Қызмет Көрсету Және Тазалау - Bosch GBM 50-2 Professional Notice Originale

Masquer les pouces Voir aussi pour GBM 50-2 Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 29
Бұрғылау
– Электр құралын лазерлік крест көмегімен
дайындамамен туралаңыз.
– Электр құралын дайындамаға бекіту үшін магнитті
қосыңыз.
– Тік немесе еңіс жазықтықтарда немесе бас үстінен
бұрғылау кезінде электр құралын сақтандырғыш
таспамен бекітіңіз.
– Өлшенген айналу жиілігін орнатыңыз.
– Электр құралын қосыңыз.
– Бұрғылау үшін қол қос иінін (4) қажетті бұрғылау
тереңдігіне қол жеткізгенше біркелкі қозғалыспен
бұраңыз.
– Қажетті бұрғылау тереңдігіне жеткен соң, қол қос иінін
жетек блогы бастапқы күйге қайтқанша кері бұраңыз.
– Электр құралын өшіріңіз, қажет болса, сақтандырғыш
таспаны босатыңыз және лазер мен магнитті өшіріңіз.
Тасымалдау
– Барлық алмалы-салмалы аспаптар электр құралына
берік бекітілгеніне және бұрғылау кернінің алмалы-
салмалы аспап ішінде болмағанына көз жеткізіңіз.
– Желілік кабельді толықтай орап, байлап қойыңыз.
– Электр құралын әрдайым (3) тұтқасынан ұстап
көтеріңіз және тасымалдаңыз.
– Электр құралын жылжыту үшін еш жағдайда қос иінді
немесе жалғағыш сымды пайдаланбаңыз.
Техникалық және сервистік
қызмет көрсету
Қызмет көрсету және тазалау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Егер жалғағыш сымды алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс
тек Bosch компаниясында немесе Bosch электр
құралдары бойынша өкілетті қызмет көрсету
орталықтарында жүргізілуі тиіс.
Көмір қылшақтарды алмастыру
Көмір қылшақтарды алмастыру индикаторы: Электр
құралының тозған көмір қылшақтарына байланысты
өшірілуіне дейін 8 сағаттай уақытта көмір қылшақтарды
алмастыру индикаторы (14) қызыл түспен жана
бастайды. Электр құралын өшкенше пайдалана беруге
болады.
Электр құралын Bosch қызмет көрсету орталығына
жіберіңіз, мекенжайларды "Тұтынушыға қызмет көрсету
және пайдалану кеңестері" бөлімінен қараңыз.
Ешқашан тек бір көмір қылшақты алмастырмаңыз!
Нұсқау: тек Bosch компаниясынан сатып алынған,
өніміңізге арналған көмір қылшақтарды пайдаланыңыз.
Bosch Power Tools
– Көмір қылшақтардың қақпағын (1) жарамды
бұрауышпен босатыңыз.
– Серіппе қысымы астында тұрған көмір қылшақтарды
алмастырып, қаптама қақпақты қайтадан бұрап
қойыңыз.
Бағыттауыш шина қуысын реттеу (E1 − E3 суретін
қараңыз)
Егер электр құралы бұрғылау кезінде қатты дірілдесе
немесе бағыттауыш шинада қуыс көрінсе, бағыттауыш
шина қуысының енін реттеу қажет. Бұл алмалы-салмалы
аспаптың сынуына және электр құралының
зақымдалуына жол бермейді.
– Желілік ашаны розеткадан суырып алыңыз, алмалы-
салмалы аспапты және суыту сұйықтығының жүйесін
шығарып алыңыз және электр құралын берік, тегіс
және көлденең бетке қойыңыз.
– Бұрғы блогын (44) қол қос иінімен (4) саңылау
жоғарғы бұранда (45) үстінен орналасқанша жоғары
қарай бұраңыз.
– Сол жақ бағыттауыш шинаның жоғарғы бұрандасын
(45) алты қырлы дөңбек кілтпен (4 мм) (25)
босатыңыз.
– Бұрғы блогын қол қос иінінің (44)(4) көмегімен
толықтай жоғары қарай бұраңыз.
– Сол жақ бағыттауыш шинаның 3 астыңғы бұрандасын
(45) алты қырлы дөңбек кілтпен (4 мм) (25)
босатыңыз.
– 4 бұранданы (46) алты қырлы дөңбек кілтпен (3 мм)
(25) бұрап бекітіп, дәл сол уақытта бұрғы блогын (44)
қол қос иінінің (4) көмегімен жоғары немесе төмен
қарай бұраңыз. Бұл ретте қажетті қозғалыс күшін
реттеңіз.
– Бұрғы блогын толықтай жоғары қарай бұраңыз да, сол
жақ бағыттауыш шинаның 3 астыңғы бұрандасын (45)
алты қырлы дөңбек кілтпен (4 мм) (25) бұрап бекітіңіз.
– Бұрғы блогын толықтай төмен қарай бұраңыз да, сол
жақ бағыттауыш шинаның жоғарғы бұрандасын (45)
алты қырлы дөңбек кілтпен (4 мм) (25) бұрап бекітіңіз.
Лазерді реттеу (F суретін қараңыз)
Дәл бұрғылауды қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде
пайдаланғаннан кейін лазер сәулелерін тексеріп,
қажетінше қайта реттеу керек.
– Лазерді іске қосу үшін лазер ажыратқышын (7) "I"
күйіне басыңыз.
– Лазер қаптамасын (47) бұрап шығарыңыз.
– Ұстағыш қысқыштың (49) бұрандаларын сәл
босатыңыз.
– Бұранданы (50) тиісті бағытпен бұрау арқылы лазерлік
крестті оңға немесе солға қарай жылжытыңыз.
– Бұранданы (51) тиісті бағытпен бұрау арқылы лазерлік
крестті құралға қарай немесе құралдан ары қарай
жылжытыңыз.
– Бұрандаларды ұстағыш қысқышпен (49) қайтадан
бұрап бекітіңіз.
– Лазер қаптамасын (47) қайтадан берік бекітіңіз.
Қазақ | 209
1 609 92A 4S6 | (10.05.2019)

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières