Қолданысқа Енгізу - Bosch GLM 40 Professional Notice Originale

Masquer les pouces Voir aussi pour GLM 40 Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 37
288 | Қазақ
Пайдалану
Қолданысқа енгізу
Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз қалдырмаңыз және өлшеу құралын
u
пайдаланудан соң өшіріңіз. Лазер сәулесімен адамдардың көзін шағылыстыру
мүмкін.
Өлшеу құралын ылғалдан және тікелей күн сәулелерінен қорғаңыз.
u
Өлшеу құралына айрықша температуралар немесе температура
u
тербелістері әсер етпеуі тиіс. Оны, мысалы, автокөлікте ұзақ уақытқа
қалдырмаңыз. Үлкен температура тербелістерінің жағдайында өлшеу құралын
қолданысқа енгізбес бұрын оның температурасын дұрыс пайдаланыңыз.
Айрықша температуралар немесе температура тербелістерінің жағдайында
өлшеу құралының дәлдігі төмендеуі мүмкін.
Өлшеу құралын қатты соққыдан немесе құлаудан сақтаңыз.Сыртқы күшті
u
әсерлерден кейін электр құралының жұмысын жалғастырудан бұрын әрдайым
дәлдік тексерісін орындаңыз(қараңыз „Қашықтықты өлшеудің дәлдігін тексеру",
Бет 295).
Қосу/өшіру
– Өлшеу құралы мен лазерді іске қосу үшін өлшеу түймесін (2) [ ] қысқа мерзімді
басыңыз.
– Өлшеу құралын лазерсіз іске қосу үшін қосу-өшіру түймесін (5) [ ] қысқа
мерзімді басыңыз.
Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және тіпті
u
алыстан болсын жарық сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
Өлшеу құралын өшіру үшін қосу-өшіру түймесін (5) [ ] басып тұрыңыз.
Өлшеу құралын өшіргенде, жадтағы мәндер сақталады.
Өлшеу процесі (A суретін қараңыз)
Қосылғаннан кейін өлшеу құралы ұзындық өлшеу функциясында тұрады. Басқа
өлшеу функцияларын (4) [Func] түймесін басу арқылы реттеуге болады(қараңыз
„Өлшеу функциялары", Бет 289).
Өлшеудің негізгі деңгейі әрдайым өлшеу құралының артқы жиегі болады.
Өлшеу құралын өлшеудің қажетті бастапқы нүктесіне (мысалы, қабырғаға) қойыңыз.
Нұсқау: егер өлшеу құралы қосу-өшіру түймесінің (5) [ ] көмегімен қосылған
болса, лазерді қосу үшін өлшеу түймесін (2) [ ] қысқа мерзімді басыңыз.
1 609 92A 5DX | (27.01.2020)
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières