БӨЛШЕКТЕР МЕН
МҮМКІНДІКТЕР
Бірге берілетін қосымшалар модельге
қарай әр түрлі болуы мүмкін
1.
Жылдамдықты реттеу тетігі
2.
ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі
3.
Турбо түймесі
4.
Мотор бөлігі
5.
Бұлғау қосымшасы
6.
Стақан
7.
Блендер қосымшасы
8.
Тағам итергіш
9.
Сақтау бөлігі
10. Ас үй комбайнының қақпақшасы
11. Салу түтігі
12. Ас үй комбайнының пышақ жүзі
13. Ас үй комбайнының тегеші
14. Ұсақтап турағыш
15. Ірілеп кесу жүзу
16. Ұсақтап кескіш
17. Ірілеп турағыш
18. Жүздердің тірегі
19. Шапқыш қақпақшасы
20. Шапқыш пышағының жүзі
21. Шапқыш тегеші
КІРІСПЕ
Біздің өнімді сатып алғаныңызға алғыс білдіреміз.
Солайша, тиімді әрі өнімділігі жоғары құрылғыны
таңдадыңыз.
Осы пайдалану нұсқаулығы әр түрлі модельдерге
арналған. Суреттері бар беттерде әр түрлі
модельдерге жасалған шолуды көруге болады.
Құрылғыны дұрыс қолдануға қатысты нұсқаулар
орындалмаса, өндіруші ешбір залалға жауапты
болмайды. Пайдалану нұсқауларында әр түрлі
модельдер сипатталуы мүмкін: кез келген
айырмашылық анық көрсетіледі.
АЛҒАШ
РЕТ
БҰРЫН
Құрылғының сыртында жиналып қалған болуы
мүмкін шаңды абайлап сүртіп алыңыз. Құрғақ
шүберекпен сүртіңіз.
ПАЙДАЛАНБАС
ӨНІМДІ ҚОЛДАНУ
БЛЕНДЕР ҚОСЫМШАСЫ (А)
Қолдану ыңғайлы және басқару дәл
болуы үшін, құрылғы мотор жұмысын
баяу бастатып, одан кейін толық араластыру
қуатына
жеткізетін
ФУНКЦИЯСЫМЕН жабдықталған.
Блендер қосымшасы сұйықтықтар мен көкөністерді
араластыруға қолайлы.
1.
Блендер қосымшасын мотор бөлігіне орнату
үшін, оны ағытпаның сол және оң жағындағы
екі шағын түйме сырт етіп орнатылғанша
итерсеңіз болғаны.
2.
Жемістердің қабын аршып, одан кейін
кішігірім қылып тураңыз. Одан кейін жеміс
бөліктері мен көкөністерді стақанға салыңыз.
Біркелкі айналуды жеңілдету үшін әдетте
біраз су қосылады, көбінесе тағам мен су
арақатынасы 2:3 болады. Қоспа мөлшері
кесенің ең үлкен көлемінен аспауы тиіс.
3.
Құрылғыны розеткаға қосыңыз.
4.
Қол блендерін тағамға төмендетіп, қажетті
жылдамдықты таңдау үшін жылдамдықты
реттеу тетігін бұраңыз. ON/OFF түймесін басып
тұрыңыз, сонда блендер дереу араластыра
бастайды. Жоғары жылдамдықпен араластыру
үшін ТУРБО түймесін аз уақыт қолданыңыз.
БҰЛҒАУ ҚОСЫМШАСЫ (тек кейбір
модельдерде) (В)
Бұлғауыш негізінен крем бұлғау, жұмыртқа
ақуызын көпірту, ашыған қамыр және дайын
қоспадан жасалатын торттарды араластыру үшін
қолданылады.
1.
Бұлғау қосымшасын мотор бөлігіне орнату үшін,
оны ағытпаның сол және оң жағындағы екі шағын
түйме сырт етіп орнатылғанша итерсеңіз болғаны.
2.
Тағамды стақанға салыңыз.
3.
Құрылғыны розеткаға қосыңыз.
4.
Бұлғау қосымшасын тағамға төмендетіп,
қажетті
жылдамдықты
жылдамдықты реттеу тетігін бұраңыз. ҚОСУ/
ӨШІРУ түймесін басып, ұстап тұрыңыз,
сонда бұлғау қосымшасы дереу араластыра
бастайды. Жоғары жылдамдықпен бұлғау
үшін ТУРБО түймесін аз уақыт қолданыңыз.
Бұлғауышты тоқтаусыз 2 минуттан астам
қолдануға болмайды.
kz
it
БАЯУ
БАСТАТУ
таңдау
үшін
73
73