Hotpoint Ariston HB 0805 UP0 Mode D'emploi page 69

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 24
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
ОҚЫЛЫП, ОРЫНДАЛУЫ МАҢЫЗДЫ
• Құрылғыны пайдаланбас бұрын, Денсаулық пен қауіпсіздік және
Қолдану мен күтім көрсету нұсқаулықтарын мұқият оқып шығыңыз.
• Бұл нұсқауларды кейін қарап тұру үшін оңай жерде ұстаңыз.
• СІЗДІҢ ЖӘНЕ БАСҚАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ӨТЕ МАҢЫЗДЫ
• Осы нұсқаулық пен құрылғының өзінде әрқашан орындалуы тиіс
маңызды қауіпсіздік ескертулері беріледі
• Барлық қауіпсіздік ескертулері ықтимал қауіп-қатерге қатысты
ерекше мәліметтерді беріп, құрылғыны дұрыс қолданбау салдарынан
болатын жарақат алу, зақым келтіру және ток соғу қаупін азайту
жолдарын көрсетеді. Төмендегі нұсқауларды бұлжытпай орындаңыз.
• Осы нұсқаулар орындалмаған жағдайда қауіп-қатерлер туындауы
мүмкін. Осы кеңестер мен сақтық шаралары еленбеген жағдайда,
Өндіруші адамдардың я жануарлардың жарақат алуына немесе
мүлікке зақым келуіне еш жауапты болмайды.
• Ересек адам бақылап тұрмаған кезде, бұл өнімді 8 жасқа толмаған
балалар қолданбауы керек.
• 8 жасқа толған балаларға және дене, сезу немесе ақыл-ой
қабілеті төмен, я болмаса тәжірибесі мен білімі жоқ адамдарға
осы құрылғыны басқа адам бақылап тұрған кезде ғана қолдануға
болады. Бұл адамдарға құрылғыны қауіпсіз түрде қолдану бойынша
нұсқама берілген және олар құрылғыны қолдануға қатысты
қауіптерді түсінген жағдайда, құрылғыны қолдануға болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға болмайды. Балаларға бақылаусыз
құрылғыны тазалауға және оған қызмет көрсетуге болмайды.
• Металл жүздер мен диск өте өткір, сондықтан ұстаған, тегешті
босатқан және құрылғыны тазалаған кезде аса абай болу керек.
Құрылғыны ұстаған немесе тазалаған кезде, жүз қосымшаларының
кесетін жақтарын өзіңізден әрі қаратып ұстаңыз.
• Кез келген қозғалатын бөліктерге тимеңіз.
ӨНІМНІҢ ҚОЛДАНУ МАҚСАТЫ
• Осы құрылғы тек тұрмыстық жағдайда қолданылуға арналған. Бұл
өнім коммерциялық жағдайда қолданылуға арналмаған. Өндіруші
басқару элементтерін дұрыс қолданбауға немесе дұрыс орнатпауға
жауапты болудан мүлдем бас тартады.
kz
it
69
69

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Hb 0801 up0

Table des Matières