасына салыңыз.
2. Отынды жағуға арналған құрғақ затты
пирамида түрінде салынған отынға біркелкі
себіңіз.
3. Отынды сіріңкемен жаққан жөн.
4. Өнімдерді грильге тек шоқ үстінде күл пайда
болғаннан кейін жайып қойыңыз.
5. Торды өсімдік майымен майлап, қуыруды
бастаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өнімнің
зақымдалу қаупі бар! Грильді
тазалауға арналған тазартқыш
құралдарды қолдануға болмайды, себебі
бұл қорғаныш қабатын зақымдауы
мүмкін.
Маңызды: Грильді əрдайым үсті жабық
күйде сақтау керек.
Утилизация
Бұл құрылғыны тұрмыстық қоқысқа тастауға
болмайды! Оны техникалық қауіпсіз жолмен
утилизациялаңыз. Бұл туралы ақпаратты
қалдықтарды жою мəселелерімен айналысатын
құзырлы ұйымдардан аласыз.
Орам қайта өңдеуге жіберілуі мүмкін
картоннан жəне тиісті түрде белгіленген
пластиктен тұрады.
– Бұл материалдардың қайта өңдеуге
жіберілуін қадағалаңыз.
Өндірілген күні туралы ақпарат жапсырмада
көрсетілген.